Вироидтар. Вироидтардың вирионы жоқ. Олардың нуклеин қышқылы РНҚ қарапайым бір тізбекті болып, өсімдік клеткасында репикацияланады.
Алғашқы вироидтарды 1971 жылы Теодор О. Динер картоп түйнегінің ұршықтану ауруын зерттегенде тапқан.
1978 жылы Ю. М Шелудько мен В. Г Рейфман «Вироид- тар – патогендік жаңа класс» деген кітабында вироидтарға толық сипаттама берген. Олар тек қана нуклеин қышқылынан тұрады, вириондар түзбейді, антигендік қабілеті жоқ, молекула массасы аз, ферменттерге өте сезімтал, жоғарғы температураға шыдамды, инфекциялық қабілеті де жоғары. Бұларға жататын түрлер: хризан- тема гүлінің ергежейлі ауруының, қиярдың секпілді хлорозының, қияр жемісінің түссізденуінің қоздырғыштары.
Бұл аурулардың сыртқы белгілері вирус ауруларының белгіле- ріне ұқсас болады. Вироидтар тұқыммен, отырғызу материалдары- мен, механикалық жолмен тарайды.
Микоплазмалар.Микоплазмалар адамның жəне жануарлар- дың ауруын тудыратындығы бұрыннан белгілі, ал кейін олардың өсімдік қоздырғышы екені мəлім болды.
Микоплазмаларды алғаш 1967 жылы жапон ғалымдары элек- тронды микроскоп арқылы ергежейлі ауруға шалдыққан тұт аға- шының ұлпасын зерттегенде тапқан. Жануарлардың микоплаз- малары клетка сыртында орналасса, өсімдікте олар клетка ішінде болады.
Микоплазмалар бактерия мен вирустың аралығындағы топ. Олардың клеткалары домалақтау, ұзынша немесе гантел тəрізді. Сонымен қатар бір микоплазма организмі клеткаларының пішіні мен көлемі əртүрлі болады (52-сурет). Микоплазмаларда клетка қабығы болмай- ды, олар үш қабатты мембранамен қапталған. Клетка құрылысы мен жасанды қоректі ортада дамып көбеюі микоплазмаларды вирустардан айырады. Тығыз қоректік ортада олар майда өзіне тəн колониялар (бактерия сияқты) құра- ды. Олардың ортасы сарғыш болып, шет жағы ағарып тұрады. Микоплазма клеткаларында нуклеин қышқылдарының (РНҚ жəне ДНҚ) екеуі де, вирустарда нуклеин қышқылының бі- реуі ғана болады, ал рибосомдарының көлемі бактерия рибосомдарына жақын. Микоплазма-
лар бүршіктену немесе екіге бөліну арқылы көбейеді. Осы қасиеттері микоплазманың бак-