Өсімдіктердің кейбір формалары эволюциялық үдерісте өз бе- тінше өмір сүру қабілетін жоғалтқан. Бұл өсімдіктерді паразит немесе факультативті паразит деп атайды (жартылай паразит).
Қорек алатын өсімдікке орналасуына байланысты бұл пара- зиттерді екі топқа бөледі: өсімдіктің жер бетіндегі бөліктеріне (бұ- тақ, сабақ, т.б.) жəне өсімдіктің жер асты бөліктеріне (тамырға) тіркелетін паразитттер. Олар өсімдікке сорғыштарымен тіркеліп, өсімдіктен су мен қоректік заттарды алады (54-сурет).
54-сурет. Гүлді паразит өсімдік түрлері Көк (жасыл) жартылай паразиттердің өзгерген тамырлары жəне көкшіл жапырақтары бар. Бізде олар сабынкөктер тұқымдасына жататын түрлер: марьянник (Melampyrum), көздəрі (Euphrasia), қан- дыгүл (Pedicularis), сылдырмақ (Rhinanhus) тағы басқалары. Бұлар тамырындағы сорғышы арқылы басқа өсімдіктердің тамырларына тіркеліп, оларға зиян келтіреді.
Залалданған өсімдік тамырлары мүлдем жойылып, тек жапы- рақтары қалады, сондықтан оларда ассимиляция үдерісі сақталған. Бірақ хлорофилі жоқ паразиттерге ауылшаруашылық дақылдары- ның зиянды паразиттері сары шырмауықтың түрлері, сұңғылалар тағы басқалары жатады. Кейбір шырмауықтардың тамыры, жапы- рағы, сабағы түгел өзгергендіктен ассимиляция үдерісі түгел жо- йылған.