Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


-сурет. Вирусты аурулардың сыртқы белгілері



бет91/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya
Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.10-апта,10-зертханалық жұмыс тапсырмасы, №2-3 зертханалық сабақ. ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ВИРИОНДАР МЕН ВИРУС ДЕНЕШІКТЕРІН АНЫҚТАУ (1), КАК ГОВОРИЛА МОЯ АЖЕКА, kniga molek, kniga molek, kniga molek, 7 апта практикалық тапсырма Маргулан Нургүл, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, Саясаттанудың функциялары, тарих семинар3, Тракторлардың ілініс муфтасы мен беріліс қорабы, macro sabak, Бимаканова зылыйха шахметовна
51-сурет. Вирусты аурулардың сыртқы белгілері

Егер жапырақтың, жемістің, гүлдің жəне т.б кейбір ұлпалардың өсуі біркелкі болмаса, онда бұл мүшелерде (органдарда) деформация (қыртысты мозаика, жапырақ бұйрасы, жіпшеленіп жіңішкеру, же- міс деформациясы т.б.) болады.


Некрозды залалданған мүшеде (органда) ұлпаның бөлігі қурап дақ, сақина, теңбіл жолақ тəрізді болып көрінеді. Кейде жапырақтар, өркендер, өсу нүктесі мен өсімдік тұтас қурап қалады.
Некроздар өсімдік жемісінде, түйнегінде, тұқымында болуы мүмкін. Аурудың даму үдерісінде сыртқы белгілер өзгеруі мүмкін, ал кейде бір ауру бірнеше белгі береді: мозаика мен ергежейлік, мозаика мен жеміс деформациясы.
Кейде залалданған өсімдік сыртқы белгі бермейді, мұндай ви- рустарды латентті (жасырын) деп атайды.
Аурудың сыртқы белгілерінің білінуіне сыртқы ортаның жағ- дайлары (температура, ылғалдылық, жарық) əсер етеді.
Вирустар клетка ішінде оның жағдайына байланысты өзгеріп тұрады. Мысалы, теңбілді мозаиканың вирусы əдетте жасыл, ал температура көтерілсе (32-350С) ақ немесе сары түсті болады, ал картоптың сары ергежейлі ауруының белгілері 160С температурада білінбейді, егер температура 200С асса бұл белгілер анық көрінеді.
Жылыжайларда температура мен жарықтың қалыпты тəртібі бұзылса, онда қызанақта стрик ауруының белгісі байқалып, ал қа- лыпты жағдайда мозаика түрінде білінеді.
Кейбір абиотикалық факторлар (температура, жарық, пестицид, қоректік заттар) жетіспесе немесе артық болса, өсімдік вируспен ауырғандай белгі береді, сондықтан ауру себебін білу үшін зерт- ханалық (лабораториялық) талдау (анализ) жасау керек.
Вирус ауруларын анықтаудың бірнеше тəсілі бар.
Көзбен шолып байқау (макроскопиялық) əдісі – ең тез əдіс. Бірақ вирус ауруларының белгілері түрлі жағдайда ауысып отыра- тын болғандықтан бұл анықтауды алғашқы анықтау деуге болады. Сонымен қатар вирус ауруларының белгілері басқа аурулардың белгілеріне ұқсас келеді.
Инфекциялығын анықтау əдісі – ол үшін залалданған өсімдік- тен ауруды сау өсімдікке егіп, сондай белгі алу керек. Вирустың таралу, залалдау ерекшеліктеріне байланысты инокуляция əдісін қолданады. Ең қарапайым əдіс ауру өсімдіктің шырынымен ино- куляция жасау. Бұл əдіс тек қана жанасу – механикалық əдіспен таралатын вирустарға қолдануға болады. Сонымен қатар вирусқа əсер ететін жағдайлардың барлығын ескеру керек, себебі кейбір ви- рустар өсімдік сығындысында инфекциялық қасиетін сақтамайды.
Анықтайтын өсімдік бөліктерін фарфор келіде езіп, оған 0,1мл фосфат буферінің ерітіндісін жəне 0,1% натрий сульфатын қосады. Жақсы майдалау үшін келіге аздап жуылған құм қосады. Екі қабат дəкеден өткізген шырынды тез қолдану керек. Ол үшін залалдай- тын өсімдік жапырағына карборунд ұнтағын сəл себеді, сонан кейін саусақпен немесе мақта түйіршігімен шырынды уқалап жапыраққа енгізеді. Карборунд ұнтағы жапырақтың қабығын зақымдап, шы- рынның енуіне себеп болады.
Залалданған өсімдіктерді изоляторға қойып ауру белгілерінің пайда болғанын күтеді. Инкубациялық кезең вирус түріне қарай 3-30 күнге дейін созылады. Ауру белгілері залалданған жапырақ- тарда жəне жаңа өсіп келе жатқан өсімдік бөліктерінде байқалады.
Телу əдісімен барлық вирустар таралады. Зерттейтін өсімдіктерді телінуші немесе телітуші ретінде пайдаланады. Сау өсімдікке ауру өсімдіктің басын теліп немесе ауру өсімдікке сау өсімдіктің басын телісе, онда 3-5 тəуліктен кейін жас жапырақтарда ауру белгілері пайда болады. Белгілер болмаса, онда ауру инфекциялық емес болғаны.
Кейде вирустарды анықтау үшін насекомдарды пайдаланады. Олар аурудан сау болуы керек. Ол үшін ауруға шалдықпаған өсімдіктен біте мен цикадаларды жинайды да, бөлек изолицияда тұрған өсімдіктерге қондырады (көбейту үшін). Содан кейін бұл насекомдарды ауру өсімдікке қондырып, белгілі уақыт сонда ұс- тайды. Бұл уақыт инфекцияның таралу қасиетіне байланысты бір- неше минуттан бірнеше тəулікке созылады. Осы насекомдарды сау изоляцияда тұрған өсімдіктерге қондырып вирус ауруының белгі- сін күтеді.
Серологиялық əдіс – өсімдік вирустарын анықтауда кең қол- данылады. Бұл əдістің негізі мынада: жануар организіміне бөтен белок енгізгенде, оның организмінде ерекше белокты денелер (ан- тидене) пайда болады. Олар бөтен белокты байланыстырып, тұнба түзіп, организмге зиянсыз күйге келтіреді. Осы қасиет жануарлар- дың ауруға қарсы иммунитетіне байланысты. Антидене құрылуы- на себеп болатын заттарды антиген деп атайды. Антиген мен антидененің арасындағы реакцияны серологиялық реакция деп атайды (лат. Serum – сарысу).
Антиденелердің қасиеті:

  • ерекшелігі өте жоғары болғандықтан, реакцияда тек қана өзін шығарған антигендермен немесе жақын туысқандық қоспамен байланысады;

  • сезімділігі өте жоғары болғандықтан, антигеннің саны аз болса да онымен байланысады;

  • олар өте көп мөлшерде түзіп, антигенді бейтараптайды, ар- тық қалуы да мүмкін;

  • антигенмен тек қана жануардың организмінде ғана емес, одан бөлектенгенде де байланысады.

Серологиялық əдіс антидененің осы қасиетіне байланысты бо- лады. Вирустарды жануар қанына енгізгенде (қоян, жылқы жəне т.б.) қан плазмасында осы вирусқа тəн антиденелер көбейіп түзіледі. Өсімдікте вирустың бар-жоғын анықтау үшін осы өсімдіктің шырынын залалдаған жануар қанының сарысуымен араластыра- ды. Егер өсімдікте вирус жоқ болса, қосылым біркелкі лайланады, ал бар болса, онда антидене мен антигеннің арасындағы реакция
нəтижесінде жапалақ тұнба түзіледі (преципитат).
Серологиялық реакциялардың ең оңайы – Дунин мен Попова- ның тамшы əдісі. Ол үшін зат əйнегінде бір тамшы өсімдік шырынымен бір тамшы диагностикалық сарысуды қосады, екінші əйнекте бір тамшы өсімдік шырыны мен бір тамшы сау малдың сарысуын (бақылау сарысуы) араластырады. Егер вирус бар болса, бірінші əйнектегі құрылымда тұнба болады, ал жоқ болса екінші əйнектегідей лай болып тұрады.
Индикатор – өсімдіктер əдісі. Вирус залалдағанда анық белгі беретін өсімдікті қолданады. Индикатор өсімдіктер қоздырғышты тез қабылдап, икубациялық кезеңі қысқа болып, анық ауру белгіле-
рін беру керек. Ол үшін бұл өсімдіктерді бөлек өсіріп, диагностикаға 3-4 жапырағы бар өсімдік алынады. Анықталатын өсімдік шырыны- мен залалдап, 3-4 апта бойы оларды бақылауға алу керек. Бұл əдісте индикатор өсімдіктерді арнайы өсіруге қосымша шығын шығады.
Электронды микроскопия əдісі. Электронды микроскоппен ви- риондардың пішіні мен көлемін табу арқылы оларды анықтайды.
Клетка ішіндегі түзілімдер əдісі. Кейбір вирустар клетка ішінде өзіне тəн түзілімдер (кристалдар) құрады. Олар жарық микроскоптан жақсы көрінеді. Кристаллдар көбінесе жапырақтың, сабақтың паренхима клеткаларында түрлі пішінді (ине, ромб, жіпше) болып келеді. Қазіргі кезде түзілімдер арқылы 64 ауруды анықтауға болады. Түзілімдерді қышқыл фуксинмен бояу арқылы қызыл күлгін түске боялған кристаллдарды анық көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет