1-тапсырма. А) Тәжірибелік жұмыс.
Мақсаты
Нәруыздардың қасиеттерін зерттеу
Қажетті құрал-жабдықтар:
тұрғы, сынауықтар, тамызғыш сүзгіш, құты, қыздырғыш, жұмыртқа нәруызы ерітіндісі (жұмыртқа ақуызы+дистилденген су), этил спирті , су
Жұмыстың орындалуы:
-
Спирттің нәруызға әсері. Сынауыққа этил спиртін, үстіне 1 мл-дей нәруыз ерітіндісін қосыңдар. Сонда тұнба түзіледі. Тұнбаға су қосып араластырыңдар. Тұнба ерімейді.
-
Нәруызды қыздырғанда ұюы (денатурациясы). Жұмыртқа нәруызының ерітіндісін сынауыққа құйып алып, қайнағанға дейін қыздырыңдар. Су қоссаңдар тұнба ери ме? неліктен тұнбаның ерімейтінін түсіндіріңдер.
Реакцияның жүру барысы
Қорытынды
Достарыңызбен бөлісу: |