Сары шырмауық – арам сояу (Сuscuta)
Сары шырмауықтың 30 жуық түрі белгілі (55-сурет). Бұлардың барлығы ішкі карантин объектісі болып табылады. Шырмауықтар бір жəне көпжылдық шөптер, бұталар, ағаштар, жүзім, көкөніс, бау- бақша, жеміс-жидек, т.б. өсімдіктердің паразиті.
55-сурет. Сары шырмауық
Олар өсімдікте паразит болып өмір сүріп, су мен қоректік заттарды сорып алып, өсімдіктердің өніп-өсуіне кедергі жасайды. Тез дамып, көбейіп, жайылып, таралып, өсімдіктің қурауына да себеп болады. Ауру өсімдіктен вирустар шырмауық арқылы сау өсімдікке таралуы мүмкін. Сары шырмауықтың денесі жіңішке жіпше тəрізді, түсі сары, қызыл-сары. Ол өсімдіктің сабағын орап өсіп, өсімдік үстінде сары жамылғыш тəрізді орналасады.
Вегетация кезеңінде сары шырмауық егісте таралып, кең көлем алуы мүмкін. Ал көпжылдық өсімдіктерде (жоңышқа) шырмауық жылдан жылға өсе береді. Жазға қарай сары шырмауық топталған ақ, қызғыл сары түсті гүлдер тобын құрады. Қауыз ішінде көпте- ген майда, түрі сұр немесе қызыл-қоңыр тұқым түзеді. Залалданған өсімдіктің өсуі саябырлап, өнімі азаяды. Көптеген өсімдіктер шыр- мауық əсерінен буынып, қурап қалуы да мүмкін.
Сары шырмауық мəдени өсімдіктердің тұқымы, жануарлар, ма- шина, су, жел жəне көң арқылы таралады.
Шырмауық түрлері сабағының, гүлінің ерекшелігі жəне белгілі өсімдіктерде паразит болуымен ажыратылады.
Шырмауық жемісі – қауашақ оның ішінде 2-5 тұқым болады. Тұқым қабығы қатты, бұдырлау. Ұрығы тұқымжарнаққа бөлінбе- ген, тамыры мен сабағы иректеліп оралған жіпше тəрізді, ол қоймал- жың белок массасына батып тұрады.
Сары шырмауық тұқымы 5-15 күннен кейін өнеді. Тұқым өнерде иректеліп оралған ұрық жазылады, оның жуандау басы (құндақталмаған, түссіз қылшығы бар) топыраққа еніп, су сіңіреді. Екінші ұшы тұқым қабығынан босап, тіке жоғары көтеріліп оңға қарай өсіп, ие-өсімдікке оралып өрлей бастайды. Сонымен қатар гаусторийларын өсімдікке енгізіп, қоректі заттар мен суды өзіне тарта бастайды. Паразит өте тез өсіп дамиды. Бір тұқымнан диа- метрі 6 м-ге дейін шырмауық қоры өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |