немесе пикнидалы қатар (Pycnidiales)
Саңырауқұлақ конидиялары пикнида ішінде түзіледі. Конидия пішіні шар немесе алмұрт тəрізді. Пикнида ішінде конидиядан бас- қа шырышты зат жиналады да, ылғалды ауа райында ісініп, сыртқа ұзынша таспа тəрізді болып шығады (43-сурет).
43-сурет. Пикнида жəне пикноспоралар
Пикнидалар ұлпаға батып немесе оның сыртында орналасады. Саңырауқұлақтың көпшілігі сапротрофтар, бірақ паразитті түрлері де болады. Олар дақ, некроз, солу, ауруларын қоздырады.
Сферопсидтер тұқымдасы – Sphaeropsidaceae. Пикнидалары қо- ңыр шар тəрізді, қатты субстратқа батып немесе бос орналасады (44-сурет).
1 2 3 4
5 6 7
Достарыңызбен бөлісу: |