Меланконий қатары (Melanconiales)
Қатардағы саңырауқұлақтардың конидиялары «ложе» деп ата- латын төсеніште түзіледі (42-сурет). Ложе тегіс, ойық немесе дөңес болады. Ложеның түбінде қысқа конидия тасушы үстінде бір не- месе көп клеткалы конидиялар жеке-жеке немесе тізбектеліп түзі- леді. Олардың пішіні əртүрлі болады. Ложе субстратқа батып орна- ласып жоғарғы бөлігі (беті) кутикуламен, эпидермиспен, перидер- мамен жабылып тұрады. Бұл саңырауқұлақтар дақ, антракноз ауруларын туғызады.
42-сурет. Melanconiales қатарында түзілетін «ложе» төсеніштер
Меланконий тұқымдасы – Melanconiaceae. Саңырауқұлақтар- дың конидиялары бір немесе екі клеткалы болады.
Colletotrichum туысының конидия тасушылары қысқа, бұрал- ған, конидиялары сопақша немесе жұмыртқа тəрізді, бір клеткалы ложе айналасында қылтаңы бар. Бұл саңырауқұлақтар түрлі өсім- діктердің антракноз ауруын қоздырады.
Gloeosporium туысының саңырауқұлақ ложелары қылтаңсыз ко- нидиялары жұмыртқа тəрізді, түсі ашық, бір клеткалы. Қарақат, таң- қурай, жүзім т.б. дақылдардың антракноз ауруын қоздырады.
Marssonina туысының ложесы қоңыр, конидиялары ашық түсті, екі клеткалы M. potentillae (Desm) Magn. f.fragaria Ohl. Бүлдірген жапырағының қоңыр дағын қоздырады.
Достарыңызбен бөлісу: |