Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Бактериялар өсімдік ауруларының қоздырғыштары



бет84/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Бактериялар өсімдік ауруларының қоздырғыштары. Таби- ғатта 1600 жуық бактерия түрлері бар. Олардың көптеген түрлері қалдықтарды шірітіп, ыдыратып пайда келтіреді. Кейбіреулері адамдар (тиф, туберкулез, т.б.) мен жануарлардың (бруцеллез, ту- беркулез, т.б.), басқалары өсімдік ауруларын қоздырады. Бактерия əсерінен туатын ауруды бактериоз дейді.
Өсімдіктердің 200-ден аса бактериоздары белгілі. Фитопато- генді бактериялар өсімдікті егістікте жəне қоймада залалдап, ауыл шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіреді. Мысалы, қара мой- нақ, сақиналы шірік ауруларынан қоймада картоп түйнегінің 40- 50% шіріп, жойылады. Бактериялардың көкөніс, жеміс-жидек, тех- никалық дақылдарға зияндылығы жоғары. Сондай-ақ бактериялар орман ағаштарын да жиі залалдайды.
Фитопатогенді бактериялар басқа бактериялар сияқты бір клет- калы прокариот организмдер. Олардың нағыз ядросы болмайды.
Бактериялар дайын органикалық заттармен қоректенетін гете- ротрофтар. Бактериялы клетканың ұзындығы – 1-3 мкм, ал көлде- неңі – 0,3-0,6 мкм. Фитопатогенді бактериялардың көпшілігі қысқа таяқша пішінді болып келеді. Олар жеке-жеке, қосақталып немесе тізбек құрып түзілуі мүмкін.
Бактериялардың көбеюі қарапайым, яғни аналық клетканың екі- ге бөлінуі арқылы өтеді. Қолайлы жағдайда бактерия əр 20 минут сайын бөлініп, жаңа бактерия клеткалары түзіледі.
Фитопатогенді бактериялардың қозғалмайтын жəне қозғалма- лы түрлері болады. Көпшілігі қозғалмалы болып келеді. Қозғалыс бактерия үстінде орналасқан талшықтары (өскіндері) арқылы іске асырылады. Талшықтардың орналасуына байланысты бактериялар- ды үш топқа бөледі: монотрихтар – талшық бактерия клеткасының бір ұшында; лофотрихтар – талшықтары бактерияның қарама- қарсы ұшында жеке немесе топтасып орналасқан; перитрихтар – талшықтар бактерия клеткасының бетін түгел қамтып орналасқан (46-сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет