34-сурет. Эций мен эциоспоралар
Эциоспоралар өсімдіктің жапырағында, өркенінде, сабағында əртүрлі эцийлерде түзіледі. Эцийлердің пішіні табақша тəрізді – кəдімгі эций, перидий жоқ эцийлер – цеома, ұзын перидий бар эцийлер – рестелий, домалақ перидий бар эцийлер – перидермиум. Эциоспоралардың түсі сары, қызыл-сары болады. Олар дикариотты жіпшелерді көбейтіп, одан урединий мен бір клеткалы урединио- споралар түзіледі (35-сурет).
35-сурет. Урединий мен урединиоспоралар
Вегетацияның соңына қарай урединийдің орнына телийбөрт- пелер мен телиоспоралар түзіледі. Телиоспоралардың түсі қоңыр- лау, бір, екі, көп клеткалы болады. Қыстап шыққан телиоспоралар базидияға өніп, бір клеткалы базидиоспора береді (36-сурет).
Кейбір тат саңырауқұлақтары жартылай (толық емес) циклмен дамиды. Мысалы, бидайдың сары татының қоздырғышы – (Puccinia striiformis West. cин. Puccinia glumarum Schm.) жартылай циклмен дамып, тек урединиоспоралармен таралады. Урединий жіпшелері күздік бидайдың жапырағында қыстайды да, көктемде сол жер- де урединий мен урединиоспоралар түзіліп, ауру жаздық бидайға көшеді. Орақтан кейін ауру қайта күздік бидайға көшеді. Тат саңы- рауқұлақтарының 7000-ға жуық түрлері бар.
1 2
Достарыңызбен бөлісу: |