37-сурет. Тат саңырауқұлағының даму кезеңдері
Телий кезеңі арша бұтағында ісік түзіп, бұталар қисайып өсе- ді. Базидиоспоралары раушан гүлділердің жапырағын залалдап он- да эцийлер түзеді. Эциоспоралар арша бұтағын залалдап, көпжыл-
дық жіпше береді. Бұл жіпшелер бұтақ қабығында қыстап, инкуба- циялық кезеңі екі жылға созылады. G. tremelloides Hartig. – алма ағашында, ал G. sabinae Wint – алмұрт ағашында тат ауруын қоз- дырады. Бұл саңырауқұлақтардың нағыз иесі арша.
Tranzschelia туысы орыс микологі Траншельдің атымен атал- ған. Бұл туысқа жататын түрлер əр иелі. Телиоспоралары екі клет- калы қоңыр, сүйелді, ортасында пердесі бар. T. pruni-spinosae (Pers.) Diet. саңырауқұлағы қара өріктің тат ауруын қоздырады.
Мелампсора тұқымдасы – Melampsoraceae. Бұл тұқымдастағы саңырауқұлақтардың телиоспоралары бір клеткалы, бір-бірімен ір- гелесіп орналасады. Ең зиянды өкілдері мелампсора жəне кронар- циум деген екі туысы бар.
Melampsora туысына жататын саңырауқұлақтар залалданған мүшеде қабыршақты қыртыс түзіп, ол қабырғалармен іргелесіп, тіркескен бір клеткалы телиоспоралардан тұрады. M. lini Desm. түрі зығырды залалдайтын қоздырғыш, бір иелі, толық циклды дамиды.
pinitorqua Rostr. – əр иелі толық циклды. Нағыз иесі – көк терек пен ақ терек, ал аралық иесі – қарағай.
Cronartium туысына жататын саңырауқұлақтардың телиоспор- лары тізбектеліп түзіледі, бұл тізбектер бір-бірімен іргелесіп, за- лалданған мүшенің бетінде бағана құрады. C. ribicola Ditr. түрі қарақаттың бағаналы татын қоздырады, əр иелі, толық циклды, ара- лық иесі – қарағай. C. flaccidum Wint. – қарағайдың шайыр рагының қоздырғышы нағыз иесі – шытырлақ пен таушымылдық болады.
Достарыңызбен бөлісу: |