Паталогиялық-анатомиялық өзгерістер.
Өлексені сойғанда тері асты
шелінің сарғайғаны, жүрек пен сірілі қабықтарының шашыранды қаңталауы
байқалады. Қан тамырларын кескенде қою қара қошқыл қан шығады. Қарын-
да эдетте аздаған ғана желінген жемшөп болады. Сиырдың алдыңғы қарын-
дарында зат алмасуының бұзылуы салдарынан эр түрлі жеуге жарамсыз
заттар (сүйек, тас, темір, т.б.) болады. Жалбыршақ қарын құрғап* нығыздана-
ды. Аш ішектің, кейде тоқ ішектің, кілегейлі қабықтарында катарлы-геморра-
гиялық қабыну байқалады. Тік ішекте нығыздалған, жалқақтанған нэжіс
болады. Бүйрек, бауыр жэне көкбауырдың ұлпасы әдетте ешбір өзгеріссіз, тек
күзен мен қүстарда толық қанды болады. Өкпесі домбығып, ауру асқынғанда
пневмония мен гангрена байқалады. Ми домбығып, кейде қан тамырларының
маңайы талмаурап түрады.
Балау.
Ауруды балау үшін індеттанулық жэне клиникалық деректерді
ескеріп, уланудың себебін анықтайды. Диагноз қою үшін бактериологиялык
тексеру жүргізіп, аурудың қоздырушысын бөліп алады және ботулизмнің
токсинін анықтайды. Ондай зерттеу үшін зертханаға қарынды 100-200 мл
ішіндегісімен, үлпершек ағзалардың бөліктерін және .100 г кем емес күдікті
мал азығын жібереді. Материалды консервілемей мүз салынған термоспен, ал
азықты жарық өткізбейтін ыдысқа салып, кептіріп алмай жібереді.
Диагноз қойғанда топалаңнан, құтырықтан, стахиоботриотоксикоздан,
өсімдіктермен, қорғасын түздарымен уланудан, бүзаулағаннан кейінгі салда-
нудан, ми мен жүлынның қабынуынан, афосфороздан жэңе В1 авитамино-
зынан, қүста Ньюкасл ауруынан және Марек ауруынан ажырату керек.
Емі
негізінен симптоматикалық. Қарынды көмірқышқыл содасымен
жуып, іш жүргізетін дәрілер береді, жылы клизма қояды. Глюкоза мен кофеин
жіберіп, ауызын калий перманганатымен жуады. Аурудың бастапқы кезеңінде
көктамырға көп мөлшерде ботулизмге қарсы антитоксиндік қан сарысуын
жіберу (жылқыға 600-900 мың халықаралык бірлік) жақсы нэтиже береді.
Иммунитет.
Ботулизмге қарсы иммунитет антитоксиндік сипатта бола-
ды. Белсенді иммундеу тек күзенде ғана қолданылады. Ол үшін формол ашу-
дасты анатоксин вакцина жэне ассоцияцияланған ботулизм мен пастереллезге
қарсы вакцина пайдаланылады. Иммунитет 2-3 аптадан кейін қалыптасып, 12
айдан астам уақыт сақталады. Антитоксиндік қан сарысуы жібергеннен кейін
6-7 күн аурудан сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: