Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі
2-3 күн. Ішекте өсіп-өнген
саңырауқұлақ оны тесіп өтіп, мицелийлері алғашында жэндіктің басында
пайда болып, кейін бүкіл денесін жауып кетеді. 10-12 күн ішінде балапан құрт
өледі. Өлген балапан құрттар күңгірттеніп, сарғая бастайды, тобарсып, қүрғап
қаттылығы тастай болады, сондықтан да ауру «өсіннің қатуы» деп аталады.
Балапан кұрттың бас жағы арт жағына қарағанда тез кебеді де, бастапқыда
басы қайқайып, кейіннен қайта түзеледі. Дененің үстіңгі қабатында саңырау-
құлақ спора түзеді де, эртүрлі саңырауқүлақтың спораларының түсіне байла-
нысты балапан қүрттың да түсі күңгірт, сарғыш, қара, сұрғылт-жасыл немесе
басқаша болады. Жабық балапан қүрттар да зақымданады. Онда үяшық қақ-
пағы бүлініп, оның пішіні мен түсі өзгереді. Балапан құртты суырып алғанда
ұяшықтың түбінде саңырауқұлақтың өскені білінеді. Мицелийлер басқан ба-
лапан құрт ұяшыққа жабысып қалады.
Ауруға шалдыққан ересек ара бастапқыда әлсірейді. Саңырауқүлақ жіп-
шелері ара денесінің бунақаралық перделерін тесіп өтеді, басы мен құрсағын-
да споралар түзеді, Ішек ішінде споралар өніп, саңырауқұлақтар жедел же-
тіліп, одан бүкіл ішкі ағзаларға, бүлшық етке тарайды. Алдымен араның құр-
сағы, содан кейін кеудесі қатаяды. Ересек аралар омартаның ішінде немесе
маңайында өліп жатады.
Балау. Аспергилезге күдік туғанда барлық ұяларды мүқият қарап, ауру-
дың шығу мүмкіндіктерін тексереді. Егер негізінен балапан құртгар зақымда-
нып, олар үяшықта денесі созылып, жасыл-сарғыш тартыгі, қатып қалса, онда
асгіергиллезге күдіктенуге болады. Диагнозды зертханалық зерттеумен тұжы-
рымдайды. Ол үшін өлген балапан қүрттар мен қуыршақтар бар кәрездің
10x15 см кесегін алып, ағаш жэшікпен зертханаға жібереді. Зертханада өлген
балапан қүртты Петри шыны тостағанына салып микроскоптың кіші үлғай-
туымен дененің үстінде болатын өзгеше тозаңды көру үшін қарайды. Содан
соң Чапек агарына егеді де, 25-30°С-та өсіреді.
Д ауалау
және күресу ш арал ары . Араларды дұрыс күііц, қоректендіру
оларды ауруға төзімді етеді. Аспергиллезді жою үшін саңырауқұлаққа шал-
дыққан, зақымданған балапан құрттар бар кэрездерді ауыстыру қажет. Омар-
таларды қүрғақ жапқыштармен жауып, қымтайды. Аралардың қорегін жақ-
сартады.
Аспергиллез адам үшін де қауіпті, сондықтан бұл ауру шыққанда омар-
тадағы жұмыскерлер бетіне ылғалды дэке орап, жеке бастың гигиеналық та-
лаптарын мүқият орындаулары керек.