калық білінуіне байланысты симптоматикалық ем (жүректің, ас қорыту мүше-
лерінің, жүйке жүйесінің қызметін дүрыстайтын, су-минерал алмасуын жақ-
сартатын) қолданудың маңызы зор.
Дауалау және күресу шаралары.
Листериозды болдырмау үшін шеттен
экелінген малды бүл аурудан сау шаруашылықгардан ғана алу керек. Жем-
шөптің, әсіресе, сүрлемнің сапасы үнемі бақыланып, кемірушілермен күрес
жүргізіледі.
Листериоз байқалған шаруашылықты сау емес деп жариялап, оған шек-
теу қойылады. Шектеудің шарттары бойынша малды әкелуге рүқсат етіледі.
Лажсыз сойылған малдың қасап өнімдерін шикідей шетке шығаруға бол-
майды. Тек қана ет комбинаттарында өңдеу үшін әкетуге болады. Листерия-
лармен былғануы мүмкін жемшөпті, сүрлемді шетке шығаруға болмайды.
Листериоз шыққан
фермада малдарды жаппай қарап, ішінара ыстығын
өлшейді. Орталық жүйке жүйесінің зақымдану белгілері бар ауырған мал-
дарды бірден союға жібереді. Ауруы күдікті жэне ауру малдарды оқшаулап,
емдейді. Листерия алып жүруші жэне ауруы жасырын жануарларды анықтау
үшін жаппай қан алып, АР мен КБР бойынша тексереді. Оң нәтиже берген
малдарды да бөліп алып емдейді. Барлық қалған шартты түрде
сау жануар-
ларды АУФ штаммынан жасалған вакцина егілмесе бірден, жемге антибио-
тиктер қосып береді.
Ауру мал тұрған қораны 3% күйдіргіш натрий ерітіндісі, 5% ксилонафт
эмульсиясы, 6% креолин, 2% белсенді хлоры бар хлорлы эк тұнбасымен
дезинфекциялайды жэне дератизация шараларын іске асырады.
Сауықтырылған шаруашылықтан соңғы ауырған мал жазылған соң 2 ай
өткенде қорытынды дезинфекция мен дератизация жүргізіп барып, шектеу
алынады.
Атаулар мен ұғымдар
Листериоз, Listeriosis, Listeria monocytogenes, АУФ вакцинасы
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мэліметтер:
ауру-
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше-
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары,
патологоанатомиялық өзгерістер,
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
2. Листериоз қоздырушысының берілу факторы ретінде сүрлемнің қан-
дай маңызы бар?
3. Листериоз қоздырушысы неліктен monocytogenes аталады, бұл ауру
кезінде қандай жануарларда моноцитоз байқалады?
Тапсырма
Мал азығын даярлап, саудалайтын ірі шаруашылықта арнаулы ыіүңқыр-
ларда сүрлем, қоймаларда арпа, сұлы жэне аралас жем (комбикорм) сақтала-
2 0 5
ды. Бұл қоймаларда тышқандар мен егеуқұйрықтар көбейіп, сүрлем
мен жем
алатын шаруашылықтарда сиыр мен қойлардың арасында листериоз байқал-
ды. Бұл жағдайда мал азығын даярлайтын шаруашылық қандай шаралар
қолдануы тиіс жэне өнімдерін қалай саудалайды? Жүргізілетін шаралардың
жоспарын жасап, шаруашылықтың қиыншылықтан шығар жолдарын көрсе-
тіп, нақты ұсыныстар беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: