Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет335/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Дерттенуі. 
Алиментарлық жолмен денеге енген эшерихиялар адгезиялық 
қасиеті арқасында ішектің эпителийіне жабысады. Бүл қасиеті негізінен; 
фибрилалар немесе фимбриялар деп аталатын жгутиктен (жіпшеден) де, 
жіңішке құрылымдар арқылы іске асады. Бүл қүрылымдардын қызметі эр 
алуан. Пили, немесе секс-пили аталатын қысқа фимбриялар микробтардың 
конъюгациясын іске асырады. Конъюгация кезінде генетикалык материал -
ДНҚ 
тізбегі (коньюгациялық, плазмид) Ғ+ аталық микробтан F" аналық мик-
робқа өтеді. Сонымен қатар пили фаг үшін рецептор болады жэне бактери- 
яның адгезиялық қасиетін іске асырады. Микробтың адгезиялығы арнаулы 
фимбрияларда орналасқан адгезиялық антигендер арқылы камтамасыз. етіледі. 
Адгезиялык антигеннің көмегімен эшерихияларға ішек эпителийіне жабысып, 
орын тебеді. Бүл құбылыстың дерттену процесіндегі маңызы өте зор.
Ішекке жабысқан эшерихиялар тез өсіп-өніп, эртүрлі улы заттар бөліп 
шығарады. Бүл заттар ішекті тітіркендіріп, оның сіңіру қасиетін тежеп. секрет 
бөлуін күшейтеді (гиперсекреция). Ішектің ішіндегі сұйық көбейіп, оның 
осмостық қысымы төмендейді. Бүның нэтижесінде электролиттер кілегейлі 
қабықтардан ішек қуысына өтеді. Одан рецепторлар тітіркеніп, ішектің мото-: 
рикасы күшейеді. Сұйық масса ішек бойымен тоқтаусыз жылжып, толассыз
іш өтеді. Нэтижесінде төл организміндегі су мен минеральді түздар азаяды. 
Микробтар жэне олардың токсиндері қанға өтіп, организмде септицемия, 
токсикоз процестерін тудырады.
Өтуі жэне симптомдары. 
Колибактериоз энтерит, энтеротоксемия ж эне; 
септицемия түрінде өтеді. Энтерит түрінде негізінен ішектер мен шажырқай! 
сөл түйіндері закымданып, ауырған төлдің іщі толассыз өтеді. Септицемия,: 
яғни өлітиген түрі кезінде қоздырушы микроб қанға өтіп, онда шамадан тыс ■
көбейіп, ауруға шалдыққан мал тез арада, бір тэуліктің аржақ-бержағында: 
өліп кетеді. Аралық, энтеротоксемиялық түрі кезінде микроб ішектер мен сөл 
түйіңдерінде қауырт көбейіп, қанға олардың токсиндері түседі де, ішектердің 
қабынуына дененің жалпы улануы қабаттасады. Аурудың бүлай өтуі торай- 
ларда, әсіресе, енесінен бөлінген кезеңде, жиі байқалады. Мүңдай жағдай 
торайлардың "домбығу ауруы" деген дербес атауға ие болды, ал қүлындардык 
буындары ісініп, ауру "шор буын" атанды.
420


Колибактериоз 
аса жіті, жіті
жэне 
жітіден төмен
өтеді.
Аса жіті
өтуі туғанына бірер күн болған төлде байқалады. Ауырған мал 
өте әлсіреп, дел-сал күйге түсіп, өлітиген белгілері білінеді. Ыстығы 41,5- 
42°С-ка жетіп, тамырының соғуы мен тынысы жиілеп, көзге көрінетін кіле- 
гейлі қабықтарын қан кернеп, кейде іші өтеді. Мал ес-түссіз халге түсіп, 1-2 
күн ішінде өледі.
Ж іті
өтуі әдетте 3-7 күндік төлде байқалады. Мұндай жағдайда малдың 
іттті толассыз өтіп, организмнің сусыздану белгілері байқалады, денесі құрыс- 
танып, дел-сал күйге түседі. Ауру 3-4 күн ішінде өліммен аяқталады.
54-сурет. Колибахтериозбен ауырган бүзау.
Жітіден төмен
өтуі 6-10 күндік бұзауларда жиі байқалады. Аурудың бұл 
түрі, әсіресе, іңдет тұрақты жайлаған фермаларда басым болады. Колибакте- 
риоз жітіден төмен өткеңде оған басқа іш аурулары қабаттасып, аралас ішек 
инфекциясы түрінде өтеді. Аралас ішек инфекциясын энтеробактериялардың 
эшерихия, сальмонелла, цитробактер, протей, марганелла, клебсиелла туыс- 
тастықтарына жататын микробтардың 2-3 түрі қабаттасып тудырады. Ауру 
асқынып, дерт процесі Ішек-қарынмен қоса өкпеге, жүрекке, миға шабады. 
Бастапқыда колибактриоз ретінде басталған инфекцияның соңғы кезіңде но- 
зологиялық профилі басқа бағытқа өзгеруі де мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет