16-mapay
Бал арасының аурулары
16.1. Америкалық шіріме
Америкалық шіріме (Американскйй гнилец) - немесе зілді шіріме, жабық
өсін шірімесі - араның балапан құрттарының есейіп, қуыршақалды сатысынан
қуыршақ сатысына ауысатын кезінде элсіреп, жаппай қырылуымен сипат-
талатын бал арасы ұясының жұқпалы ауруы.
Тарихи деректер.
Америка ғалымы Г.Ф.Уайт (1902) шірімеден өлген бал
арасының балапан құрттарынан спора түзетін бактерияны бөліп алып, бұл
микробты аурудың қоздырушысы деп тауып, оны
Вас. larvae
деп атады. Бұл
ауру омарта шаруашылығы дамыған барлық елдерде кездеседі. Солтүстік
елдеріне қарағанда субтропикалық жэне тропикалық аймақтарда кең тараған.
Қазақстанның негізінен оңтүстік жэне оңтүстік шығыс өңірінде кездеседі.
Аурудың алдын алу жолға қойылмаған шаруашылықтарда америкалық шіріме
тез етек алып, барлық ара ұяларын қамтиды. Әрбір ауырған ара ұясы балды
20-80%-ға кем жинайды, уақыт өткен сайын әлсірей береді де, 2-3 жылда
қырылып қалады.
Қ озды руш ы сы -
Bacillus larvae -
көлемі 3-5 х 0,5-0,8 мкм түзу таяқша.
Ауруға шалдыққан балапан құрттан даярланған жағындыда ұзын тізбек кү-
йінде орналасады. Микроб қозғалмалы, грамоң, кэдімгі бояулармен оңай боя-
лады. Споралары сопақша. Арнайы қоректік орталарда ауасыбағалы жағдай-
да, 35-38°С-та, pH 6,2-7,2 кезінде өседі. Жаңадан даярланған ет пептон ага-
рына 10% жылқы қан сарысуын жэне араның өлген балапан құрттарын қос-
қанда жақсы өседі.
Микроб сыртқы ортада өге тезімді, омартаның тақтайында, балдың қал-
дығы мен өлген балапан құрттардың қабыршағында 6 сағатта 1:1 000 езілген
алмас 5 күн өткенде өлтіреді. Балдағы споралар балды 40 минут қайнатқанда
өледі.
Достарыңызбен бөлісу: