Кей жағдайда мал өнімдері мен шикізаттарын дайындау, жем-шөпті экету
тоқтатылып, базарлар жабылып, жэрмеңке мен мал көрмелерін өткізуге тиым
салынады. Сиыр обасы, аусыл сияқты аса қауіпті аурулар кезінде барлық
басқа шаруашылықтармен қатынастарды тоқтатуға тура келеді. Кейбір ауру--
лар (аусыл, _ топалаң) кезінде карантинделген індет ош ағының: маңайында
қауіп төнген аймақ (зона) белгіленеді. Бұл аймақта ауруға бейім жануарларды
араластыруға шектеу қойылып, ветеринариялық бақылау күшейтіледі, ауруға
қарсы вакциналау жүргізіледі.
Шектеу шаралары -
карантиннен гөрі шарттары бэсеңдеу қарым--
қатынасты тежеуге баіытталған тиым жолдары. Оларды гез тарай қоймайтын
жұқпалы аурулар кезінде (мысалы, сарып, сақау) қолданады.
Карантин мен шектеу жұқпалы ауру байқалған сэтте тағайындалып, ауру
басылған соң, яғни ең соңғы ауырған мал сауыққаннан немесе өлгеннен кейін
біраз уақыт өткеннен соң барып алынады. Олардың алыну мерзімі аурудың
жасырын кезеңінің және аурудан кейінгі микроб алып жүру кезеңінің ұзақ-
тығына байланысты. Жасырын жэне микроб алып жүру кезеңдері неғұрлым
ұзақ болса, соғұрлым карантин мен шектеу кешірек алынады. Аса қауіпті
аурулардан соң карантин алынғаннан кейін тағы да белгілі мерзімге шектеу
қалдырылады. Мысалы, аусылдан соң карантин алынғаннан кейін бір жыл
мерзімге шектеу сақталады.
Караңтин мен шектеуді алар алдында мал қораларында қорытынды
дезинфекция мен санитарияльщ жөндеу жүргізіледі. Сонымен қабат аурудың
ерекшеліктеріне сэйкес бейім жануарлар вакциналануы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: