апта ішінде ондаған мал ауырады. Өлім көрсеткіші жоғары болып, 80%
дейін
жетеді.
Ауру жылдың кез келген мезгілінде кездескенімен, жазғы, күзгі ,мау-
сымдығы айқын сезіледі. Көптеген өлкелерде қарасанның ең көп байқалатын
уақыты - күздігүні. Бұл кезде жайылымдағы шөптер қурап, қатайып, тікенек-
тенеді,
егін орылып, аңызға мал жайылады. Тамырлы мал азығын жинап алған
жерге мал жіберіледі. Осының бэрі қоздырушының топырақтан жұғуына жағ-
дай жасайды. Сондықтан да қарасан топырақ инфекциялары тобына жатады.
Қарасан кез келген аймақта кездеседі. Аурудың белгілі бір табиғи орта-
мен, топырақтың климаттық ерекшеліктерімен тікелей байланысы жоқ.
Дерттенуі.
Ішек-қарын немесе зақымданған тері арқылы микроб қанға
өтіп, бүкіл денеге жайылады да, гликогені мол бұлшық етті мүшелерге тұрақ-
тайды. Клостридиялар оттегі аз, зақымданған жерлерде тез өсіп-өнеді. Оның
нэтижесінде токсиндер мен агрессиндер бөлінеді. Фагоцитоз тежеліп, ұсақ
қан
тамырлары зақымданады, гликогеннің ыдырауынан газ бөлініп шығады.
Бұның нэтижесінде зақымданған телім домбығып, басып көргенде сықыр-
лайтын дыбыс шығарады. Токсиндер мен ыдыраған ұлпаның өнімдері қанға
өтіп, бүкіл организмді улайды. Бұдан
барып дененің ыстығы жоғарылап,
жүректің, ішкі ағзалардың, әсіресе, бауырдың қызметі бұзылады да, аурудың
ақыры өлімге соқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: