Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет33/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

о һ ы ң
 
жаеырын кезеңінде-ақ басталады. Сондықтан кез келген 
ауру малды диагңоз.ының анықталуын тоспай-ақ басқа малдан оқшаулау қа- 
жет. Созылмалы аурулар кезінде микроб организмнен баяу бөлінгеңімён, 
дерттің асқынған шағында, мысалы бруцеллез кезінде іш тастағанда, қоз- 
дырушы аса көп мөлшерде бөлінеді. Ауру эдеггегіден тыс өрбіген жағдайда 
да ондай жануарлар өте қауіпті инфекция бастауы болып табылады, өйткені 
ондай малдарды тауып, бөліп алудың өзі қиындыққа соғады. Сондықган диаг- 
ноз қойғанда жасырын, өшюн түрде ауырып жүрген малдарды анықтаудың 
маңызы аса зор.
Инфекцияның қауіпті бастауьша сонымсн бірге сау микроб алып жұруші 
жаңуарлар жатады. Ондай мапдар әсіресе сақау, пастереллез, сальмонеллез, 
лептоспироз сияқты ауруларды таратуда маңызды рөл атқарады. Сондықтан 
да шеттен мал сатып апғанда жұқпалы аурулардан толық таза жерлерден ғана 
әкелу керек. Сол жердің өзінде диагностикалық зерттеулер жүргізіп, бір де бір 
мал ауру болмаған жағдайда ғана сатып апуға болады. Әкелінген малды 
карантинде ұстап, мұқият диагностикалық зерттеуден өткізген сон ғана отарға 
(табынға) қосуға болады. Карантин мерзімі 1 ай, ал бұзаулар үшін ;15 күн.
4.3. Инфекция қоздырушысының берілу тетігі
Инфекция қоздырушысының берілу тетігі - індет процесінің негізгі бір 
буыны, оның структуралық маңызды құрамы. Берілу тетігі зардапты микроб- 
тың бір жануардан екіншісіне ауысуын қамтамасыз етеді. Осындай ауысу 
арқылы ғана қоздырушы микроб табиғатта сақталады. .Өйткені ауруға бейім 
организмде микробқа қаншама қолайлы жағдай болғанымен инфекциялық 
процестің нэтижесінде денедегі иммундік тетіктер іске қосылып, микроб үшін 
жағдай қолайсыз бола бастайды да, иммунитет күшіне еңген кезде микробтың 
тіршілігінің өзі қиындайды. Организмнің иммунитет реакциялары қоздырушы 
микробты жеңбеген жағдайдың өзінде де аурудың ақыры малдың өлуімен 
тынса, бұл да микроб үшін қолайсыз болып табылады. Өйткені мал өлсе, 
оның өлексесі шіриді де, оның нәтижесінде қоздырушы микроб мүлдем қыры- 
лады. Сонымен зардапты микробтың табиғатта сақталуы үшін иесін ауыс- 
тырып отыруы қажет.
Зардапты микроб инфекция қоздырушысыньщ бастауынан басқа ауруға 
бейім жануарға олардың тікелей жанасуы арқылы, не болмаса микробтың 
белгілі бір мерзім ішінде сыртқы ортада болуы арқылы ауысады. Сондықган 
микробтың өз иесің ауыстырып, яғни бір жануардан екіншісіне көшуін үш 
сатыға бөлуге болады (2-сурет).
1. Организмнен шығу.
2. Сыртқы ортада болу (тікелей жанасу арқылы берілгенде бұл саты 
болмайды).
3. Жаңа иесінің денесіне ену.
43


І-БУЫН
ІІ-БҮЫН
ІІІ:БУЫН


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет