Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет34/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

А уруга 6 еійм жануар
т
Инфеидаі^оздьіруш ьісьш ьщ > 
^впексе, жем; ш ө ц 4
денеден Ьфщңу жолдары 
.„m, п*
йнфекция қоздырушысыньщ
Ьерілу жопдары
\тт* 
S і
Инфекция қоздырушысының
денеге ену жозідары
С инфекция қақпасы)
2-сурет. Ауру цоздырушысының берілу жолдары
.
Қоздырушының организмнен шығуы оның эр түрлі деңе мүшелерің 
жайлауына байланысты. Егер микроб желінде шрғырланатын болса, ол сүтпен 
бірге бөлініп шығады, ал ішек-қарында болса нәжіспен, өкпеден қақырықпен, 
несеп-жыныс жолдарынан несеппен, т.т. бөлінеді. Дененің бір ғана мүшесінде 
шоғырланатын микробты - 
монотропты
деп атайды. Мысалы паратубер- 
кулездің қоздырушысы ішекте, қысағаның қоздырушысы - теріде болады. 
Керісінше көптеген дене мүшелерін жайлайтын қоздырушыларды -
поли-
тропты,
ал бүкіл организмді жайлайтын микробтарды -
пантропты
ідеп 
атайды. Оларға туберкулез, аусыл, оба ауруларының қоздырушылары жатады.
Қоздырушының организмнен бөлінуі физиологиялық процестер (тыныс 
алу, нэжіс пен несеп бөлу, жыныс қатынасы, лактация, төлдеу, т.б.) және 
патологиялық процестер (қүсу, іш өту, ірің ағу, қан кету, іш тастау) арқылы 
боладьі немесе қан сорғыш жәндіктердің қатысуымен іске асады.
Инфекция қоздырушысының сыртқы ортада іболуы үзақтығы жағынан эр 
түрлі. Сыртқы ортада микробқа бірқатар қолайсыз химиялық (ортаның 
химиялық қүрамы), физикапық (жарық, күн радиациясы, аэроиондар), биоло- 
гиялық (ауаның, топырақтың микрофлорасы) факторлар бар. Микоплазма- 
лар, хламидиялар, көптеген вирустар мен бактериялар сыртқы ортаға төзімсіз 
болады. Ал қолайсыз жағдайларға бейімделген қоздырушылар бұндай жағ- 
дайда ұзақ уақыт сақтапады. Бациллалар мен клостридиялар сыртқы ортада 
жылдар бойы, қышқылға төзімді микобактериялар, тығыз торша қабығы бар 
бруцеллалар мен сапьмонеллалар бірнеше ай бойы сақтапады. Сыртқы орта- 
дағы қоздырушы микроб ауруға бейім жануарларға берілу факторлары жэне 
тірі тасымалдаушылар арқылы беріледі.
Берілу факторларына
барлық сыртқы ортаның элементтері: жем-шөп, су, 
төсеніш, топырақ, ауа, өсімдіктер, малды күту жабдықтары, көлік, малдан 
алынған өнімдер мен шикізат (сүт, ет, жүн, түбіт, т.б.) жатады. Берілу 
факторлары инфекция қоздырушыларының берілуіне қатысады, бірақ олар 
қоздырушы микробтардың өсіп-өнетін табиғи ортасы бола алмайды.
44


Инфекция цоздырушыларының тасымалдаушыларына
зардапты микроб- 
тардың берілуіңе қатынасатын әр түрлі тірі организмдер жатады. Олардың 
қатарында буынаяқты жәндіктер (маса, сона, кене), кемірушілер (тышқан, 
егеуқұйрық), аңдар (қасқыр, қарсақ, түлкі), құстар (торғай, қарға, көгершін), 
басқа да эр түрлі жануарлар, ал кейбір жағдайда адам да болады. Тасымал-; 
даушылар телімді жэне телімсіз болып екі топқа :бөлінеді. 
Телімсіз (механи-
кальщ) тасымалдаушылардыц
денесінде инфекция қоздырушылары өсіп-өн- 
бейді де, олардың арасында биологиялық байланыс болмайды. Мұндай жағ- 
дайда тасымалдаушы микробты тек қана механикалық алып жүруші қызметін 
атқарады. Егер ауру қоздырушысы мен тасымалдаушының арасында қалып- 
тасқан биологиялық байланыс болып, қоздырушының даму сатысының бірі' 
тасымалдаушының денесінде өтетін болса, онда оны 
телімді тасымалдаушы
деп атайды.
Ауру қоздырушысы жаңа иесінің денесіне 
инфекция цацпасы
арқылы 
енеді. Жалпы микроб организмге бүтін немесе бүлінген тері жэне кілегейлі 
қабықтар арқылы олардан тереңірек орналасқан ұлпаларға өтіп, ақыр соңында 
қан мен сөлге түседі. Үйреншікті инфекция қақпасының қызметін тері, көзге 
көрінетін кілегейлі қабықтар атқарады. Көп жағдайда микроб алдымен сырт- 
қы ортамен жалғасатын қуыс органдарға (ішек-қарын жолы, тыныс мүшелері, 
жыныс органдары) түседі де, одан барып организмнің ішкі ортасына өтеді.
И н ф екцияны ң берілу ж олдары . Инфекция қоздырушыларының әр 
түрлі берілу механизмдері екі негізгі топқа бөлінеді. Олар - тік жэне көлденең 
берілу. Инфекцияның 
тік немесе вертикалъді берілуі
деп ауру қоздырушы- 
сының ата-енесінен үрпағына, ал 
көлденең немесе горизонталъді берілуі
деп 
аурудың бір жануардан келесі жануарға жүғуын айтады. Қоздырушының тік 
берілуі аталық немесе аналық ұрық жасушалары арқылы болуы мүмкін. Бұны 
жұмыртңа арңылы (трансвариалъді) берілу
дейді. Тік берілудің екінші жолы 
- микробтың буаз малдан оның жатырындағы төліне өтуі. Бүндай жолды 
плацента арқылы (трансплацентарлың) берілу
дейді, ұрық торшалары 
арқылы лейкоздың вирусы, ал плацента арқылы бруцеллездің қоздырушысы 
беріледі.
Ауру қоздырушысының көлденең берілуі контактылық, аэрогендік, али- 
ментарлық жэне трансмиссивтік жолдарға бөлінеді.
Контактылъщ (жанасу арқьілы) берілу
ауру мал мен сау малдың жанас- 
қан сәтінде іске асады. Бұндай тәсілмен берілген микроб денеге тері, тыныс, 
a
С
қорыту, жыныс жолдарындағы кілегейлі қабықтар арқылы өтеді. Жануар- 
лардың тікелей жанасуы арқылы құтырық (тістегенде), бруцеллез бен кампи- 
лобактериоз (шағылысқанда), шешек, қысаға (жанасқанда) беріледі. Бұл жағ- 
дайларда аурудың берілуіне сыртқы ортаның эсері жоққа тэн. Жанама жанасу 
малды күту жабдықтары, ер-тұрман, қамыт-сайман, күтуші адамдар, ,т.б. 
арқылы беріледі. Бүған қолмен ұрықтандырған кезде аурудың шәует арқылы 
жүғуы да жатады.
Аэрогендік (ауа арцылы) берілу
құрамында зардапты микробтар бар 
сүйық немесе қатты аэрозольдік бөлшектер арқылы, жануарлардың тыныс 
алғанында іске асады. Қатты аэрозольдер шаңның қүрамында болатындықтан
45


бұндай жолмен берілетін инфекция 
шаң-тозаңды
деп аталадьг Ал ауру сұйық 
аэрозольдар арқылы жұғатын болса 
тамщы-тозаңды
немесе 
'шашыранды
инфекцияга
жатады. Шаңды инфекциялардың қоздырушылары топырақтан, 
көңнен, төсеніштен шаңмен бірге көтеріледі. Тамшылы'инфекциялардың 
қоздырушылары ауаға жануарлардың тыныс' жолдарынан тыныс алғанда, 
эсіресе түшкіріп-пысқырған кезде ауаға шығады. Аэрогендік жолмен тубер- 
кулез, аспергилез, респираторлық микоплазмоз, парагрипп, т.б. беріледі.
Алиментарлъщ (цоректік) берілу
қоздырушы микробтардың жануарлар 
денесіне қоректік заттармен бірге енуі арқылы іске асады. Оның өзі жем-шөп 
арқылы, су арқылы жүғатын екі түрге бөлінеді. Алиментарлық жолмен көпте- 
ген жұқпалы аурулар беріледі. Әсіресе топырақта болатын қоздырушылар 
(топалаң, қарасаң, брадзот, тілме) алиментарлық жолмен беріледі. Су арқылы 
берілетін микробтар ұсақ тоқтау суларда көп болады. Су арқылы лептоспироз, 
листериоз, сақау, т.б. жиі беріледі.
Трансмассивтік берілу
тірі тасымалдаушылар арқылы ііске асады. Бұл 
тасымалдаушылар негізінен қан соратын буынаяқтылар: маса, сона, кене, т.б. 
Трансмассивтік жолмен берілу эсіресе өлі тиетін (сепсис) ауруларға тәк 
құбылыс. Инфекция қоздырушыларының мұндай жолмен берілуі облигатты 
(міндетті) және факультативті (жарым-жартылай) трансмассивтік деп бөлі- 
неді. 
Облигатты трансмиссивтік инфекция
деп тек қана трансмиссивтік 
жолмен берілетін, басқа әдістермен тарамайтын ауруларды атайды (мысалы, 
жылқының делбесі мен обасы
): Факулътативті трансмассивтік инфекцш-
лар
трансмассивтік жэне басқа да жолдармен беріледі. Оларға топалаң. 
инфекциялық анемия, шошқа обасы, т.т. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет