Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет42/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап




Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1. Іңдет процесі деген не?
2. Індет процесі мен инфеқция процесінің айырмашылығы қандай?
3. Індет процесінің негізгі және қосымша қозғаушы күштеріне нелер 
жатадьі?
4. Инфекция қоздырущысының горизоңтагіьдік және вертикаиьдік берілу 
жолдары қалай іске асады?
5.Инфекция қоздьфушысының телімді және телімсіз тасымалдаушыла- 
рының айьфмашылығы ңеде?
6. Облигатты және факультативті . трансмиссивтік инфекциялардың 
айьфмашылығы неде ?
7. Энзоотия мен эпизоотияның айьфмашылығы неде?
8. Індеттің қандай сатылары (стадиялары) бар?
9: Індет процесінің қандай статистикалық көрсеткіштері бар, рлар қапай 
анықталады? 
• 
,
57


5mapay
5.ІНДЕТ ОШАҒЫ ЖӘНЕ АУРУЛАРДЫҢ ТАБИҒИ ОШАҚТЫЛЫҒЫ
Өзекті мәселелер. Індет ошағының анықтамасы.
Індет ошағының қапыптасуы жэне сақталуы. Індет
ошағының түрлері. Аурудан сау емес пункт жэне қатер
төнген аймақ. Жұкпалы аурулардың табиғи ошақты-
лығы, табиғи ошақтың түрлері.
5.1. Індет ошағы туралы түсінік
Індет ошағы деп індет процесі өтетін, оның негізгі үш қозғаушы күштері: 
инфекция қоздырушысының бастауы, берілу тетігі жэне бейім жануарлардың 
өзара бір-біріне әсер ететін кеңістігі аталады. Екінші сөзбен айтқанда індет 
ошағы ауру қоздырушысы орын тепкен жэне нақтылы қалыптасқан ‘жағдайда 
ауру қоздырушысының сау жануарларға берілу қаупі сақталған аймақ. Ошақ -
қазақ тіліндегі байырғы сөз, оның мағынасы от жағатын орын. Бұл ұғым 
халықтың індетті тілсіз жау - отпен (өртпен) сапыстыруынан туған. Орыс 
тілінде індет ошағы "эпизоотический очаг" деп аталады. Ошақ сөзінің іс 
жүзінде ешбір өзгеріссіз орыс тіліне ауысуы Алтын Орда дэуірінде болса 
керек. Індет ошағы ретінде ауру не микроб алып жүруші жануар тұрған қора 
есептелінеді. Егер ол жануар қорада ғана қамалмай, бос жіберілетін аулаға 
шығатын болса, қорамен бірге сол аула да індет ошағы болып табылады. Ал 
енді ол жануар аулаға шыққанымен шектелмей, жайылымда жайылатын 
болса, ол жайылым да індет ошағының құрама бөлшегі болып табылады. 
Инфекция қоздырушысының бастауы болған жануар аталған жағдайлармен 
шектелмей алыс қашықтыққа, мысалы, алыстағы жайлауға айдалынатын 
болса, індет ошағы одан арман кеңіп, оған сол жануар жүріп өткен ластанған 
аймақтың барлығы қосылады.
Басқа бір мысал келтірейік. Айталық, делбемен ауырған жылқы қорада 
қамауда ұсталады делік. Егер қан сорғыш жәндіктердің (маса, сона, т.б.) 
қораға кіру мүмкіндіктері болса, онда індет ошағы қорадан тыс қансорғыш 
жәндіктердің ұшып жете алатын аумағы көлеміне ұлғая түседі. Сондықтан 
індет ошағына инфекция қоздырушысының бастауы орналасқан жэне осы 
бастаудан қоздырушыны тарататын берілу механизмі қамти алатын аймақты 
жатқызады. Аэрогендік жолмен ғана тарайтын аурулар кезіне індет ошағы 
ауру мал тұрған қорамен шектеледі. Ал трансмиссивтік инфекциялар кезінде 
оған қоздырушыны тасымалдаушылар белсенді эрекет ете алатын аймақ 
жатады. Малды қолда ұстағанда аурудың таралуы шектеледі де, жайылымда 
жайған кезде аурудың кең таралуына мүмкіндік жасалады.
Аурудың індет ошағынан тысқары таралуы жаңа індет ошақтарының 
пайда болуына әкеліп соғады. Бүған байланысты 
бастащы
жэне 
туынды
індет ошагы
деген үғымдар қалыптасқан.
"Індет ошағы" ұғымын инфекция ошағымен шатастырмау керек. Індет 
ошағы кеңістікке тэн ұғым болса, инфекция ошағы организмде болады.
58


Инфекция ошағы деп зардапты ауру қоздырушы микроб жайлаған, дертке 
шалдыққан дене мүшесі немесе ұлпаны атайды.
Індет ошағының 
әрекетті
жэне 
әрекетсіз
түрлері болуы мүмкіқ. Әр- 
ксггі індет ошагында аурудың одан ары таралу қаупі сақталады деп есеп- 
телінеді. Іс жүзінде ксз келген індет ошағын эрекетті деп санаған жөн.
Індет ошағын жою._- жүқпалы аурулармен күресудің басты мақсаты жэне 
негізгі жолы. Індет ошағын жоюдың міндетті шарттары: инфекция қозды 
рушысының бастауын құрту жэне .сыртқы орта объектілерін түбегейлі зарар- 
сыздандыру. Бірақ, кей жағдайда зардапты микроб қалай да болмасын сыртқы 
ортада сақталып қалады. Мысалы, топалаңның қоздырушысы топырақта, 
эсіресе оның терең қабаттарында ұзақ уақыт тіршілігін жоймауы мүмкін. 
Мұндай кезде ерекше бір жағдай болғанға дейін, айталық жер қазу жүмыс- 
гары жүргізілгенше, микробтың ауруға бейім жануарларға жүғу мүмкіндігі 
болмайды да, індет ошағы белгілі бір уақытқа дейін эрекетсіз болып табы- 
лады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет