Жүқпалы ауру фермаға басқа мал фермаларынан, елді мекендерден келеді.
Сондықтан да мал фермаларын эр түрлі объектілерден
санитариялық талап-
тарға сай ара қашықтықты сақтай отырып орналастыру қажет. Жүқпалы ауру-
дың таралуы үшін терісі бағалы аңдарды, үй қояндарын және құс өсіретін
шаруашылықтар ерекше қауіпті болып саналады. Өндіріс орындарының ішін-
де бұл тұрғыдан мал өнімдері мен шикізаттарын
өңдейтін кәсіпорындары
(тері заводы, ет комбинаты, т.б.) қауіп тудырады. Сондай-ақ қатынас жолда-
рынан, әсіресе ірі транспорт жүйелерінен, мал фермасын қашық орналастыр-
ған дұрыс.
Ферма территориясын қоршау.
Санитариялық
тұрғыдан мал ферма-
лары мен кешендері жабық кэсіпорындар қатарына жатады. Сондықтан олар-
ды қоршап, ішке қатынау тек қана дезинфекциялық тосқауыл мен ветерина-
риялық-санитариялық өткелек арқылы ғана іске асырылуы керек. Ферма мен
кешеннің күллі территориясы тұтас немесе торлы қорғанмен қоршалынады.
Қорғанның биіктігі кемінде 180см болуға тиіс. Қоршаудың сыртынан ені 1м,
тереңдігі 1,5м ор қазылады.
Ферманың ішкі территориясына
қатынайтын көлік, егер мал тұрмайтын
шаруашылық аймағына баратын болса (мысалы, жем-шөп экелгенде), дез-
тосқауыл арқылы өтеді. Ал мал тұратын таза аймаққа баратын көлік пен адам-
дар ветсанөткелек арқылы өткізіледі.
Жаңадан келген малды карантиндеу.
Шаруашылыққа шеттен экелін-
ген мал табынға қосардан бүрын бір ай бойы карантинде бөлектелініп үсталы-
нады. Карантин кезінде жануарлар ретті түрде клиникалық бақылау мен лабо-
раториялық тексеруден өтеді. Шаруашылықта үстау үшін жүқпалы
аурулар-
дан сау, арасында микроб алып жүрушілері жоқ малдар ғана жіберіледі. Ка-
рантин кезінде жануарларды індет жағдайына сәйкес кейбір жұқпалы ауру-
ларға қарсы егеді. Бордақылау кешендерінде жаңадан экелінген бүзаулардың
карантиндеу мерзімі 15 күнмен шектелінеді.
Жұқпалы аурулардан сау шаруашылықтарда сақтық шаралары ретінде
жануарлардың белгілі бір топтарын кейбір ауруларға,
негізінен созылмалы
жұқпалы ауруларға, тексеріп отьірады. Ондай ауруларға сиырда бруцеллез,
туберкулез, лептоспироз,
қойда бруцеллез, жүқпалы эпидидимит, хламидия-
лық іш тастау, жылқыда маңқа,
инфекциялық анемия, т.б. жатады.
Дауалық шаралардың ішінде сақтық дезинфекциясы мен дератизация-
сының маңызы зор. Бүл екі шараны қатар жүргізген мезетте алдымен дера-
тизация жүргізіп, кемірушілердің өлекселерін жинап алғаннан кейін дезин-
фекция жасалынады.
68
Жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы жасанды жолмен. яғнй қолдаң
иммундеу белсенді жэне енжар әдістер арқылы іске асырылады.' Белсенді им-
мундеу үшін
вакциналар, ал енжар иммундеу үшін йммуноглобулин препа-
раттары қолданылады.
Вакциналар тірі жэне өлтірілген деп аталатын екі топқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: