Оқулық. Алматы, 518 бет


 Жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы нммундеу



Pdf көрінісі
бет52/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

6.4. Жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы нммундеу
,69


сына) жібереді. Вакцинаны бүлай еккенде орны шектелген патологиялық 
процесс өрбіп, ақыры сәтті аяқталып, ауруға қарсы иммунитет қалыптасады.
Соңғы уақытта элсіретілмеген тірі вакциналарды қолданудың та*ы бір 
әдісі пайдаланыла бастады. Бұл - гетерологиялық иммунитетті (гетероимму - 
нитет) пайдалану нәтижесі. Бұндай иммунитетті 
ащ ы ш иммунитет
 
деи ге 
атайды, оның негізінде микробтардың антигендік ұқсастығы жатыр. Ортақ 
антигендері бар микробтардың біріне қарсы иммунитет екінші ұқсас микроб- 
қа да қарсы әсер етеді. Жоғарыда көгершін шешегінің вирусын тауық шешегі- 
не қарсы вакцина ретінде қолданылатындығы айтылды. Сол сияқты күрке 
тауықгың герпес вирусын Марек ауруына қарсы, Роус вирусын тауық лейко- 
зына қарсы, Шоуп фибромасының вирусын үй қоянының миксоматозына 
қарсы, балалардың қызылшасының вирусын ит обасына қарсы, ит обасының 
вирусын сиыр обасына қарсы (эксперимент жағдайында), шошқа обасының 
вирусын сиьфдың вирустық диареясыңа қарсы, бактериядық обаның вақци- 
ңасың теңіз тышқаңының псевдотуберкулезіне қарсы пайдалануға болады.
Қазіргі заманда әлсіретілмеген микроб вакцина ретінде өте сирек қол- 
данылып, керісінше уыты элсіретілген микроб штаммдарынан даярланған 
вакциналар кеңінен пайдалатынатын болды.
Әлсіретілген вакциналар
ауру қоздьфушы микробтың уыттылығы төмен- 
деген штамының өсіндісі болып табылады. Бұл штамм өзіне тән уыттылығын 
белгілі мөлшерде төмендетіп, иммунитет тудьфатын қасиетін мейлінше сақ- 
тауы қажет. Екінші сөзбен айтканда иммуногендігі толық сақталып, тек қана 
аз мөлшерде қалдық уыттылығы болуы керек. Вакциналық щгамм организмге 
енгізілгенде онда өсіп-өніп, өзіне тэн ауру қоздырмауы керек. Бұл жағдайда 
организмде болатын құбылыс 
вакциналъщ процесс
деп аталады. Оның нәти- 
жесінде сол ауру қоздырушысына қарсы телімді иммунитет қалыптасады. 
Қазіргі көзқарас бойынша вакциналық процесс ауруға, тіпті оның жасырын 
түріне де жатпайтын дербес процесс. Вакциналық процесс кезінде организмде 
болатын өзгерістер зиянды патологиялық емес, керісінше пайдалы иммуно- 
морфологиялық болып табылады.
Әлсіретілген вакциналық штамм - ауру қоздьфушының сапалық жағы- 
нан басқа биологиялық қасиеттерге ие болған жаңа бір қалпы деп есептеген 
жөн. Вакциналық штамм ретінде әлсірегең микробтың табиғи жағдайда пайда 
болған немесе эксперимент нәтижесінде жасанды жолмен алынған жаңа бір 
тармағы (клоны) пайдаланылады. Бұндай клондарды табу үшін ауру жануар- 
лардан бөлінген микробтың көптеген штаммдарының арасынан сүрыптау 
жұмысын жүргізеді. Ал жасанды жолмен алу үшін ұзақ уақыт қоректік ортада 
өсіреді немесе әр түрлі жануарлардың денесі арқылы өткізеді (пассаждау), не 
болмаса эр түрлі мутогендік факторлармен әсер етеді. Мүндай жасанды 
мутанттар алудың әдістерін үш топқа бөлуге болады:
1.Химиялық әдістер: азот қышқылы, т.б. химиялық заттармен әсер ету.
2.Физикалық эдістер: ультракүлгің сәуле, температура, радиация, т.б.
3. Биологиялық эдістер: бактериофагтар, антибиотиктер, жануар организ- 
мі арқылы пассаж, т.б.
70


Әлсіретілген тірі вакциналардың алыну тарихына аздап шолу жасасақ, 
бұл әдістің негізін қалаған Л.Пастер топалаң микробын жоғары температурада 
(42,5-43° С) өсіру арқылы оның уыттылығын төмендетті. Жануарлар арқылы 
пассаж жасау да Л.Пастер тапқан әдіс. Ол құтырық вирусын үй қояны арқылы 
үздіксіз пассаж жасау арқылы вакциналық штамм вирус-фикс 
(fixe -
бекіту) 
алды. Үй қоянының денесінен өткізген сайын құтырық вирусының уыты бұл 
жануарлар үшін артып, ит үшін кеми түсетіндігі айқындалды.
Аталған эдіс вирустық инфекцияларға қарсы вакцина алу үшін кеңінен 
пайдаланылады. Алынған вакциналық штамдар пассаж жасау үшін пайдалан- 
ған жануарлардың түріне қарап эр түрлі атауларға ие болды. Мысалы, үй 
қояны арқылы пассаж жасалса, ондай штамм 
лапинделген
(lapinus
- үй қояны), 
құс арқылы болса 
авинделген
(avis
- қүс) деп аталады. Ал үлпа өсіндісіне 
өсірілуге бейімделген штамм 
өсіндік,
ал қүс эмбрионында өсуге бейімделсе 
эмбриондъщ
вакцина деп атау қалыптасты.
Соңғы кезде микроорганизмдердің вакциналық штаммдарын алу үшін 
генноинженерлік әдістер пайдаланыла бастады. Вакцинаны гендік инженерлік 
эдіспен синтездеу (құрастыру) үшін ауру қоздырушысының антигендік детер- 
минанты үшін жауапты ДНҚ сегментін прокариот немесе эукариот жасуіыа 
жүйесіне енгізеді. Бұл эдіспен эр түрлі ауру қоздырушы микробтардың анти- 
гендік құрамын өзгертуге, не болмаса ауру қоздырмайтын сапрофитті микроб- 
қа ауру қоздыратын микробтың антигенін көшіріп қондыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет