Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет51/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Тірі вакциналар
Тірі вакциналар ауру қоздырушыларының тіршілігін 
жоймаған өсіндісі болып табылады. Бұлар 
әлсіретілген
жэне 
әлсіретілііегён
деп аталатын топтарға бөлінеді. "Әлсіретілген" деген сөз қоздырушы ми- 
кробтың уыттылығына қатысты айтылған. Әлсіретілген штамм деп тиісті бір 
ауру қоздырушы микробтың жасанды жолмен уыттылығы бәсеңдетілген түрін 
айтады. Уыттылығының төмендеуі микробтың ауру қоздыру қабілетін жоғал- 
тып, иммунитет қалыптастыру қасиетін сақтайтындай дәрежеде болуы қажет. 
Егер микробтың бұл қасиеті тұрақты тұқым қуалап, ұрпақтан ұрпаққа бері- 
летін болса, ондай элсіретілген қоздырушыны вакциналық штамм ретінде, 
яғни вакцина даярлау үшін қолданады.
Тарихи тұрғыдан қарастырғанда адамзат алғашында вакцина ретінде 
өзгертілмеген уытты ауру қоздырушы микробтарды пайдаланған. Тіпті бұл 
эдіс микробтардың ашылуынан да көп бүрын қолданылған. Адамзат сүт ашы- 
татын микробтарды білмей тұрып-ақ айран үйытуды үйренгені сияқты ауру 
қоздырушы микробты білмей-ақ адамдар мен жануарларды жүқпалы ауру- 
ларға қарсы еге білген. Көне дэуірдің өзінде Азиялық көшпенділер адам мен 
малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға ала өкпені егіп, аурудан сақтандыра 
білген. Бүл ауруларға қарсы егу үшін қүрамында ауру қоздырушы микроб бар 
эр түрлі патологиялық материалдар пайдаланылған.
Адамға шешек егу вариолау (вариолизация, латынша 
Variolla -
шёшёк) 
деп аталады. Іс жүзінде бұл адамнан адамға шешекті қолдан жұқтыру едІ. Ал 
қойдан қойға шешекті егу овиналау (овинация) деп аталады. Кейін (1902 ж.) 
қойға егілген шешек сөлі - овина өндірістік эдіспен алына бастады. Қазір бүл 
дэрмектің негізінде аллюминий гидрототықты формолвакцина даярланады. 
1796 ж. ағылшын дәрігері Э.Дженнер халық тәжірибесіне сүйеніп, адамға 
сиырдың шешегін етуді ұсынды. Бұл эдіс вакциналау (вакцинация, латынша 
vacca
- сиыр) деп аталды да, бұдан былай жұқпалы ауруға қарсы егу эдісте- 
рінің барлық түрлері осылайша аталатын болды.
Әлсіретілмеген вакциналарды пайдалану қазіргі уақытта да қалған жоқ. 
Мысалы, қазір құс шешегіне қарсы вакцина ретінде тауык пен күрке тауықгы 
егу үшін шешек вирусының көгершіннен алынған штаммы қолданылады,
Ескеретін бір жағдай элсіретілмеген тірі вакциналарды егудің іөзіндік 
ерекше әдістері бар. Бүл дэрмектер эдеттегіден тыс микробтың денеге табиғи 
жолмен енуіне керағар организмдегі белгілі бір орындарға егіледі, Мысалы, 
овинаны қойдың қүйрығының жүнсіз тақыр жеріне тері ішіне, ала өкпе сөлін 
сиырдың қүйыршығының үшының сырт жағына, кебенек сөлін ешкіңің 
мандайына, құс шешегін қүстың балақ қауырсынының ұясына (фолликула-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет