Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет59/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Індеттанулық балау. 
Жоғарыда қарастырылған ауруды балаудың 
жолдары нозологиялық диагноз қоюға бағытталған. Нозологиялық балау үшін 
негізінен бір ғана ауырған жануарды немесе одан алынған материалды зерт- 
теу жеткілікті. Ал індеттанулық балау түтас бір территорияда індет процесі- 
нің дамуы мен індеттік жағдайдың қалыптасуын анықтауды қажет етеді. Ол 
үшін сол территориядағы жануарлар арасында жүқпалы аурудың таралуы
қоршаған ортадағы жұғу факторлары мен инфекция қоздырушыларының та- 
сымалдауш ылары жэне тағы басқа да індеттенуге қатысты жэйттер мүқият
80


тексеріледі. Нозологиялық диагноз қою үшін індеттанулык балау әдісі қол- 
данылады. Одан індеттанулық балаудың айырмашылығы: біріншісі зерттеу 
әдісі болса, соңғысы зерттеудің қорытындысы. Індеттанулық балау эдісі ауру- 
ға диагноз қою үшін індеттенуге қатысты кейбір мағлұматтарды ғана қамты- 
са, індеттанулық балау індет поцесі мен індет ошағы туралы керекті мәлімет- 
тердің тұжырымдалған қорытындысы болып табылады. Індеттанулық балау 
эдісі ауруға диагноз қою үшін қызмет етсе, індеттанулық балау іңдетке қарсы 
нақтылы шараларды іске асырудың жолдарын көрсетеді. Нозологиялық диаг- 
ноз қойғанда індеттанулық әдістер арқылы ауру қоздырушысының бастауы- 
ның жэне оның берілу тетіктерінің немесе індет ошағының бар-жоғы анық- 
талса, індеттанулық балау кезінде бұл аталғандар егжей-тегежейлі сипатталуы 
керек. Мысалы, инфекция қоздырушысының бастаулары түгелдей анықталып, 
олар басқа жануарлардан оқшаулануы керек. Сондай-ақ аурудың берілу 
тетіктері де түгелдей нақтыланып, жойылуы қажет. Іңдет ошағы туралы да 
"бар" немесе "жоқ" деген мәліметпен шектелмей, оның шекарасы нақтыла- 
нып, сол арқылы карантин немесе тежеу межесі жүргізілуі қажет. Қорыта кел- 
генде, індеттанулық балаусыз іңдетке қарсы шараларды дүрыс ұйымдастыру 
мүмкін болмайды. Осыған қарамастан ветеринария практикасында індеттану- 
лық балауға жеткілікті көңіл бөлінбейді, соның салдарынан көп жағдайда 
індетке қарсы шаралар дұрыс белгіленбейді де, олар ойдағыдай нәтиже бер- 
мейді. Айталық індет ошағының шекарасын дүрыс анықтамай ауру шыққан 
шаруашылықтың барлық территориясына түгелдей карантин жариялау 
шаруашылыққа орынсыз зиян келтірумен бірге індетті жою шараларының 
нәтижесіне де теріс ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет