К л и н и к а л ы қ балау әдісі. Ауырған жануарды клиникалык тексеру -
балаудың міндетгі шарты. Сіреспе, қысаі а, аусыл, құтырьіқ сияқты аурулар
кезінде клиңикальіқ теқсерудің, диагноз қою үшің щещущі маңызы бар. Ал
көптеген жұкпалы аурулар кезінде бұл аса құнды қосымша эдіс болып
табылады. Індеттанулық талдаумен қатар клиникалык тексеру ауруға лаб-
ораториялық зерттеуді белгілі бір бағдарда жүргізуге жағдай жасайды. Қіш-
никалық тексеру кезінде ауырған жануардан тірі кезінде лабораториялық
зерттеулер үщін тиісті материалдар альінады.
Жұқпалы ауруларға. қлиңиқалық балау жүргізгеңде олардьщ мыңандай
ерекшеліктерін ескеру керек.
Жұқпалы
аурулардың \Өршуінің сатылыгы (стадиялыгы
).
Аурудың біріг
нен
соң бірі келетін жасырын, клиника алдындағы, клиникалық жэне акырғы
қорытынды сатылары болады. Сондықтан аурудың белгілерін динамикалық
өзгерістерін ескере отырып қарастырады.
Инфекциялыц синдромга тән құбылыстар.
-Инфекциялық синдром деп
этиологиясына қатыссыз жұқпалы аурулардың көпшілігіне тэн клиникапық
белгілер кешенін айтады. Бүл белгілері арқылы аурудың жүқпалы екендігі
пайымдалады.
Көп жағдайда инфекциялық синдром организмнің жалпы өзгерістері ре-
тінде байқалады. Бұл өзгерістер:
дененің қызынуы, жабырқау, тэбеттің жойы-
луы, метоболиттік ақаулар (су-ион алмасуының бұзылуы, ацидозға бейімдік,
қан тамырларының өткізімділігінің бүзылуы). Кейде инфекциялық синдром
орны шектелген ақаулар арқылы білінеді. Мұндай құбылыстар белгілі бір
ұлпалар мен мүшелердің шектеулі зақымдануы кезінде байқалады. Орны шек-
телген инфекциялық процестің әдеттегі белгілері
- жалпы қабыну құбылыс-
тарына тэн өзгерістер:
rubor, tumor, calor, dolor
жэне
fu n ctio laesa.
Бұған осы
мүшеге ғана тэн симптоматологиялык белгілер қосылады.
Көптеген жұқпалы аурулар кезінде сепсис (өлі тию) байқалады. Сепсис-
тің клиникалық белгілері: дененің ыстығы 2-4° С өзгеріп түратын қайталама
қызба, демігу, тамыр соғуының жиілеп-бәсеңдеуі, жүрек аритмиясы, кілегёйлі
қабықтардың сарғаюы, ішек-қарын қызметіңің бұзылып іщ !өтуі, қүрысу,
салдану, көз бен мүрыннан сора ағу, ядросы солға ауысқан лейкоцитоз.
Жануарларды клиникалық тексеру жалпы, арнаулы жэне лабораториялық
эдістерді пайдаланып жүргізіледі. Жалпы әдістерге жататындар: тіркеу,
анамнез, қарау жэне бақылау, дененің ыстығын өлшеу, пальпация,
перкуссия,
аускультация. Арнаулы эдістер: зондтау, катетерЛеу, эндоскопия, ультрады-
быспен зерттеу, рентгеноскопия, графикалық эдістер (ЭКГ, ринография, пнев-
мография, гастрография, сфигмография, флегмография, рентгенография).
Лабораториялық эдістер: несептің, нэжістің, ликвордың т.б. анализдері.
Юіиникалық зерттеу нозологиялық диагңоз
қоюмен қатар аурудың біліңу
түрлерін де айқындауға мүмкіндік береді. Аурудың клиникалық түрлері:
эдеттегі (кэдімгі), эдеттегінден тыс, аса жіті, жіті, жітіден төмен, созылмалы,
үзікті, зілді, зілсіз, орны шектелген, жайылған, т.б. Аурудың мүндай турлерін
айқындаудың емдеу үшін маңызы аса зор.
76