6.7. Өндірістік негіздегі кешендер мен мамандандырылған
ірі фермаларды індеттен қорғау
Мал өсірумен ұсақ жэне орташа шаруашылықтармен қатар ірі жэне аса
ірі кәсіпорындары да шұғылданады. Оларға өндірістік негізде мал өнімдерін
өңдіретін кешендер (комплекстер) жатады. Өндірістік кешендердің мынандай
ерекшеліктері бар. Біріншіден, оларда өндіріс процестері жоғары дэрежеде
механикаландырылған, электрленген жэне автоматтандырылған. Әмбесінде
барлық механикаландыру жэне автоматтандыру жабдықтары біртұтас техно-
логиялық жүйе құрайды. Екіншіден, өндірістік кешендер бір ғана негізгі өнім
өндіруге мамандандырылған. Мысалы, сиыр комплекстері сүт өндіруге, бор-
дақылауға, төл өсіруге бағытталады. Кешендердің үшінші басты ерекшелігі
бір жерде аса көп мал басының шоғырлануы. Ірі құс фабрикаларында' 3 мил-
лионға дейін мекиен тауықтар, 10 миллионға дейін бройлер балапаңдар ұста-
лынады. Шошқа комплекстерінде 12, 24, 54, 108 мың бас өсіріліп, бор-
дақыланады. Сиыр бордақылайтын кешендерде бір мезгілде 10 мыңға дёйін,
ал бордақылау алаңдарында 20-30 мың мал болады. Сүт кешендерінде байлап
ұстағанда 800-ге дейің, ал бос ұстағанда 1 200-2 000 сиыр орналастырылады.
Бір орында орасан көп мал басының шоғырландырылуы, жеделдетілген
технологияның зиянды эсері, күн сэулесі мен таза ауа сияқты аса қажет
табиғи факторлардың жетімсіздігінен жануарлардың организмінде физиоло-
гиялық жағымсыз терең өзгерістер болады. ¥ с а қ шаруашылықтарда да қыстан
мал күйі төмендеп, элсіреп шығады. Бірақ жазғы жайылымға шыққан соң
қоңдылығы мен ауруға төзімділігін тез арада қалпына келтіреді. Жергілікті
малдар интенсивті өндірістік технологияға бейімделе алмайды, сондықтан
оларды кешендерде өсіру тиімсіз.
Ірі кешендерде жануарлар төзімділігі төмен болғандықтан а)фуға тез
шалдыгады, мал тым тығыз орналасқандықтан жұқпалы аурулар жылдам та-
райды. Әр түрлі стресс-факторлардың эсерінен ірі шаруашылықтарда жануар-
ларда белгілі бір ауру синдромдары жиі байқалады. Бұндай құбылысты артык
(аса тығыз) орналастыру патологиясы, немесе
охлопатология
деп атайды.
85
Кешендегі жануарлардың инфекциялық патологиясында организмде бей-
тарап тіршілік ететін комменсал микробтардың рөлі басым болады.
Үсақ
шаруашылықтардағы мал қораларындағы әдеттегі жағдайдағы микрофлорада
комменсал микробтар шамалы мөлшерде ғана кездеседі. Оларға.жануарлар
организмінде ғана тіршілік ететін ішек таяқшасы, энтерококктар сияқты сани-
тариялық көрсеткіш қызметін атқаратын микробтар жатады. Олар ірі кешен-
дегі қора-жайдың микрофлорасында тым көбейіп, басым түседі де, микро-
биозды жануар организміне зиянды бағытқа өзгертеді.
Микробиоз
дегеніміз;
белгілі бір ортадағы (қорадағы) жануарлар мен микробтар паііуляцияларының;
арасындағы тепе-тендік. Бұл тепе-теңдіктің жануарларға зиянды бағытта
өзгеруіне байланысты жануарлардың организмінде жайсыз құбылыстар бай-
қалып, олардың өсімі тежеледі жэне эртүрлі аурулар біліне бастайдьиБүл
аурулар негізінен тыныс жэне ас қорыту органдарының қызметінің бұзылу
синдромдары арқылы көрініс береді. Осындай жағдайда зардаптылығы шарт-
ты (шамалы) микробтардың белсенділігі артады. Ондай зардаптылығы шарт-
ты микробтарға сальмонеллалар, пастереллалар, көк ірің таяқшасы, стафила-
коктар, гемофильдік бактериялар, т.б. жатады. Бактериялық инфекцияларға эр
түрлі вирустар қабаттасады. Олар негізінен ас қорыту, тыныс, жыныс жэне
несеп жолдарын зақымдайды. Бір инфекцияға екіншісі қабаттасып, негізінен
аралас инфекциялар байқалады. Осындай жануарлардың ауруға төзімділігі
төмендеген жағдайда эр түрлі зардапты микробтардын қабаттасуынан бола-
тын инфекциялық ауруларды
"кіші инфекциялар"
деп атайды. Кіші инфек-
цияларды балау жэне олармен күрес жүргізу аса қиынға түседі. Бұндай
аурулар өңдіріс кешендерінде жиі кездесіп, шаруашылыққа өте зор зиян
тигізеді.
Мамандандырылған ірі шаруашылықтарды індеттен қорғау тұрғысынан
ескеретін тағы бір өзекті мэселе ондағы мал басының қүралуына байланысты.
Әсіресе бордақылаумен шұғылданатын кешендерге мал эр түрлі шаруашы-
лықтан келіп түседі. Бұның өзі табынға жасырын микрбб алып жүруші немесе
ауру малдың қосылуына жағдай жасайды. Сонымен қатар бүрынғы шаруа-
шылықта қалыптасқан иммунитеттің кешендегі індет ахуалына сэйкес кел-
меуі, әсіресе жас төлдің уыз арқылы қалыптасқан иммунитеті оны жаңа жерде
қорғай алмауы мүмкін. Жағдай ондай жануарларды көлікпен тасымалдаған
жэне жаңа жайға орналастырғанда кездесетін стресс-факторлардың әсерінен
одан эрі шиеленіседі.
Ірі кешендерде мынандай жұқпалы аурулар жиі ұшырасады. Бордақылау-
дағы тайыншаларда: вирустық диарея, парагрипп-3, жұқпалы ринотрахеит,
аденовирустық инфекция, қүста: сальмонеллез, жүқпалы ларинготрахеит,
жұқпалы бронхит, Марек ауруы, Ньюкасл ауруы, қүс тұмауы, респираторлық
микоплазмоз, шошқада: торайдың колиэнтериті, колиэнтеротоксемия (дом-
бықпа ауруы), трансмиссиялық гастроэнтерит, энзоотиялық пневмония, гемо-
филлез, тұмау, сальмонеллез. Керісінше өңдірістік кешеңдерде кейбір аурулар
сирек үшырасады. Жеделдетілген технология негізінде жануарларды пайда-
лану мерзімінің мейлінше қысқаруынан қүс туберкулезі сияқты созылмалы
аурулар кезікпейді. Сондай-ақ табиғи ошақты (кұтырық), жайылымда жүға-
86
тын топырақ инфекциясы (қарасан), трансмиссиялық жолмен қан сорғыш
жәндіктер аркылы жұғатын (туляремия) аурулар сирек ұшырасады.
Жоғарыда қарастырылған себептерге байланысты өндірістік негізде өнім
өндіретін мал шаруашылығы кешендерінде жұқпалы аурулардың алдын алып,
балау ғана емес жүқпалы аурулар бола қалған жағдайда оларды жою үшін
жүргізілетін шаралар ең алдымен қатаң түрде жүргізілетін ветеринариялық-
санитариялық әрекеттерге негізделуі керек. Өйткені мұндай шаруашылық-
тарда дағдылы эдістер: малды вакциналау, ауырғандарын үйреншікті жолмен
емдеу айтарлықтай нәтиже бермейдІ.
Достарыңызбен бөлісу: |