ларды іске асыру күрделі мәселе болып табылады.
Бордақыланатын мал
алдын-ала іріктелген жүқпалы аурулардан сау щаруащылықтардаң алынады.
Бұл шаруашылықтардан жарамды бұзауларды іріктеп алу жэне оларды тасы-
малдау дәрігердің басшылығымен жүргізіледі. Малды беретін шаруашылық-
та бұзаулар туғаннан соң 2 жэне 7 күн өткенде екі рет колибактериоз бен саль-
монеллезге қарсы егіледі. Іріктелген жануарлар автокөлікке тиелер_алдыңда
клиникалық байқаудан өткізіліп, термометрмен ыстығың тексереді, салмағьщ
өлшейді, кұлағына нөмірленген пластмасса
сырға салынады жэне стреске
қарсы домдалады. Стреске қарсы домдау транспортқа тиеу алдында.2 л темпе-
ратурасы +35...37° С жылы суға 125г глюкоза ерітіп ішкізу арқылы жүргізі-
леді. Оңың үстіне бұлшық етіне 500 000 ӘБ тетрациклин немесе окситетра-
циклин, 3 мл АДЕ үш витамині беріледі. Тұяқтары көңнен тазартылып, 0,5
% каустика содасының ертіндісімен, немесе 1-2 % формалин (креолин, лизол)
ертінділерімен дезинфекцияланады. Жүні щеткамен тазаланады, ластанған
жерлері жылы сумен жуылады. _
Жануарларды арнайы жабық автокөлікпен тасымалдайды,
Мал тиейтің
жабық фургонда ауаның қалыпты жылылығы (18...20°С), ылғалдылығы (75
%-
ға дейін), газдық құрамы (көмір қышқыл газы 0,25 %-ға дейін) сақталуы
керек.
Кешенде бұзауларды қабылдайтын жерде түсіріп, үстіне 1% хлорофос
ертіндісін бүркеді, колорифермен 40-50 минут кептіреді. 18 бастан үйшіктерге
орналастырады.
Әдетте бұзаулар жүмыс күнінің ақырында әкелінеді. Келесі күні қолдан
жасалынған сүтке 125г глюкоза қосылып беріледі. Келіп түскеннен кейін бір
тэулік бойы су берілмейді, автосуарғыштар жауып тасталынады.
Алғашқы екі
күні таңертең жэне кешке 2 рет жасанды сүтке 1,5г тетрациклин қосылып
беріледі. Онан кейін 16 күн бойы бұзаулар күн сайын 6г азықтық антибиотик,
бір басқа шаққанда 60 000 ӘБ алады. Екінші күннен бастап жануарлар кешен-
де қабылданған тэртіп бойынша азықтандырылады. Алғашқы 15 күн олар
үшін карантин болып есептеледі_ де, дэрігерлік бақылауда .болып, ішіңара
денесінің қызуы өлшеніп тұрады. Карантиннен кейін үйшіктегі бүзаулар 360
бастан бір секцияға ауыстырылады. Бір айлық кезінде аусылға қарсы, тағы 7-8
күннен соң трихофитияға қарсы ТФ-130 вакцинасымен егіледі.
Достарыңызбен бөлісу: