Кешенді далалық-оқу тәжірибесін ұйымдастыруда жобалау технологиясын пайдалану



Дата24.05.2017
өлшемі140,21 Kb.
#17020

Нургалиева Айнур Алихановна,

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің PһD докторанты



НазароваГульмира Асылбековна,

Қорқыт Ата атындағ ҚМУ,

«Биология және география»

кафедарасының аға оқытушысы, п.ғ.к.




Кешенді далалық-оқу тәжірибесін ұйымдастыруда жобалау технологиясын пайдалану
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 5В011300-«Биология» мамандығы бойынша далалық-оқу тәжірибесі 1 курстан бастап 3 курс аралығанда: 1-2 курстарда (2, 4 семестрде) - «Өсімдіктер морфологиясы мен систематикасы» және «Зоология» пәндерінен, ал 3 курста, яғни 6 семестрде кешенді (Генетика, Қолданбалы биология, Өсімдіктер физиологиясы, Биологияны оқыту әдістемесі пәндері бойынша) оқу практикасы ұйымдастырылады.

Студенттердің кешенді далалық-оқу практикасын ұйымдастыру және өткізу технологиясы мынадай элементтерден тұрады:

►кешенді далалық-оқу тәжірибесін жоспарлау;

►әдістемелік қамтамасыз ету;

►бақылау және орындалу бағасын айқындау;

►талдау және жетілдіру.

Кешенді далалық-оқу тәжірибесін жоспарлау дегеніміз студенттің өз бетінше және оқытушының жетекшілігімен орындайтын жұмыстың көлемін белгілеу болып табылады.

Кешенді далалық-оқу тәжірибесінің мазмұны кешенділік ұстанымына негізделе отырып құрастырылады, яғни әр пән бойынша жеке тапсырмалар қатары және олардың жиынтығы тұтас бір зерттеу нәтижесін беретін тақырып болуы тиіс. Бұған жобалау технологиясы арқылы қол жеткізуге болады. Жобалық ұйымдастырушылық технологияларды қолдану арқылы инновациялық білім беру студенттердің оқу іс-тәжірибесін жүргізу мен ұйымдастыруда ерекше назар аударуды талап етеді.

Қазіргі таңда жобалап оқыту технологиясы ЖОО арасында кеңінен қолданылып келеді. Бұл технология алғаш рет АҚШ-та пайда болған жобалау әдісі негізінде пайда болды. Жобалау әдісі прагматикалық педагогиканың теориялық концепциялары негізінде жасалды. Бұл әдістің негізгі ерекшелігі оқыту іс-әрекеті «Бәрі өмірден, бәрі өмір үшін» қағидасымен құрылатындығында. Бұл қағида білім алушылардың оқу іс-әрекеті кезіндегі өз өмірлерінен алынған және өмірлерімен тығыз байланыста құрастырылған жобалау әдісі арқылы берілген білімнің неғұрлым сіңімді болатындығын анықтайтындай мотивациялық аспектілерін қалыптастырады, сонымен қатар, жоба мазмұнымен анықталатын нақты тәжірибелік тапсырмаларды шешуге үйретеді. Өткен ғасырдың 20-30 жылдарында кешенді-жобалық деп аталатын бағдарламаларды енгізу кезінде кеңінен қолданылды.

Қазіргі кезде жобалап оқыту технологиясы жобаның біртіндеп және бірізді күрделенген практикалық тапсырмаларын жоспарлау мен орындау барысында білім мен іскерлікті игеруге бағытталған жүйе ретінде қарастырылады.

Жоғары мектеп биологиясын оқытуда жобалап оқыту технологиясын пайдаланудың мәні тек бір немесе бірнеше сабақ барысында жоба тапсырмаларын орындауды ғана білдірмейді, сонымен қатар ол таным үдерісі жүретін және қажетті білік пен дағдылар қалыптасатын зертхана ретінде - айнала қоршаған ақиқаты да пайдалануды да меңзейді.

Жобалап оқыту технологиясы қағидаларының ерекшелігі төмендегідей:

- білім алушылардың назарын жоба тапсырмаларының нақты шешімін табудың қажеттілігі негізделетін білімнің практикалық құндылығына аударып, оны шешуге жеке қызығушылығын қалыптастыру;

- білім алушылардың жоба түрін өз еркінше таңдауы оның өз әрекетіне қызығушылығын және оның нәтижелілігін қамтамасыз етеді;

- жобалап оқытуда білім алушының танымдық әрекеттерін арттыруды тек бір ғана пәнмен шектемей, оқу жоспары бойынша басқа да бірнеше пәндермен байланыстыра отырып кең көлемде дамытуға мүмкіндік беру;

- білім алушылардың жоба тапсырмаларын орындау барысында жан-жақты білімнің маңыздылығы мен қажеттілігін ұғынуы.

Жобалап оқытудың мақсаты сан қырлы және төмендегідей бағыттарды қамтиды:

- жобалап оқыту әдісі арқылы әрбір қатысушысының бойындағы өз мүмкіндігін көрсете білуіне деген сенімділігін арттыру. Бұл мақсат «жетістіктер жағдаяты» қағидасы бойынша жүргізіліп, білім алушының өзінің құндылығын сезіндіруге, жоба тапсырмаларын орындау барысында бар мүмкіндігін пайдаланып, ортақ істе өз орнын тауып, нәтижелі жеңіске құлшындыруға, өзін-өзі тануға, жеке танымының өсіп-жетілуіне жетелеу.

- нәтижеге жетуде ұжымдық еңбектің маңыздылығын сезіндіру, шығармашылық тапсырмаларды орындауда серіктестіктің ролін арттыра отырып, жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасаудың үздік үлгілерін қалыптастыруға бейімдеу;

- зерттеу машықтарын дамыту: жағдаятты мәселелерді дәл таба отырып, оны талдауға үйрету. Қажетті ақпараттарды іздеу және іріктей білу, бақылау жасап, болжамдар айту оны дәлелдеу, зерттеу нәтижелерінен жобаны жүзеге асыруда нақты тұжырымдамалар жасау;



Жобалап оқыту технологиясының дидактикалық ережелері:

1. Адамгершілік қағидасы: оқыту-тәрбие беру іс-әрекетінің нысанасы –білім алушы, оның табиғи ой-өрісі мен бейімділігін зерделеу.

2. Білім беру әрекеті - оқу пәнінің қисынына емес, білім алушының оқуға, білім алуға ынтасын арттыратын әрекеттер қисынына негіздеу.

3. Жобамен жұмыс барысында білім алушының тұлғалық дамуын жетілдіретін жеке жұмыстар қарқынын анықтау.

4. Оқу жобаларын талдауда білім алушының жеке тұлға ретінде психикалық қасиеттерін дамытуға сай келетін әрекеттерді іріктеу.

5. Сан алуан танымдық-зерттеу жобаларының тапсырмаларын орындау барысында терең игерілген саналы білім негізін қалыптастыру.

Т.И.Шамованың Үздік жобалау әрекетінің Ережесі төмендегідей:

1. Топ құрамында жетекшілер жоқ. Топтың барлық мүшелері өзара тең құқылы. Топтар өзара жарыспайды.

2. Топ мүшелері бір-бірімен араласа, пікір алысу әрекеттерінен жағымды ой қалыптастырып, жобаны орындауда ұжымдық қарым-қатынастың маңыздылығын сезіне білулері тиіс.

3. Топтың әрбір мүшесі өз мүмкіндігіне нық сенімділігінен ләззат алу керек.

4. Ортақ істе әрқайсысы белсенділік танып, өз үлестерін қосу керек. Топта «ұйқтап жатқан» немқұрайлылық болмауы тиіс.

5. Жоба тапсырмасын орындаушы топ мүшелері жұмыстың нәтижесіне бәрі бірдей жауапты.

Зерттеушілердің бір бөлігі аталған ережелерге жобамен жұмыс жасау барысында ауыс-түйіс (ротация), яғни – топ мүшелерінің міндеттерін ауыстырып отыру әдісін қосуды ұсынады. Оқыту жүйесіне жобалай оқыту әдісін қолдану үшін, жобалар түрінің әр түрлі болатындығын және сан қырлы типологиялық сипаттарға жіктелетінін білгендері дұрыс. Осы сипаттарға жататындар:

- жобада әрекеттің басымдылығы;

- пәндік – мазмұндық салмағының артуы;

- жобаның үйлестірушілік сипатта болуы;

- жобаға қатысушылар саны;

- жобаның орындалу ұзақтығы (мерзімі)

Жобалауға кеткен уақытқа байланысты оқу жобасы үшке бөлінеді:

►қысқа мерзімді (2-6 сағат);

►орташа мерзімді (12-15 сағат);

►ұзақ мерзімді.

Интеграциялау мерзіміне қарай оқытылатын пән мазмұны негізінде жасалған жоба пәндік және пәнаралық болуы мүмкін. Білім алушыларға пәнаралық жобалар қызығушылық тудырады. Жобаға қатысушылардың саны бойынша жеке және ұжымдық болып бөлінеді. Ұжымдық жобаны екі студент орындаса қосарлы, ал егер бір топ студенттің қатысуымен болса оны топтық деп атайды.

Іс-әрекеттің басымдылығына байланысты жобалар шығармашылық, зерттеушілік, танымдық, ойын арқылы және практикаға бағытталған деп бөлінеді. Зерттеушілік жобалар ғылыми проблеманы шешуге бағытталған. Мұнда тақырыптың көкейтестілігін, мақсатын, міндеттерін, зерттеу нысандарын, нәтижелерді талықылау мен қорытындылау өте маңызды. Бұл жобаларды сабақ үстінде және дәрісханадан тыс уақытта жасауға болады. мысал ретінде аймақтағы экологиялық проблемаларды шешуге, табиғи байлықтарды ұтымды пайдалануға, өсімдіктерден қажетті дәрілік заттарды алуға және т.б. жобаларды келтіруге болады. Кез келген зерттеушілік жоба дайындауда білім алушының шығармашылық қабілеті оянады.

Практикаға бағытталған жобалар практикалық нәтижелер беретін болуы қажет. Мысалы, су қоймаларын биологиялық жолмен тазарту, автокөліктердің қоршаған ортаны ластауын биологиялық жолмен азайту және т.б. Дидактикалық құралдардың қолданылуына қарай жобалар классикалық, ақпараттық және коммуникативтік болып бөлінеді. Классикалыққа жататындар: басылымдар (оқулықтар, ғылыми көпшілік әдебиеттер, ғылыми журналдар), көрнекіліктер (кестелер, сызбанұсқалар, суреттер) жатады. Компьютерді қолдану арқылы ақпаратты тез жинақтауға, талдауға, өңдеуге мүмкіндік алады.

Жобамен жұмыс жасаудың кезеңдері тапсырманың мазмұнын айқындауда тиімді бағдар береді. Жобалар әдісінде жобамен жұмыс жасаудың келесі кезеңдері анықталады:  іздеу, конструкторлық, технологиялық, қорытынды.  

Жоба технологиясын кешенді далалық оқу тәжірибесі барысында іске асыру үшін оқытушының арнайы әзірлігі қажет. Оқытушы бірнеше пәндер бойынша студент өз білімін пайдалана отырып және әр пән бойынша жеке тапсырмаларды орындай отырып, кешенді мазмұндағы зерттеу нәтижесін алуы керек. Ол үшін студенттің пән бойынша аудиториядан тыс орындалатын өзіндік жұмыстары мен зерттеу жұмысының өзара байланысын іске асыру тетігін анықтаймыз. Сондықтан, далалық оқу тәжірибесінде оқытушының студенттердің зерттеу әрекетін ұйымдастыруға әзірлігінің мазмұнын төмендегіше жоспарлаймыз:



  1. Оқытушының кредиттік оқыту жағдайында кешенді далалық-оқу тәжірибе барысында студенттің зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруға әзірлігі

  2. Кешенді далалық-оқу тәжірибесінің негізін құраушы пәндердің ОӘК-нің мазмұнындағы студенттің өзіндік жұмысының тақырыптарына сәйкес далалық-оқу тәжірибесінде студенттің пайдаланатын тапсырмалар құрастыру

  3. Негізгі пәндердің бағдарламасына қарастырылған тақырыптар мазмұнына сәйкес:

  • студенттің өзіндік жұмыстарының және оқытушымен орындайтын тапсырмалар қатарын іріктеу;

  • студенттің зерттеу әрекеттерінің тапсырмалар қатарын іріктеу

  1. Тапсырманы орындау ретін және формасын жобалау технологиясының кезеңдеріне сәйкес белгілеу, жобаны орындалу үлгісін беру:

Іздеу кезеңі

  • Мәселені іздеу және талдау.

  • Жоба тақырыбын таңдау.

  • Кезеңдер  бойынша  жобалау іс-әрекетін жоспарлау.

  • Жоба тақырыбы бойынша ақпаратты жинақтау, зерделеу, өңдеу.

Конструкторлық кезеңі.

  • Жоба тапсырмасының оңтайлы шешімін іздеу.

  • Дизайн талаптарын ескере отырып, құрылым нұсқаларын зерттеу. Дайындау технологиясын таңдау. Баға беру.

  • сараптама жасау. Конструкторлық және технологиялық құжаттарды құрастыру.

Технологиялық кезең.

  • Жобаны тәжірибеде жүзеге асырудың жоспарын құру, қажет материалдарды, құралдарды және құрылғыларды таңдау.

  • Жоспарланған технологиялық операцияларды орындау.

  • Сапаға ағымдық бақылау жасау.

  • Қажет болған жағдайда құрылымға және технологияға өзгерістер енгізу.

Қорытынды кезең.

  • Жобаның орындалуының сапалық бағасы.

  • Жобаның орындалуындағы нәтижелерді талдау.

  • Жобалаудың нәтижелерін қолданудағы мүмкіндіктерді зерделеу.

Кешенді далалық оқу тәжірибесінің негізін құрайтын пәндердің зерттеу нысаны мен пәнін және мақсат-міндеттерін саралап, зерттеу нәтижесінде бір тұтас зерттеу жұмысын алуға болатын тапсырмалардың мазмұнын төмендегіше анықтадық.

Тапсырмалар тақырыбы:

  1. Гүлді өсімдіктермен тәжірибе жүргізу.

  2. Жеміс ағаштарымен тәжірибе жүргізу.

  3. Далалық мәдени дақылдармен тәжірибе жасау.

  4. Көкөніс өсімдіктерімен тәжірибе жүргізу.

  5. Жуашықты өсімдіктерді табиғи жолмен көбейту әдісі.

  6. Зиянды құмырсқа түрлерімен күресуде тиімді әсер етуші өсімдіктер.

  7. Ашық грунта өсірілетін декаративті өсімдіктердің агротехникасы .

  8. Түрлі субстраттардың шегіргүлді өсіруге әсерін анықтау.

  9. Парктер мен саябақтарда өсіруге тиімді өсімдік түрлерін анықтау.

  10. Агроценоздарды биоиндикациялық әдіспен зерттеу тәсілдері.

  11. Өсімдіктердің өсуі мен дамуына биологиялық бақылау жасау (Куперман бойынша)

  12. Түрлі топырақта өсетін өсімдіктердің физиологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

  13. Арамшөптердің түрлері және олармен күресу шаралары.

  14. Ауылшаруашылық өсімдіктердің өсуіне фитогормондардың әсері.

  15. Өсімдіктердегі физиологиялық процестерге тыңайтудың әсері.

  16. Өсімдіктердегі физиологиялық процестерге тамырдан тыс қоректенудің әсер етуі.

  17. Өсімдіктің дамуына қысқа және ұзақ күндегі фотопериодтың ықпалы

  18. Картоптың өнімдіілігіне фитогормондардың әсерін зерттеу

Әрбір студент «Биологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша сынаққа мыналар ұсынуы тиіс:

«Мектептегі оқу- тәжирибе учаскесі» тақырыбы бойынша:

  1. Мектеп оқу тәжирибе учаскесінің маңызы, функциясы және құрылымының жазбаша түсінігі.

  2. Жергілікті жағдайларды ескере отырып оқу – тәжірибе учаскесінің жеке нұсқасын жасау.

«Мектептегі биология кабинеті» тақырыбы бойынша:

  1. Мектеп биология кабинетінің маңызының функциясының жеке құрылымының жазбаша түсінігі.

  2. Мектеп биология кабинетінің ықтимал нұсқасын әзірлеу.

«Жалпы білім беретін мекемелерде биология бойынша сыныптан тыс жұмыс» тақырыбы бойынша.

  1. Биология бойынша сыныптан тыс жұмыстың формалары мен түрлері логикалық сызбасының жазбаша түсінігі.

  2. Орта мектептердегі биология бойынша сыныптас тыс жұмыстар тәжірибесін қысқаша бейнелеу.

  3. Биология бойынша бір топтық және бір жаппай сыныптан тыс шараның жоспар конспектісін рәсімдеу.

«Білім беру мекемелеріндегі тәжірибелік жұмыс» тақырыбы бойыншы:

  1. Қазіргі заманғы мектептер жағдайындағы тәжірибелік жұмыс маңызын жазбаша көрсету

  2. «Өсімдіктер», «Жануарлар» тарауларын оқып уйрену кезіндегі тәжірибелік жұмыстар жүйесін әзірлеу.

«Білім беру мүшелеріндегі тірі нысандарды зерттеу жөніндегі үйірме жұмыстары» тақырыбы бойынша:

  1. Тірі табиғаттың жас зерттеушілер үшін үйірмелердің рөлі туралы тезистерді жазбаша көрсету.

  2. «Тірі табиғаттың жас зерттеушілері үйірмелерінің алуан түрлілігі» логикалық сызбасын жазбаша көрсету.

  3. Берілген тақырып бойынша үйірменің жеке жоспарын жасау.

«Білім беру мекемелеріндегі тірі табиғат бұрышы және оранжерея» тақырыбы бойынша:

  1. Оқушылар үшін тірі табиғат бұрышы мен оранжерияның маңызы туралы тезистерді жазбаша көрсету.

  2. Сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстар тақырыбын көрсетумен тірі табиғат бұрышы мен оранжерия жұмысының жоспарын әзірлеу.

«Білім беру мекемелеріндегі гүл өсіру мен сәндік бақ шаруашылығы» тақырыбы бойынша:

  1. Білім беру мекемелерінің гүл өсіру және декоротивтік учаскелерін рәсімдеудің ғылыми – негізделген нұсқаларын жазбаша көрсету.

  2. Гүлді және декоративті дақылдарымен тәжірибелер тақырыбын әзірлеу.

Әдістемелік қамтамасыз ету далалық-оқу тәжірибесінде орындалатын тапсырмалардың жүйесі және оларды орындау бойынша нұсқаулықтардың, бағдарламаның болуы. Зерттеу әрекетінде керекті нәтижені алу үшін қойылатын негізгі шарт – студенттерді оқу-әдістемелік және анықтама-нормативтік материалдармен толық қамтамасыз ету қажет.

Кешенді далалық-оқу тәжірибесінің әдістемелік нұсқау бағдарламасын төмендегідей мәліметтер негізінде құрастырамыз.

І. Ұйымдастырушылық әдістемелік нұсқау бөлімі

Іс-тәжірибенің мақсаты мен міндеті

Кешенді далалық-оқу тәжірибесінің мақсаты — «Қолданбалы биология және топырақтану негіздері», «Өсімдіктер физиологиясы», «Генетика», «Биологияны оқыту әдістемесі» және «Эволюциялық ілім» пәндері бойынша зерттеушілік әрекеттің әдістері мен әдістемелік тәсілдерін меңгерту негізінде студенттің биолог-педагог мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби біліктілігінің қалыптасуына ықпал етуі;

► кешенді далалық-оқу тәжірибесінің негізін құрайтын пәндер бойынша оқу-зерттеу тапсырмаларының жүйесін бейнелейтін — мазмұнын;

Кешенді далалық-оқу тәжірибесінің нұсқаулығында студенттердің орындайтын зерттеу жобаларының тақырыптары және кейбір тақырыптар бойынша үлгісі берледі.

Биологиялық пәндер бойынша далалық оқу тәжірибесінде ғылыми-зерттеу тапсырмалары төмендегі талаптарға сай болуы тиіс:



  • Тапсырмалар мақсатқа сай келуі және биологиядан ғылыми-зерттеу тәжірибесінің мазмұнын айқындауы тиіс;

  • Тапсырмалардың құрылымы мен мазмұны оқытудың педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік принциптеріне сай болуы қажет;

  • Ғылыми-зерттеу тапсырмалары биологиялық пәндердің ғылыми-зерттеу тәжірибесінде оқытылатын түсініктердің қалыптасу мен дамуы, енгізілуі, дәйектердің ашылуы, биологиялық құбылыстар мен үдерістердің заңдылықтары турасындағы тапсырмалармен қамтылуы тиіс;

  • Тапсырмалар және олардың мазмұны студенттердің өзіндік жұмыс жасау қабілеттерінің пайда болу дәрежесі бойынша біртіндеп күрделенуі және дамуы тиіс;

  • Ғылыми-зерттеу тапсырмалары зерттеушілік дағдының құрамына кіретін түрлі ойлану және практикалық әрекетттерді орындауға бағытталуы тиіс;

  • Ғылыми-зерттеу тапсырмаларының құрамына студенттердің білім көзі ретінде табиғи биологиялық нысандарды қолдануына, шығармашылық және өзіндік әрекеттерін дамытуға бағытталған тапсырмалар енуі тиіс;

  • Биологиялық пәндер бойынша ғылыми-зерттеу практикасының әрбір нақты тақырыбын оқыту барысында ғылыми-зерттеу тапсырмалары жүйелі түрде қолданылуы тиіс;

  • Зерттеу жұмыстарының мазмұны биология ғылымының қазіргі кездегі нақты мәліметтеріне сай келетін материал негізінде құрылуы тиіс;

  • Ғылыми-зерттеу тапсырмалары студенттерді қажетті ғылыми ақпаратты білімнің түрлі салаларынан іздеуге және пайдалануға бағыттауы тиіс.

Жоба технологиясына негізделген тапсырмалар кешенді далалық оқу тәжірибесі мазмұнының дидактикалық бірлігі ретінде студенттерде шығармашылық қабілеттер мен зерттеу әрекеттеріне қажеттілік пайда болуы үшін негіз болып табылады, практиканың далалық жағдайында жаңа биологиялық білім игеруде студенттердің белсенділігі мен өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерінің артуына әсер етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Селевко Г.К. Энциклопедия образовательных технологий: В 2 т. Т. 2. – М.: НИИ школьных технологий, 2006. – 816 с

  2. Пономарева И.Н., Соломин В.П., Сидельникова Г.Д. Общая методика обучения биологии. Учебное пособие для студентов педвузов. – М.: Издательский центр «Академия», 2003. – 272 с.

  3. Архангельский С.И. Учебный процесс в высшей школе, его закономер-ные основы и методы. – М.: Высшая школа, 1980.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет