Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет73/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

7.4. Дезинфекция
Дезинфекция туралы түсінік. 
Дезинфекция деп сыртқы ортадағы жұк- 
палы аурулардың қоздырушылары - зардапты микробтарды жою шараларын 
айтады. Бұл зардапты микробтарға бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, 
микоплазмалар жэне риккетсиялар жатады.
Дезинфекция француздың 
des -
жоямын, латынның 
infectio -
жұқтыру 
деген сөзінен тұрады, оның баламасы зарарсыздандыру яғни, жұқпайтын ету. 
Дезинфекцияның нэтижесінде сыртқы ортадағы заттар зарарсызданып, он- 
дағы зардапты микробтар өлтіріліп, ауру жұқпайтын болады. Зарарсыздан- 
дырудан басқа "залалсыздандыру" деген ұғым бар. Микроб өліп, дезинфек- 
цияланған зат зарарсызданғанымен, онда микробтың уы, басқа да зиянды қал- 
дықтар сақталуы мүмкін. Сондықтан да зарарсыздандыру әлі басқа да толық 
залалсыздандыру емес. Сонымен қатар зарарсыздандыру мен стрилдеудің де 
айрмасы бар. Зарарсыздандыру, яғни дезинфекциялау, зардапты микробтарды 
жою болса, стрилдеу зардапты микробтармен қатар барлық микроб атаулыны 
жою. Ескеретін жай, зардапты жэне зардапты емес микробтардың арасында
100


айқын шекара жоқ жэне күнделікті өмірде зарарсыздандырудың нәтижесін 
зардапсыз микробтардың жойылғандығы арқылы анықтауға тура келеді. Ал 
енді қазіргі заманғы ірі өндірістік кешендерде дезинфекцияны аса көп мөл- 
шерде шоғырланған зардапсыз, не болмаса шартты түрде ғана зардапты ми- 
кробтарға қарсы жүргізеді.
Дезинфекция нысандары. 
Дезинфекция нысандарына яғни зарарсыз- 
дандырылатын заттарға жататындар:
- мал қоралары: сиыр, қой, ешкі, жылқы, құс, қоян қоралары, терісі ба- 
ғалы аңдардың лапастары (шед), инкубаторлар, ара ұялары, мал төлдейтін қо- 
ралар, бұзау профилакториялары, төл қоралар, оқшауханалар, карантин жай- 
лары;
- ветеринариялық нысандар: емханалар, ауру малдарға арналған стацио- 
нарлар;
- мал қораларының ішкі жабдықтары: мал тұрағы (стойло), астау мен 
науа, мал байлайтын жабдықтар;
- малды күту жабдықтары: қамыт-сайман, ер-тұрман, ноқта-жүген, тарақ- 
шетка;
- арнаулы жұмыс кимдері: етік, алжапқыш;
- су жэне су көздері, малдың жемі;
- эр түрлі жайлар мен бөлме ішіндегі ауа;
- мал серуендейтін аула, топырақ;
- сүрлем шұңқырлары мен мұнаралары, жем қоймалары;
- көлік жабдықтары жэне ыдыстар;
- көң, садыра, канализация ағындысы, сарқын су;
- мал өлекселері, шу, қасапхана тастандылары;
- мал мен құстан алынған шикізаттар: тері, жүн, түбіт, қауырсын, мамық, 
қыл, сүйек;
- инкубациялық жұмыртқа;
- малдың сүті, желіні, сыртқы жыныс мүшелері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет