Аллергиялық синдром «Аллергия»



бет1/7
Дата11.02.2022
өлшемі22,91 Kb.
#131492
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
АЛЛЕРГИЯЛЫҚ СИНДРОМ


АЛЛЕРГИЯЛЫҚ СИНДРОМ
«Аллергия» деген түсінікті алғаш рет 1906 жылы Пирке енгізген. Ол гректің allos -басқа және ergon - қимылдау, іс тістеу деген екі сезінен шыққан. Қазіргі ғылымда «аллергия» терминімен адам ішкі және сыртқы ортадағы кейбір заттарға шектен тыс пайда болған сезімталдығын атайды. Аллергияны туындататын заттар аллергендер деп аталады, олардың экзогендік және эндогендік деп екі топқа жүйелеп бөледі.
Экзогендік аллергендер инфекциялық емес (тұрмыстық шаңтозаңдық, дәрілік, химиялық заттарға, эпидермалдық, тағамдық т.б.) және инфекциялық (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар т.б.) болып бөлінеді.
Қарсыген (антиген) организмде антидененің түзілуіне әкеліп соғады. Қарсыденелер - бұл гамма глобулиндер фракциясына жататын сарысулық белоктар. Олар физикалық және химиялық құрылысына, молекулярлық салмақтарына қарай бес класқа бөлінеді (Ig, М, Q, A, E, Д), аллергиялық қарсыденелер Ig E тобына жатады. Қарсыгенің әсеріне организм иммундық жүйесінің қызметімен жауап қайтарады.
Аллергиялық реакциялар екі түрге бөлінеді: шапшаң және баяу. Қазіргі терминология бойынша - шапшаң түрдегі аса сезімталдық (ШТАС) және баяу түрдегі аса сезімталдық (БТАС). Шапшаң дамыған аллергиялық реакциялар антигенмен жанасқаннан кейін 20-30 минут ішінде, ал бояу болса ол бірнеше сағаттан соң дамиды.
Аллергендер организмге алғаш енгенде оның зиянды қасиетті болмайды. Аллергияның клиникалық көріністері аллергендердің белгілі бір уақыттан соң қайтадан сол организмге тап болуы кезінде ғана пайда болады. Аллергеннің организмге алғаш және қайта енуі аралыгындағы уақытын сенсибилизация (латынша «sensybilis» - сезімтал) кезеңі деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет