Аллергиялық синдром «Аллергия»



бет5/7
Дата11.02.2022
өлшемі22,91 Kb.
#131492
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
АЛЛЕРГИЯЛЫҚ СИНДРОМ
00081f5b-fa5c2c9e, Гипергликемиялық кома
Клиникалық көріністері
Бұл шок бірнеше секундтан екі сағатқа дейін созылады. Науқастың ыстығы көтеріліп қорқынышты үрей пайда болып әлсіздік, шаншыу, дене қышуы мен жалғасады. Кеуде қысылып ентігеді, тілі аузына сыймай, басы ауырып, айналып, жүрегі айнып, лоқсып құсқысы келеді. Кейде науқастың іші де ауыруы мүмкін. Кейде осындай арыз-шағымдары айталмай есінен таныпта қалады. Көріп тексергенде: науқастың терісі бозарып, қызарып, кейде көгеріп түруы мүмкін, қабағы, беті ісініп, тершеңдік байқалады. Дененің қалтырауы, дірілдеуі мүмкін. Бұл кезде еріксіз зәр мен нәжісте шығуы мүмкін. Көздің қарашығы үлкейеді, жарыққа өзгермейді. Тамыр соғуы жиілеп әлсірейді. Жүрек тондары нашарлап, ритмі бұзылады. Қан қысымы анықталмайды. Тыныс алуы нашарлап кеудеден сырылдар пайда болып аузынан ақ көбік шығып тұрады. Өкпені тыңдағанда ылғалы сырылдар болуы мүмкін, кейде тіпті ештеңе естілмейді, өйткені бронхтардың барлығы дерлік қысылып ауаның кіріп шығуы нашарлайды, тіпті тоқтап қалады.
Емдеу.
Емнің нәтижелі болуы дәрігерлік көмектің дұрыс ұйымдастырлуынан болады. Кейде бәрін жасағанмен науқасты ажал құрығынан алып қалу мүмкін болмай қалады. Мұны білген жөн.
Негізгі емдік шараларға жататындар:
1. аллергендердің түсуін тоқтату
2. ауру төсекте жатуы тиіс. Науқастың тілін қысып тартып қою керек
3. егер жәндіктер шаққан болса улы заттың түскен жерінен жоғарғы жерінен жгутпен байлау керек
4. дәрінің немесе улы заттың түскен жері көрініп тұрса 0,5 мл 0,1% адреналин ерітіндісімен оның айналасына шаншу керек
5. 0,5 мл адреналин ерітіндісі тері астына жіберілуі тиіс
6. 60-90 мг кейде одан да көбірек преднизолон жіберіледі
7. науқастың қан қысымын өлшеп тұру керек. Егер көтерілмесе 1 мл 0,1% тавегил, немесе 1 мл 0,1% димедрол ерітіндісін бұлшық етке қайта жіберіледі.
8. тынысы тарылған науқастарға 10-20 мл 2,4% эуфиллин ерітіндісі қанға қүйылады
9. егер ісік пайда болса қанға 2-4 мл лазикс жіберіледі
10. жүрекритмі бұзылса қанға 0,5-1 мл корглюкон жіберіледі.

КВИНКЕ ІСІГІ
Бұл да сол есекжем ауруының бір түрі, ауыр түрі деп айтуға болады. Есекжемде науқастың терісі өзгеріске ұшыраса, бұнда тері және тері асты майы мен қоса өзгерістерге ұшырайды.
Себептеріне жататындар әртүрлі тітіркендіргіш (аллергендер) заттар, көбінесе солардың қосарлана әсер етуінен болады. Оларға жататындар: тағамдық заттар, дәрі-дәрмектер, бактериялар, кір жуатын ұлпалар, әртүрлі бояулар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет