Аллергиялық синдром «Аллергия»



бет2/7
Дата11.02.2022
өлшемі22,91 Kb.
#131492
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
АЛЛЕРГИЯЛЫҚ СИНДРОМ

ЕСЕКЖЕМ
Есекжем - аллергия ауруына жатады.
Бұл адам терісіне күлдіреп қышып, бөрітіп шығып, денеге тез тарайды. Теріде ісік пайда болып ісініп тұрады. Көбінесе әйелдерде 20 мен 60 жас аралыгында жиі кездеседі.
Негізгі себептеріне жататындар: дәрі-дәрмектер, көбіне антибиотиктерді, шаншу арқылы берілетін сұйық дәрілерді қабылдаганда, тағамдық көкөністерді қабылдағаннан кейін пайда болады.
Клиникалық белгілері: науқас аяқ астынан пайда болады. Теріде қышыма пайда болып, дереу күлдіреп ісіп шыға келеді. Бұл өзгеріс адам денесінің қай жері болса, сол жерінен шыға береді, кейін тарап бүкіл денені алып кетуі мүмкін. Күлдіреген ісік теріден көтеріліп, қызарып шығып тұрады. Көлемі әртүрлі болады. Негізгі ерекшелігі ол пайда болып тарауы да жоғалуы да тез арада болады (бір, бірнеше тәулік ішінде). Пайда болған кезде науқастың басы ауырып, әлсіздік пайда болып ыстығы көтерілуі (38-39 град.С) мүмкін. Бұл жедел түрі орта есеппен 5-6 тәулікке созылады. Кейін ол созылмалы түріне өтуі мүмкін (20-30 жаста).
Емдеуі. Науқасты ауруханаға жатқызу керек. Барлық беріліп жатқан дәрі-дәрмектер дереу тоқтатылуы тиіс. Кейбір сезіктенген тағамдар да берілмейді. Ішекті клизма арқылы тазалайды. Дереу гистаминдерге қарсы дәрі-дәрмектер берілуі тиіс. Оларга жататындар: димедрол, супрастин, тавегил, фенкарол, диазолин т.б. Бұларға қайтпаса гормонды дәрілер беріледі (преднизолон, дексаметазон т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет