Аллергиялық синдром «Аллергия»


БРОНХИАЛДЫ АСТМА ҰСТАМАСЫ



бет3/7
Дата11.02.2022
өлшемі22,91 Kb.
#131492
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
АЛЛЕРГИЯЛЫҚ СИНДРОМ

БРОНХИАЛДЫ АСТМА ҰСТАМАСЫ
Клиникалық белгілері.
Бұл ұстама негізінде науқасқа ауа жетпей қысылып, тынысы тарылып, ысқырық тәрізді сырылдар анадай жерден естіледі. Алғашында сыртқы тыныс мүшелерінен басталады, құрғақ жөтел т.б. Науқастың кеудесі қысылып ауа жетпей мазасызданады, ұстама кезінде науқас мәжбүр қалыпта 2 қолымен төсекте тіреп отырады. Бұл ұстама көпшілігінде бұрыннан бронхиалды астмамен зардап шекен науқастарда табылады. Кейде сау адамдарда да кездесуі мүмкін. Бұл кезде сырттан аллергендер әсер етуі мүмкін. Егер жедел жәрдем көрсетілмесе, аурудың тынысы тарылып, өкпеден ауа шығуы нашарлап, есінен тануы да мүмкін.
Науқасқа төмендегідей жедел жәрдем жасалуы тиіс:
1. аллергендердің сырттан түсуін тоқтату керек
2. науқасты ыңғайлы етіп отырғызып, таза ауа келуін қадағалау
3. тез ғана тері астына 0,2-0,3 мл 0,1% адреналин, 5%-1,0 мл эфедрин ерітінділері енгізіледі
4. ингаляция әдісімен беротек, алупент, вентолин, сальбутамол т.басқа да симпатомиметиктермен науқас тыныс алуы қажет
5. 2,4% 10 мл эуфиллин ерітіндісін қанға немесе 2 мл бұлшық етке енгізу керек
6. оттегіні беру 130-60%
7. жасалған емдер дұрыс нәтиже бермесе глюкокортикоид гормондары - 125-250 мг гидрокортизон немесе 60-90 мг кейде көбірек преднизолон беріледі.
8. медицина қызметкелері науқастың кеудесін уқалап қалыпты тыныс алуына жәрдемдесуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет