Реферат Тақырыбы: Ауылдық кәсіпкерлікті қолданудың заманауи инистутарының дамуы: бизнес инкубаторлар Жоспар



бет1/4
Дата24.12.2021
өлшемі222,76 Kb.
#104794
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
реферат


Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Реферат

Тақырыбы:Ауылдық кәсіпкерлікті қолданудың заманауи инистутарының дамуы:бизнес инкубаторлар


Жоспар


І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1.Аймақтық шағын бизнесті дамыту орталығы.

2.Бизнес-инкубаторларды қаржыландыру мен олардың негізгі шығындарын қарастыру

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланған әдебиеттер







































Кіріспе

Бизнес-инкубаторлар — инновациялық шағын кəсіпкерлікті қолдаушы инфрақұрылымдық ұйымдар


«Бизнес-инкубатор» сөзі біздің тұрмысымызға «business», «incubator» деген ағылшынның екі сөзінен келген. Бізде «инкубатор» түсінігі дəстүрлі түрде құс өсіру жəне жылы түрде балапан өсірумен байланыстырылады. Жаңадан бастаушы кəсіпорындармен үйлестірсек, бұл сөз жаңадан құрылушы кəсіпорындардың тəжірибе алатын жəне одан əрі өсіру мен нарықтағы өз ұстанымдарын нығайтуға көмек алатын орнын сипаттайды. Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткен соң, əдетте үш жылдан соң, фирма бизнес-инкубатордан шығады жəне дербес өмір сүре бастайды. Бұл кезде оның қолында бар айтарлықтай тəжірибесі мен əлеуеті бірінші кезеңде өте жиі орын алатын банкротқа ұшыраудан құтылуға ғана емес, сонымен бірге əрі қарай дамуына да мүмкіндік береді. Ал оның босаған орнына бизнесті нөлден бастайтын жаңа фирмалар келеді.

Бизнес-инкубатордың əр түрлі мағынасы бар. Біреулер бизнес-инкубаторды шағын кəсіпорындарға төмен бағада жалға беретін ғимарат деп есептеуді ұсынады. Басқалар оны шағын бизнесті дамыту мен кəсіпкерлікті белсендетуді негізгі мақсат етіп ұстанатын құрал ретінде қарастырады [1]. Біздің ойымызша, бизнес-инкубаторды ғимараттың жай ғана бірлесе пайдалануы деп түсіну теріс болады. Ол кəсіпкерлерге тек алғашқы жылдары кездесетін қиындықтарды жеңуге ғана емес, сондай-ақ кəсіпорынның əрі қарай сəтті жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін менеджмент пен қаржы саласында жақсы тəртіпке келтірілген қолдауларды көрсетеді.

«Бизнес-инкубатор» сөзі кəсіпорын кұрудың икемді əдістер жүйесі деген мағынаны білдіреді. Бизнес-инкубаторлар тек АҚШ-та ғана емес, сондай-ақ Франция, Германия, Швеция, Англия, Жапо- ния, Қытай сияқты елдерде де кеңінен тараған. Əр түрлі елдерде бизнес-инкубаторлар инновациялық орталық, технология жəне бизнес орталығы деп əр түрлі аталады.

АҚШ-тағы бизнес-инкубаторлар саны соңғы жылдары теңдесі жоқ қарқынмен көбейді: 1980 жылы 10-ан 1994 жылы 500-ге дейін, əр аптада бір бизнес-инкубатор пайда болды [2]. Ұлттық биз- нес-инкубаторлардың арқасында 82000-ға жуық жұмыс орындары құрылған, яғни бір бизнес- инкубаторға орташа 140-қа дейін жұмыс орны келеді екен. Бизнес-инкубаторлардың арқасында банкротқа ұшырайтын кəсіпорындар санын азайту мүмкіндігі пайда болды. АҚШ-тың Адвокаттық кеңесінің мəліметтері бойынша, алғашқы 4–6 жылда 55 %-дан 65 %-ға дейін кəсіпорындар сəтсіздікке ұшырайды екен. Бұл көрсеткіш барлық əр түрлі бизнес-инкубаторларда 20-% ға дейін төмендетіледі



Негізгі бөлім

Бизнес-инкубаторлар — кəсіпкерлерді қажетті кеңес берулермен жəне қолдау көрсетулермен қамтамасыз ететін бизнеске көмек көрсету бағдарламасы. Əдетте бизнес-инкубаторлар арнайы жер- лерде орналасады жəне оларға бірнеше жаңадан бастаушы фирмалар орналастырылады.

Олар құрал- жабдықтарды тек бірлесе пайдаланып қана қоймай, сонымен бірге бизнестің əр түрлі бағыттары бойынша, кеңес беруді қоса алғанда бизнес-инкубатор тарапынан көрсетілетін барлық қызметтерді тең дəрежеде пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Кейбір қызмет көрсетулердің құны жалға беру құнына қосылған; көрсетілетін қызметтің басқа түрлерінің бағасы айтарлықтай төмен.

Бизнес- инкубаторлар келесі қызмет түрлерін көрсетеді: қаржылай көмек көрсету бойынша кеңестер беру; менеджментке көмек көрсету; жалпы сипаттағы көмек көрсетулер; кəсіби сипаттағы көмек көрсетулер; жеңілдетілген бағада жай жəне құрал-жабдықпен камтамасыз ету (1-кесте).

Бизнес-инкубатордың негізгі қорларына мыналар жатады:


  1. бизнес-инкубатор қызметкерлері, оның ішінде кеңес берумен қамтамасыз ететін қызметкерлер;

  2. құрал-жабдықтар, оның ішінде оргтехника (көшіруші машиналар, факсимилды аппараттар, компьютерлер жəне т.б.);

  3. бір ай мерзімге жалға берілетін жиһаздар. Қажет болған жағдайда жалға беру шарты ұзартылады.

Бизнес-инкубаторлардың тиімді жұмыс істеуі келесі адамдар тобының қызметіне тəуелді: демеушілер, кеңес берушілер, басқару аппараты, басшы, бизнес-инкубатор қызметкерлері жəне биз- нес-инкубатордың тұтынушы кəсіпорындары.

Демеушілері бұл дербес бизнес ретінде бизнес-инкубаторына салынған барлық салымдардың 1/3 дейін құрайды. Кейбір ұйымдар немесе университеттер қаржы салмастан бизнес-инкубаторын дамытуға қорлар тарту мақсатында басқаларға əсер ете алады. Ондай жағдайларда бұл ұйымдар да демеушіге жатады.

Кеңес берушілер оларға əр түрлі бағыттардағы сараптаушылар жатады, соның ішінде тегін жəне төмен бағада кеңес берулермен қамтамасыз ететін ғалымдар, заңгерлер, банкирлер, технологтар жəне т.б. Бизнес-инкубатордың басында тұратын тұлғаның əр түрлі титулы бар: президент, атқарушы ди- ректор, директор немесе менеджер. Басқарушы тұлға ретінде «директор» немесе «атқарушы дирек- тор» ең лайықты лауазым болар еді. Себебі барлық бизнес-инкубаторлар коммерциялық емес ұйымдарға жатады. Дегенмен де «президент» сөзінің пайдалануы да ақталды. Бұл бизнес- инкубаторлардың тиісті тұтынушылары, көрсететін қызметтері, активтері жəне міндеттері бар бизнестің бір түрі екендігін тағы да бір рет растайды. Бизнес-инкубаторлардың негізінде жатқан негізгі принциптерін қарастырайық.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет