1. Тәрбиенің негізгі бағыттары бойынша тәрбиелік іс-шаралар үлгісінде педагогикалық картотека жасау



Дата16.02.2020
өлшемі111,84 Kb.
#58196
Байланысты:
Сөж педагогика 14

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

.

Тақырыбы: 1.Тәрбиенің негізгі бағыттары бойынша тәрбиелік іс-шаралар үлгісінде педагогикалық картотека жасау. 2.Тұлға тәрбиесінің табиғи және әлеуметтік негіздері мен даму механизмдерінің өзара байланысын тәрбие жұмысында ескеру туралы сынып оқушысының ата-анасына «таңдау бойынша ұсынатын» баяндама жасау

Начало формы

Конец форм Орындаған:Кәрімова Н. Т

Топ: КЯ-703

Тексерген:.Серікова Н .У

Семей 2019 жыл.

1.Тәрбиенің негізгі бағыттары бойынша тәрбиелік іс-шаралар үлгісінде педагогикалық картотека жасау

Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көз қарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті парасатты, ар ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің ірге тасын қалайтын негізгі қағидалар мыналар:



  • Тәрбиенің мазмұны, оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің негізі- адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық.

  • Үздіксіз тәрбиенің негізі –ұлттық тәлім-тәрбие.

  • Жас ұрпақты іс-әрекетпен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу.

  • Тәрбие-жүйесінің барлық буынында ана тілін пайдалану.

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді:

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

2. Рухани-адамгершілік тәрбие

3. Ұлттық тәрбие

4.Отбасы тәрбиесі

5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

6.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі



8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие



Іс-шара тақырыбы

Өткізілу формасы

Жетекшісі

1

Мәңгілік ел:«100 нақты қадам»

Салтанатты жиын

Мектеп организаторлары

2

«16 желтоқсан- Тәуелсіздік күні»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

3

«Бұрмаланған діни көзқарастардың алдын алу»

Кездесу ұйымдастыру

Мектеп әкімшілігі

4

«Тіл-тәуелсіздік тұғыры»

Конференция

Қазақ тілі және шет тілдері мұғалімдері



Рухани-адамгершілік тәрбие



Іс-шара тақырыбы

Өткізілу формасы

Жетекшісі

1

«Ұлағатты ұстаздар»

Мерекелік кеш

Сынып жетекшілері

2

«Мектепке  жол» 

Қайырымдылық акциясы

Әлеуметтік педагог

3

«Кітап –ақыл ойдың айдыны»

Қаладағы кітапханаларға саяхат

Сынып жетекшілері

4

«Зорлық-зомбылықсыз бақытты шақ»

Ойтолғау жазу  байқауы

Сынып жетекшілері



Отбасы тәрбиесі



Іс-шара тақырыбы

Өткізілу формасы

Жетекшісі

1

Қарттарым аман  сау жүрші!

Кездесу

Мектеп әкімшілігі

2

«Мен және менің отбасым»

Сынып сағаты

Сынып жетекшілері

3

«Бала тәрбиесі – баршаға ортақ»

Жалпы ата-аналар жиналысы

Мектеп тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

4

«Отбасы –бақыт мекені»

Сурет сайысы

Сынып жетекшілері



Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие



Іс-шара тақырыбы

Өткізілу формасы

Жетекшісі

1

«Біз таза ауланы қалаймыз!»

Сенбілік жұмыстары

Мектеп директоры, тәрбие ісі орынбасары

2

Сұлу қалам-Семейім!

Мәнерлеп оқу сайысы

Сынып жетекшілері

3

«Жол тәртібін білейік. Аман-есен жүрейік!»

Дөңгелек үстел

Мектеп тәлімгерлері

4

«Дұрыс тамақтануды насихаттау»

Сыныб сағаты

Сынып жетекшілері



Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие



Іс-шара тақырыбы

Өткізілу формасы

Жетекшісі

1

«Театр – мәдениет ошағы»

Театрға бару

Сынып жетекшілері

2

Алтын күз

Сайыс

Тәрбие ісі орынбасары

3

Құтты болсын Жаңа жыл!

Мерекелік шара

Мектеп директоры, тәрбие ісі орынбасары

4

“Өнерлі өрге жүзер”

Сынып сағаты

Сынып жетекшілері



Зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениет тәрбиесі



Іс-шара тақырыбы

Өткізілу формасы

Жетекшісі

1

Табиғатты сүйем,сұлулыққа бас ием» 

Сынып сағаты

Сынып жетекшілері

2

«Мамандық таңдауда әсер етуші факторлар»

Кездесу

Сынып жетекші және ата- ана

3

«Туған өлке  тарихын білесің бе?»

Дөңгелек үстел

Тарих пәні мұғалімдері

4

Ақпараттық технологияларының адамзатқа әсері

Дебат

Сынып жетекшілері

. 2.Тұлға тәрбиесінің табиғи және әлеуметтік негіздері мен даму механизмдерінің өзара байланысын тәрбие жұмысында ескеру туралы сынып оқушысының ата-анасына «таңдау бойынша ұсынатын» баяндама жасау.

Жастық - өмір циклінің белгілі бір фазасы, биологиялық тұрғыдан әмбебап, бірақ нақты жасерекшелігі шектелген, оның әлеуметтік мәртебесі және әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктері, әлеуметтік - тарихи болмысы бар және қоғам құрылымына, мәдениетіне және әлеуметтену заңдылықтарына тәуелді болады.

Әлеуметтенудің екінші агенттеріне оқу орнының әкімшілігі, өндіріс орындары, полиция, әскер, мешіттер, мемлекет, БАҚ қызметкерлері жатады.

Біріншіден, әрбір іс - әрекет түрлері мен оның әртүрінің арасындағы байланыстар жүйесінде бағдарлану. Ол әрбір жеке тұлға үшін маңызды іс -әрекет аспектілерін айқындаумен қатар, оны игеру арқылы іске асырылады, немесе мұндай бағдарлануды – іс - әрекеттің жеке тұлғалық атауы деп атауға болар еді.

Екінші – қарым – қатынас сферасыда іс - әрекетпен тығыз байланысты болғандықтан, оны кеңею және тереңдету бағытында қарастырады. Қарым – қатынастың кеңеюін, адамның басқалармен контактілерінің көбеюі, әрбір жас кезеңінде осы контактілер ерекшеліктері тұрғысынан түсіну қажет. Қарым – қатынастың тереңдеуін, ең алдымен монологтық қарым – қатынастан диалогтыққа көшу, партнерге бағытталуы, оны неғұрлым дәл қабылдауымен байланысты.

Бүгінгі жасөспірімдердің әлеуметтену мәселерінің көздері:

1.Интеллектуалды және физикалық күштің даму сәйкессіздігі және уақыттың шектеулігі, қажеттілікті қанағаттандыруда экономикалық лимиттің шектеулігі.

2.Өмірді қадірлемеу, пессимисттік көңіл - күйдің туындауына әкеледі. Возраст бескорыстных жертв, но и разнообразных злоупотреблений.

3. Жастыққа табиғи дисгормония тән. Тілек пен талпыныс мінездің күштілігі мен еркінен бұрын дамиды.

4. Абстрактілі идеалдар және өмірлік жоспарлар.

5. Бүгінгі өмірге(ата-ананың қамқорлығынсыз) әлеуметтік және психологиялық бейімделу қиындығы және бұл қамқорлықтан тезірек құтылуға деген тілегі.

6. Ересек ұрпақ құндылықтарына қарама-қарсы және өзгеше «өзінің» идеалын табуға талпыныс.

7. Эгоцентризм және «отарлық сезім», «бір құтыда», оған қоса өзінің бірегейлігін сезіну.

8.Өзі таңдау жасауға талпыну, бірақ оған жауапкершілікті мойынға алмау.

Жастарды тәрбиелеу мен әлеуметтендірудегі қайшылықтардың туындау себептері:

1) құндылықтар жүйесінің өзгеруі (бұзылуы), оның нәтижесінде аға буын жастарды жаңа өмірге үнемі толыққанды әзірлей алмайды;

2) қоғамның әлеуметтік құрылымының түп тамырымен және өте тез өзгеруі көптеген әлеуметтік топтарға қатты соққы болды;

3) Әлеуметтену факторы ретінде формальды және формалсыз бақылаудың әлсіреуі;

Тұлға дамуының педагогикалық мәнін анықтау үшін бірінші кезекте «тұлға» түсінігінің мәнін, оның «адам», «индивид» және «даралық» түсініктерімен ара-қатынасын, байланысын ашуымыз керек. Адам дамуында әрқашан бір-бірімен байланысты екі бағыт бар: биологиялық және әлеуметтік.

Даралық. Қысқаша айтқанда, бір адамды екінші адамнан айыратын даралық ерекшелік. Даралық мінез және темперамент, шығармашылық іс-әрекет және қабілеттер ерекшелігімен көрінеді. Абсолютті бірдей екі адам болмайды. Яғни, біз әр адамға өзіндік ерекшеліктері (психикалық, әлеуметтік) бар даралық ретінде қарауымыз керек.

Биологиялық (преформистер) бағыт өкілдері тұлғаны тек қана табиғи өнім ретінде қарастыра отырып адамның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын туа біткен қажеттіліктер, инстинктер ықпалы деп түсіндіреді (3. Фрейд) Адам қоғам талаптарына бағынуға және соның барысында өзінің табиғи қажеттіліктерін үнемі басып отыруға мәжбүр. Ол «адам өзімен өзінің осы күресін жасыру үшін «маска киеді» немесе қанағаттандырылмаған» табиғи қажеттіліктерін басқа бір іс-әрекет түрімен алмастырады»,- дейді. З. Фрейд адамның жүріс-тұрысы толығымен жыныстық инстинктен (либидо) тәуелді деп есептейді.

Әлеуметтік бағыт өкілдері адам биологиялық тіршілік иесі бола тұра өмір сүру барысында өзі қарым-қатынасқа түскен әлеуметтік топтардың ықпалы арқылы біртіндеп әлеуметтенеді деп есептейді. Тұлғаның даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым онда биологиялық ерекшеліктері анық көрінеді, бірінші кезекте иемдену, бұзу, қирату, жыныстық және т.б.инстинктер.



Қазіргі заманғы педагогика ғылымы тұлғаны биологиялықты әлеуметтіктен бөлуге болмайтын біртұтас жүйе ретінде қарастырады. Тұлға бойындағы биологиялық өзгерістер оның іс-әрекетіне ғана емес, өмір сүру бейнесіне әсерін тигізеді. Дегенмен, шешуші рольді әлеуметтік өмір нәтижелері (мотивтер, қызығушылықтар, мақсаты) атқарады. Олар тұлғаның бейнесін анықтай отырып дене (физикалық) кемшіліктері мен мінез ерекшеліктерін (қызуқандылық, ұялшақтық және т.б.) жеңуге мүмкіндік береді.Тұлға қоғамдық өмірдің өнімі бола тұра сонымен қатар тірі организм. Тұлға қалыптасуында биологиялық пен әлеуметтіктің қатынасы өте күрделі және адам дамуының әр кезеңіндегі, әртүрлі жағдайлардағы ықпалдары біркелкі емес.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақ отбасы. Х. Арғынбаев. «Қайнар» баспасы 1996ж. 
2. Педагогика.  Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова.  «Дарын» әлеуметтік –гуманитарлық университет 2004ж. 
3. «Бастауыш мектеп» журналы 1996ж. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет