Оқулық. Алматы, 518 бет


Мал фермалары мен кешендеріндегі ветеринариялық-



Pdf көрінісі
бет69/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

7.2. Мал фермалары мен кешендеріндегі ветеринариялық-
санитариялық нысандар
Мал фермалары мен кешендерінде жүргізілетін ветеринариялық-санита- 
риялық шаралардың тиімділігі тиісті нысандардың қызыметіне байланысты. 
Ол нысандарға жататындар - дезинфекциялық тосқауыл, санитариялық 
өткелек, оқшауханалар, карантиндік жайлар, көң қоймасы, санитариялық 
қасапхана (сою пункті), малды тоғытуға арналған жабдықтар (тоғытқыш), ет- 
сүйек ұнын өндіруге ар-налған шикізатты жинау пункті.
Дезинфекциялъщ тосцауыл
(дезтосқауыл). Фермаңың өндірістік аймағы- 
на көлік қақпаның аузындағы дезинфекциялық тосқауыл арқылы өтеді.
Дезтосқауылды жерді ойып, бетін бетондап жасайды. Оның жалпы ұзын- 
дығы 9-12 м , ал дезинфекциялық ерітінді қүйылатын бөлігінің ұзындығы 6- 
8м. Кіретін жэне шығатын екі жағы 1,5-2 м мөлшерінде жадағайланып барып 
бітеді. Дезтосқауылдың ені қақпаның енімен бірдей 3-3,5 м мөлшерінде. 
Ерітінді тұратын бөлігінің тереңдігі 35-40 см. Көлік жүріп өткенде шайқалған 
ерітінді кемерінен асып кетпеу үшін кіретін жэне шығатын екі жағы да жер 
бетінен дөңестеліп барып бітеді. Шұңқырдағы ерітіндіні ағызып жіберетін 
құбыр болуы керек. Дезтосқауыл формальдегидтің сілтілі ерітіндісімен 
толтырылады. Ерітіндіде 
3%
формальдегид жэне 3% күйдіргіш наір болуы 
қажет. Аталған заттарды 2 % -дан да алуға болады. Іс жүзінде бастапқы кездегі 
концентрациясы 3% -дан болып, пайдалана ксле 2%-ға дейін кемиді. Дез- 
тоскауылдың щұңқырын басқа да ерітінділермен толтыруға болады. Атап 
айтқанда 3% каустикаландырылған сода-сақар қоспасы, ксилонафт немесе 
нафтолизолдың 5%-ды эмульсиясы. Қысты күні ерітінді қатпау үшін оған 10- 
15 % мөлшерінде ас тұзын қосқан жөн. Дезтосқауылды бір рет толтыру үшін

* * 

10 м ерітінді кетеді. Дезтосқауылдың үстіне жауын-шашыннан сақтау үшін 
шатыр орнату керек.
Санитариялъщ өткелек
(санөткелек) - фермадағы маңызды санитария- 
лық объект болып табылады. Оның атқаратын қызметі: 1) көлік, құрал-сай- 
ман, тараны (ыдыс) жуып, дезинфекциялау; 2) адамдарды душ қондырғысы- 
нан өткізу; 3) жүмыс киімін жуып, дезинфекциялау.
Көлікке арналған санитариялық өткелек аэрозольді жэне суармалы дез- 
инфекция жасауға бейімделген. Ыдысқа арналған өткелек дезинфекциялық 
камера шектескен екі бөлімнен (таза жэне лас) түрады.
Өндірістік аймаққа өтетін барлық көлік алдымен жуылып, содан кейін 
2% формальдегид ерітіндісімен дезинфекцияланады. Жүмыс күні біткеннен 
соң ветсанөткелектің бүл бөлімінде фермадағы барлық көлік (жемшөп үлес- 
тіргіш, т.б) дезинфекцияланады.
Өндіріс аймағына өтерде барлық жұмыскерлер гардеробта киімі мен аяқ 
киімін шешіп, душ қабылдап, дезинфекцияланған жүмыс киімі мен аяқ киімін 
киюлері керек. Жүмыс біткен соң жүмыскерлер ветсанөткелек бөлмесінде 
жүмыс киімі мен аяқ киімін шешіп, жуып, дезинфекциялауға өткізіп, душ 
қабылдап, өздерінің киімін киіп фермадан қайтады.
94


Әр жүмыскерде екі дана жұмыс киімі болу керек. Жұмыс киімін вет.4 
санөткелекте _булы формалин, булы ауа камерасында дезинфекциялайды. Бұл 
камераның екі бөлімі (салатын жэне алатын) болады. Салатын бөлімнің есігі 
лас киімді сақтайтын бөлме жақта болады. Алатын бөлімнің есігі дезинфек- 
цияланған киім сақталатын бөлмеге қарайды. Аяқ киімді 2% формальдегид 
ерітіндісін шүберекпен сүрту арқылы дезинфекциялайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет