Оқулық. Алматы, 518 бет


Патологиялық-анатомиялық балау әдісі



Pdf көрінісі
бет57/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Патологиялық-анатомиялық балау әдісі. 
Патологоанатомиялық әдіс- 
тің жұқпалы ауруларға диагноз қою үшін көмегі зор. Жұкпалы ауруды балау 
үшін үш түрлі патологиялық-анатомиялық өзгерістерді ескеру қажет.
1. Инфекция қоздырушысының денеге енген жерінде болатын өзгерістер.
2. Инфекциялық процестерге тән деңедегі жалпы патологиялық-анато- 
миялық өзгерістер.
3. Жекелеген жұқпалы аурудың өзіне тэн телімді өзгерістері.
Жүқпалы аурудың қоздырушысы денеге енген инфекция қақпасында
эдетте бастапқы ошақ ңемесе бастапқы эффект пайда болады. Мысалы, 
өкпедегі немесе ішектегі туберкулез ошағы, аусыл кезіңдегі бастапқы афта 
(күлдіреуік), топалаң кезіндегі терідегі карбункул. Бастапқы ошақты толық 
жэне толық емес бастапқы кешен деп атайды.
Бастапқы толық кешен деп тиісті мүше мен оның маңындағы сөл түйіні 
бірдей зақымдануын атайды. Егер микроб енген жерде ақау болмай тек қана 
маңындағы сөл түйіні ғана зақымданса, онда ол толық емес бастапқы кешен 
болып табылады. Егер бастапқы ошақ бір ғана емес бірнеше мүшелерде 
болса, ондай ошақ күрделі бастапқы кешен деп аталады. Мысалы туберкулез 
қезінде өкпе мен ішек қатарыыан закымдануы мүмкін.
Инфекциялық процестерге тэн денедегі жалпы өзгерістерге мыналар 
жатады:
- қан жэне сөл айналымының бүзылуы;
- лимфоидты мүшелердің зақымданып, мононуклеарлы фагоцит торшала- 
рының көбеюі;
- ішкі ағзалардағы дистрофиялық өліеттену құбылыстары;
- кілегейлі қабықтар мен терінің зақымдануы.
Қан жэне сөл айналымының бүзылуы - ауру қоздырушысының жэне 
оның уларының қан тамырына жэне қан айналу орталығына әсер етуінің жэне 
аллергиялық реакциялардың нэтижесі. Геморрагия (қанталау) ауруды балау 
кезінде ескерілетін негізгі бір ерекшелік, бұндай құбылыс барлық жіті өтетін 
жэне бірталай созылмалы жүқпалы ауруларда кездеседі. Геморрагиямен қатар 
тері асты шелінің домбығуы жиі байқалады. Аллергиялық процестер кезінде 
қан тамырларының қабырғасында фибринозды өліеттену кездеседі. Жүректің 
қызметінің бұзылуы тоқырау қүбылыстарын тудырып, оның нәтижесінде тері 
асты шелі қабынып, сірілі қуыстарда транссудат жиналады.
Жүқпалы ауруларды балау кезінде лимфоидты мүшелерде болатын өзге- 
рістерге ерекше көңіл бөлінеді. Көкбауыр мен сөл түйіндерінің гиперпла- 
зиясы (үлғаюы) жүқпалы ауруларға тэн занды қүбылыс. Көкбауыр әсіресе 
жіті өтетін өлі тиген жүқпалы аурулар кезінде (мысалы, топалаң) өте зор өз- 
герістерге ұшырайды. Сондықтан да өлітиген көкбауыр деп бүл ағзаның шек- 
тен тыс ұлғайып, оның ұлпасының жүмсарып, кескен кезде қоймалжыңда- 
нуын айтады. Созылмалы аурулар кезінде (мысалы, жұқпалы анемия) ,көк- 
бауыр аздап қана ұлғайып консистенциясы нығыздалып, кескен кезде боза- 
рыңқы болады. Жаңа туған жэне көтерем болған жануарларда көкбауыр өзге- 
ріске аз үшырайды.
77


Дистрофиялық өліеттену процестері де :ауру қоздырушысы мен оның 
уларының эсерінен болады. Бұлар көбінесе өлітиген инфекциялар,1 токсикоин- 
фекциялар жэне сенсибилизация (сезімталдану) кезінде байқалады.
Жүқпалы ауруларды балау үшін гистологиялық зерттеулердің маңызы 
зор. Оның нәтижесінде төмендегі құбылыстарды анықтауға болады:
- инфекциялық патологиялық процестердің өршуі;
- иммунологиялық қорғаныс процестерінің дамуы;
- эрбір ауруға тән өзгерістердің білінуі, эсіресе вирустық аурулар кезінде 
байқалатын жасуша ішіндегі деңешіктер (тельца-включения). Ішкергі дене- 
шіктерді табу вирустық ауруларға түпкілікті диагноз қоюға негіз болады. 
Олар цитоплазмалық жэне ядролық болып бөлінеді. Цитоплазмада болатын 
денешіктер құтырық (Бабеш-Негри денешіктері); шешек (Болингер денешік- 
гері), грипп, парагрипп, сиыр обасы, пситтакоз кезінде кездеседі. Ядрода бо- 
латын денёшіктёр Борн ауруы, сиыр ринотрахеиті, жылқы ринопневмониясы, 
везикулярлық стоматит, кұс ларинготрахеиті кезінде байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет