Індет ошағынан басқа
аурудан сау емес пункт
деген ұғым: қалыптасқан.
Аурудан сау емес пункт болып індет ошағы бар елді мекен, шаруашылық
немесе экімшілік аймақ есептеледі. Аурудан сау емес пункт деген ұғымның
мағынасы онша нақтылы емес. Бұл негізінен экімшілік аймаққа сәйкес ұғым
және эрбір ауру кезінде оған деген көзқарас та эр түрлі. Мысалы бір үлкен
шаруашылықтың 3 мал фермасы болып, оның
біреуінде аусыл шыға қалса,
шаруашылық түгелдей аурудан сау емес деп есептелінеді. Ал топалаң байқала
қалған жағдайда, ауру шыққан ферма ғана сау емес деп саналады. Ең дұрысы
аурудан сау емес пунктті есепке алғаннан гөрі індет ошағы бойынша есеп
жүргізген дұрыс. Әсіресе, Қазақстан сияқты кеңбайтақ өлкеде бір іэкімшілік
территорияда індет ошағының бірнешеуі болуы жиі кездесетін жағдай.
Бір елді мекенде көптеген ұсақ шаруашылықтар
немесе әрбір отбасында
үй жануарлары болуы эдеттегі жағдай. Жүқпалы ауру шыға қалғанда елді
мекен түтасымен аурудан сау емес пункт, ал нақты ауру мал тұрған қора
жайлар індет ошағы болып саналады. Елді мекеннің індет ошағынан тыс
территориясы қатер төнген аймақ болып есептеледі. Себебі, ол жерде ауру
шығу қаупі өте жоғары жэне ондағы жануарлардың
аурудан сау екендігі
дүдэмэл. Сонымен жүқпалы ауру байқалған елді мекен немесе экімшілік
территория аурудан сау емес пунктке жатқызылады да, оның қүрамында бір
немесе бірнеше індет ошағы және оған қосымша қатер төнген аймақ болады.
Жүғымталдығы жоғары инфекциялар кезінде ауру шыққан елді мекен тұтас-
тай індет ошағы, ал онымен шекаралас елді мекендер қатер төнген аймақ
болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: