Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет38/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

4.7. Індеттенудің қарқыны
Індет процесінің қарқыны (интенсивтілігі) аурудың бір малдан басқа 
малға жұғуы жағынан немесе оның кеңістікте таралу ауқымы тұрғысынан 
болсын, эр түрлі ауруды былай қойғанда бір ауру кезінің өзінде барлық 
жағдайда бірдей болмайды. Бір жағдайда бірен-саран ғана мал ауырса, екінші 
жағдайда ауруға малдар жаппай шалдығады. Індеттің таралған аймағының 
ауданы да әртүрлі болады.
Сондықтан да қарқыны (таралу екпіні) және жайылу ауқымына бай- 
ланысты індет процесі үш түрлі болып кездеседі: аурудың бірең-сараң білінуі 
(спорадия), індет (эпизоотия) жэне лаң (панзоотия).
Спорадия 
(грекше 
sporadikos -
бірен-сараң, кездёйсоқ) жұқпалы 
аурудың аздаған, бірлі-екілі жануарларда ғана білінуі. Негізінен эрбір білінген 
ауру қоздырушысының бастауы ортақ емес, жеке-жеке боладьь Бұл індет 
процесінің ең төменгі дэрежедегі қарқыны. Негізінен спорадия ретіндё білі- 
нетін ауруларға сіреспе, боғлама, сиырдың спорадиялық энідефаломиелиті 
(Басс ауруы), зілді катарлы қызба, т.б. жатады. Бірақ аурудың спорадиялық 
түрде білінуі кейін оның жаппай таралуына әкеп соғуы мүмкін екендігін естен 
шығармау керек. Сондықтан спорадия кезінде де шұғыл түрде індетке қарсы 
шараларды іске асыру қажет.
51


Індет 
- (эпизоотия; латынша 
ері
- арасында, 
zoon
- жануар) індет про- 
цесінің орташа дэрежедегі қарқынмен дамуы. Індет кезінде жүқпалы ауру- 
дың мал арасында кең таралуға бейім тенденциясы байқалады. Ауру бара- 
бара сол отарды ғана емес кең алқапты қамтып, аудан, облыс масштабына, 
тіпті бүкіл елге жайылуы мүмкін.
Індет тек қана ауырған мал санының көптігімен ғана ерекшеленбейді. 
Індет кезінде барлық ауырған малдың ортақ бір инфекция қоздырушының 
бастауы жэне ортақ берілу жолы болады. Індет кезінде жаңа індет ошақтары 
пайда болады. Бұндай 
дисперсиабелъділік -
жүқпалы аурудың кең таралуына 
ықпал жасайды. Сонымен қатар індет кезінде аз уақытта көптеген жануарлар 
ауруға шалдығады. Бұны 
індеттіц тұтануы
немесе 
бүрцетпесі
(орысша - 
эпизоотическая вспышка) деп атайды. Індет ретінде көп аурулар тарайды 
(аусыл, топалаң, құс пастереллезі, шошқа обасы т.б.).
Лаң 
(панзоотия, латынша 
pan -
тұтас, жалпы) - індет процесінің ең 
жоғары қарқыны. Лаң кезінде жүқпалы ауру барлық малды дерлік дертке 
шалдықтырып, қауырт қарқынмен шалғай шартарапқа жайылып кетеді. Лаң- 
данған кезде ауру бірнеше елді, бүкіл құрлықты қамтиды. Лаң ретінде аусыл, 
шошқаның африка обасы сияқты аурулардың аса бір зілденген түрлері тарай- 
ды.
Қазіргі заманда халықаралық қауымдастық тарапынан жануарлардың лаң 
ретінде байқалатын жұқпалы ауруларының таралуына пәрменді тосқауылдар 
қойылады. Халықаралық індет бюросы мұндай аурулармен күреске ерекше 
мэн береді. Бұл тұрғыдан эмергентті ауруларға (ағылшынша -
emergency -
төтенше, оқыс) зор назар аударылады. Ондай аурулардың қоздырушылары 
бүрын белгісіз, немесе белгілі болғанымен қазіргі жағдайда басқаша көрініс 
беріп, індеттің ерекше қауіпті деңгейде таралуына себеп болады.
Індеттің аталған эр түрлі формаларын кей жағдайда бір-бірінен ажырату 
өте қиын. Олардың айырмашылықтары тек шартты түрдегі ұғым. Бұларды 
бір-бірінен ажырату үшін нақтылы індет ахуалының сандық жэне сапалық 
көрсеткіштерін ескерген жөн. Бүл жағынан індет процесінің статистикалық 
көрсеткіштері объективті ақпар бере алады.
Індет процесінің қарқындылығынан басқа энзоотия, маусымдылық, 
кезенділік деген үғымдар қалыптасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет