Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


ресей мен Қазақ хандығы арасындағы шегаралық қақтығыстар



Pdf көрінісі
бет22/196
Дата15.03.2023
өлшемі32,77 Mb.
#172634
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   196
Байланысты:
Снимок экрана 2023—01—17 в 17.53.40

5. ресей мен Қазақ хандығы арасындағы шегаралық қақтығыстар.
Қазақ хандығы мен Ресейдің дипломатиялық қатынастар орнатуға 
тырыс қан әрекеттеріне қарамай, шегара аймақтарында едәуір шиеленісті 
оқиғалар орын алды. Патша үкіметінің Еділ-Жайық аймағында өзінің 
жағдайын жақсартып, нығайта түсуі қазақ елі билеу-
шілерінің белгілі дәрежедегі қарама-қарсы іс-әре кетте-
рін туғызды. Ондай шиеленісті оқиғалардың орын алу-
ына, негізінен, мынадай жағдайлар себеп болды: 
бірін-
шіден,
мал жайылымы үшін күрес күшейді, 
екін шіден,
өзара мал барымтасы орын алды, 
үшіншіден,
қазақтар 
өз жерінде Ресей империясының әскери бекіністер 
55
75
80
85
55
50
85
80
Ертіс бекіністі шебі.
анықта!
Жіберілген 
елшіліктердің 
негізгі мақсаты.
есіңе сақта!
1716 жылы Ертістің жағалауына 
жәмішев 
және
 Омб
ы, 
1717 жылы – 
Железинск, 
1718 жылы – 
Семей,
1720 жылы – 
Өскемен, Чернорецк, Коряковск 
бекіністері
тұрғызылды. 
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Кни а
е
ста ена
иск
чите н
б аз ате н х
е
х
с
асн
иказа
инист а
б аз ани
и
науки
ес уб ики
Казахстан
т
17 
а
2019 
а
217


29
шебін салуына қарсы болды, 
төртіншіден,
қазақтар башқұрттардың патша үкіметіне 
қарсы күресіне жиі-жиі қатысып жүрді.
1723–1724 жылдары Әбілқайырдың 
әскерлері Жайық пен Еділдің екі орта-
сындағы бүкіл аумақты басып алды. Қа-
зақ тардың Жайық өзенінің бойындағы 
алқапта мәңгілік көшіп-қонып жүру құқы-
ғын белсенді түрде қорғаған Әбіл қайыр 
хан ның мына сөздері халықтың есін де 
ұмы тылмастай қалды: 
«
Жайық өзені
қашан сарқылып, арнасы кеуіп 
қал ғанша қазақтар оның бойынан кетпейді»
.
Орта жүздің әскери жасақтары да патша үкіметінің әскери-отаршыл 
күштерінің ілгері жылжуын тоқтатуға тырысты. 1731 жылы Омбы бекі-
нісінің маңында қазақтар мен жергілікті әскери гарнизонның арасында 
қанды қақтығыс болды. 
Патша үкіметі қазақтар тарапынан шегара шебіне шабуыл жасал-
уын тоқтатуға бағытталған шаралар қабылдаумен болды. Ол үшін бекініс 
қорғандар салуға кірісті, шегарадағы күзет әскерлерінің саны арттырылды. 
Қазақ ауылдарына дүркін-дүркін шабуыл жасалып тұрды.
?
1. Сен Қазақстанды Азияға шығудың «кілті мен қақпасы» деп есептейсің бе? 
Картаны пайдалана отырып, пікіріңді дәйекте. 2. Қазақ жерінде салынған бекі-
ністерді ата.
Бекіністер
Салынған жылы
Қорытынды жаса
Жайық өзені 
– 1775 жылға дейінгі Жайықтың (Орал) аты. Е.И. Пугачев көтерілісі 
талқандалған соң, оның есімін естен шығару үшін өзеннің атын ауыстырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет