135
неғұрлым құнарлы жерлер едi. Мәселен, қо ныс ауда-
рып келген шаруалар қорына деп Омбы уезiнде бүкiл
жер дiң 52%-ы, Қостанай уезiнде – 54%-ы,
Ақмола
уезiнде – 73%-ы тартып алынды.
5. Жетісу аумағына ұйғырлар мен дүнгендердің
қоныс аударуы.
ХІХ ғасырдың 70–80-жылдары пат-
ша үкіметінің бастамасы бойынша ұйғырлар мен
дүнгендер Жетісу жеріне қоныс аудара бастады. Бұған
дейін олар Қытайдың Іле өлкесінің аумағында тұрып келген еді. Ұйғырлар
мен дүнгендер ХVІІІ ғасырда және ХІХ ғасырдың бірінші жартысында
Қытай үкіметіне қарсы бірнеше рет көтеріліс жасады.
Олар өздерінің
ұлттық тәуелсіздігі жолында күресті. Алайда Қытай әскері оларды аяусыз
басып-жаныштады.
1881 жылы Қытай мен Ресей империясы арасында Санкт-Петербург
бейбіт келісімшарты жасалды. Ол бойынша ұйғырлар мен дүнгендер бір
жылдың ішінде Жетісу облысының аумағына қоныс аударуға құқықты
болды. Қазақстанға көшіп келген ұйғырлар мен дүнгендердің саны бір-
те-бірте арта түсті. 1897 жылы қазақ жеріндегі ұйғырлардың саны 56
мыңға, дүнгендер 14 мыңға жетті. Қоныс аударушылар негізінен Жетісу
аумағындағы Верный және Жаркент уездеріне орна-
ластырылды. Ұйғырлар мен дүнгендер егіншілік, бау-
бақша өсіру, ұсақ-түйек сауда жасау, басқа да әртүрлі
кәсіп түрлерімен айналысты. Жергілікті халық пен
қоныс аударып келген ұйғыр, дүнгендердің арасын-
да тату-тәтті бейбіт қарым-қатынас орнады. Әйтсе де
қазақтардың жер мәселесінің қиындап, нашарлай
түсуіне өз әсерін тигізді.
?
1. Та қы рып тың суреттері бойынша қоныс аударушылардың
қазақ даласына
қандай кө лікпен келгенін анықтаңдар. 2. Қазақстанның көпұлтты ел атануына
патшалық Ресейдің қоныстандыру саясаты қаншалықты әсер етті?
Жер көрiп қайтушылар
(ходоктар) – құнарлы жер көрiп, таңдау үшiн жiберiлген
шаруалар.
Байырғы (автохтонды) халық
– бұрыннан тұратын жергiлiктi халық.
Колпаковский герасим Алексеевич
(1819–1896) – Ресей империясы армия-
сының генералы. Батыс Сібір, Түркістан және Дала өлкелері әскери-әкімшілік
басшысы.
Достарыңызбен бөлісу: