Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


Патша үкіметінің әскери бекіністер желісін



Pdf көрінісі
бет22/197
Дата12.09.2023
өлшемі7,89 Mb.
#180807
түріКнига
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   197
Байланысты:
7 сынып Қазақстан тарихы

3. Патша үкіметінің әскери бекіністер желісін 
салуы.
Ресей империясы қазақ жерінде әскери бекі-
ністер желісін құра бастады. 1716 жылы көктемде 
И. Бухгольц отряды Омбы бекінісінің негізін қалады. 
Кейінірек, патша үкіметі қазақ-жоңғар әскери-саяси 
қайшылығы жағдайында Ертіс жағалауы аймағына 
басқа да бекіністер салды.
Бекіністердің арасында шағын 
бекіністер
мен ре
-
дуттар пайда болды. Жоңғар билеушілеріне бекіністердің салыну себептерін 
патша әкімдігінің өкілдері қазақтардың шапқыншылығынан қорғаныс 
деп, ал қазақтарға – жоңғар шапқыншылығынан қорғану шаралары 
деп түсіндірді. Алайда бекіністер Ертіс өзені бойындағы патшалықтың 
жағдайын күшейтуге қолайлы еді. Ондағы негізгі мақсаты Қазақ хандығы 
мен Жоңғар қоңтайшысына тиесілі жерлерді өзіне қосып алу еді. Бұл ту-
ралы орыс зерттеушісі 
Н. Коншин
былай деп жазды: 
«Ертіс бойындағы 
бекіністер шебі осылай құрылды. Оның міндеті – оң жағалаудағы жерлерді 
жоңғарлардан, ал одан соң көп ұзамай-ақ қырғыздардан (қазақтардан) 
қорғау еді».
Мұндай шаралар Кіші жүзбен шектесетін қазақ қоныстарының 
солтүстік-батыс шегарасында да жүргізілді.
4. ресейдің Қазақ даласына жіберген елшіліктері.
XVIII ғасырдың ба-
сынан Ресей мен Қазақ хандығы арасында елші алмасу күшейе түсті. 1716 жы-
лы қазақ даласында Тобыл бояры 
Никита Белоусов,
1717 жылы – 
Бо-
рис Брянцев
пен
 Федор Жилин
болып қайтты. 1719 жылы Зайсан көлі 
мен Қара Ертісті зерттеу үшін 
Колмаков, Урусов
және 
Сомовтың
же-
текшілігімен елшілік жіберілді. Барлық елшіліктердің жүру бағыттары 
ойталқы
Әскери бекініс тер 
неліктен Ертістің 
жағала уына 
салынды?
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


28
қазақ жері арқылы өтті деуге болады. Сауда 
қатынастары, одақ болу мәселелерімен қатар, 
Ресей Қазақ хан дығын өз қол астына қарату 
жолдарын да іздестірді. Патша үкіметінің 
бұл әрекеттері қазақ билеушілері тарапынан 
қарсылыққа ұшырап отырды. Шегара аудан-
дарында жерге талас негізінде шиеленісті 
оқиғалар болып жатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет