1. ұлы дала тұрғындарының шаруашылығы мен үй кәсібі . Далалықтар үшін малдың орны ерекше. Ол
көлік, азық, үй әбзелдері, киім, аяқкиім т.б. болды. Ол
туралы далалық тұрмыстың білгірі Ш. Уәлиханов былай
деп жазды:
«Көшпелі адам малмен ішіп-жеп, киінеді, ол үшін мал өз тыныштығынан да бағалы. Қырғыздардағы (қазақтардағы – авт.)
амандасу да: мал-жан аман ба? деген сөзден басталады» .
Қазақ халқының малшаруашылығы өнімдері күнделікті өмірде
кеңінен қолданылды. Мәселен, мал терісінен киім-кешек, аяқкиім, түрлі
ыдыстар т.б. даярлаған. Сүйек пен ағаштан күнделікті тіршілікке қа-
жетті, тұтынатын барлық заттарын жасаған. Жүннен және одан алынған
материал – киізден киім, аяқкиім, кілем және басқа да тұрмыстық зат-
тар әзірлеген. Жылқының жалынан мықты арқан, малдың мүйізінен
тарақтар жасалған.
Мал өнімдері мен шикізатты өңдеу және қайта
өңдеуден өткізу жеке отбасылық сипатта жүргізілді.
Қазақтар
күнделікті тұрмыс үшін қажеттінің бар-
лығын өздері даярлаған. Қалдықсыз өнім өндіру
олардың жоғары экологиялық және эстетикалық
мәдениетін білдіреді. Далалықтар үшін мал өнімінің
қандай да бір бөлігін керексіз етіп тастау ауыр күнә
саналған. Сондықтан оларда артық және қажет емес дүниелер болмаған.
Барлық мал өнімдері, тіпті оның қалдықтары да ішкі қолданыс пен
өндіріске пайдаланылған.
тірек сөздер: • Ұста
• Зергерлік
• Кілем
• Ою-өрнек
шығармашылықпен айналыс Материалдық мәдениет
үлгісінің суретін салып,
сипаттамасын айтыңдар.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217