Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет63/197
Дата12.09.2023
өлшемі7,89 Mb.
#180807
түріКнига
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   197
Байланысты:
7 сынып Қазақстан тарихы

расправалар
құруға 
үзiлдi-кесiлдi қарсы болды. 
Шегаралық соттың құрылуын пайдалана қойған старшындар жер тура-
лы, Едiл мен Жайық арасында қысқы кездегi мал жа йы лымының көлемiн 
ұлғайту туралы мәселе қоя бастады. Олар сонымен қа тар жайылымдарды 
жалға беру тәртiбiн жоюды да ұсынды. 
Қазақтардың Едiл мен Жайық аралығына жаппай көшуi бас тал ды.
Старшындар өздерiнiң талаптарын күшейте түстi. Олар Кi шi жүзден Ре-
сейге қашып кеткендерді қайтару мәселесiн де қоз ғады.
Игельстром старшындардың талабын iшiнара ғана қана ғаттандырды. 
Бiрақ қазақтардың шегара шебiндегi бекi нiстерге шабуыл жасауын 
тоқтатуды шарт етiп қойды. Қазақ старшындары бұған жа уап ретiнде шега-
ра шебiндегi әкiмшiлiк пен Орал ка зак тарының та рапынан қазақтарға күш 
көрсетiп, озбырлық жасауын тоқтатуды та лап еттi. Жаңа әкiмшiлiк ор -
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


67
ган – рас правалардың құрылуы сұлтан дар-
ды Кiшi жүз қазақтарын билеу жүйесiнен 
шет те туде елеулi рөл атқарды.
Бұл жағдай сұлтандардың патша үкi-
метiне қарсы наразылығын кү шейттi. Өйт-
кенi олар өздерiнiң артықшылықтарынан 
айырыла бас таған болатын. Сөйтiп, Кiшi 
жүзде өкiмет билiгiн жүзеге асыру мә се -
лесi жөнiнде сұлтандар мен старшындар 
арасындағы күрес одан әрi жалғаса түстi. Сырым батыр патша үкiметiнiң 
ықпалынан бiржолата шы ғып кетуге бағытталған шаралар қабылдай бас-
тады. Бұл әрекет патша үкiметiне мүлде ұнамаған еді. Игельстромның 
реформасы iске аспай қалды. 
Сырым Датұлы Хиуа хандығымен қазақтарға қару-жарақ, атты әс кер, 
азық-түлiкпен көмектесу жөнiнде келiссөз жүргiздi. Көтерiлiс жеңiлiп 
қалған жағдайда көшiп-қонып жүру үшiн Хиуа хандығының бiр шетiнен 
мал жайылымын беру жөнiнде өтiнiш бiлдiрдi.
Пат ша үкiметi қазақтардың Едiл мен Жайық 
аралығындағы мал жайылымдарын пайдалану құ қық-
тарына шек қоюға тырысты. Мұның өзi бұл аймақ-
тағы қарама-қарсылықты күшейте түстi. Қазақтар 
Орал шегара шебiндегi бекiнiстерге шабуыл жасауды 
жиiлетiп жi бердi.
1792
жылы С. Датұлы құрамында 1000 сарбазымен 
Елек
қор ға нысына
шабуыл жасады. Содан соң Крас-
ногорск бекiнiсiн бiр ден лап қойған шабуыл арқылы 
алмақ болды. Бiрақ мықтап ны ғай тылған бе кiнiс пен 
жақсы қаруланған қорғанысшыларға тап болған көтерiлiсшiлердiң жос-
пары жүзеге аспай қалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет