Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 Кенесары әскерлерiнiң ұлы жүз аумағына қарай шегiнуi



Pdf көрінісі
бет90/197
Дата12.09.2023
өлшемі7,89 Mb.
#180807
түріКнига
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   197
Байланысты:
7 сынып Қазақстан тарихы

8. Кенесары әскерлерiнiң ұлы жүз аумағына қарай шегiнуi.
Кенесары 
Са рыарқаны тас тап, көтерiлiс орталығын Жетiсу жерiне қарай ауыс-
тыруға мәжбүр болды. Сiбiрдегi өкiмет билiгi Омбыдан елеулi әскер кү-
шiн зеңбiректерiмен қоса Жетiсуға жедел түрде жiбердi. Азық-түлiктiң 
тапшылығы Кенесарыны егiншiлiкпен айна лысуға мәжбүр еттi. Күшi 
басым патша үкiметiнiң қы сым жасауымен Кенесары Iле өзенiнiң оң жақ 
бетiне өтiп, одан әрі Алатау дың етегiне көшiп барды. Ал патша үкiметi 
оған Кiшi жүз бен Орта жүз қазақта ры тарапынан көмекке келетiн жолды 
кесiп тастады. Ұлы жүздiң 
Сұ раншы, Байсейiт, Тайшыбек
сияқты ба-
тырлары көтеріліске қолдау көрсеттi. Көтерiлiсшiлердiң 
сиреп қалған қатарын то лықтырып, едә уiр күшейттi.
Кенесары Қасымұлы Қытайға барып, бой тасалай 
тұруды да ойла ды. Бiрақ оның бұл әрекетiн Қытай 
үкi метi қолдамады. Ресей им периясымен қарым-қаты-
насымызды бүлдiрiп аламыз деген қауiп пен Кенесарының өтiнiшiн 
қанағаттандырудан үзiлдi-кесiлдi бас тартты. Қазақтардың арасында 
беделi күштi әрi жауынгер ханды қа был даудың ешқандай да қажетi 
жоқ деп ойлады. Оның үстiне, бұл кезде Қытайдың өзi де қазақтармен 
дiнi бiр ұйғыр және дүнгендердiң кө терiлiстерiнен мазасы кетiп, қатты 
алаңдаулы еді.
9. Көтерiлiсшiлердiң Қырғыз аумағындағы қимылдары.
Кө те рі-
ліс шiлер қырғыз жерiне жақын келдi. Бұл кезде қырғыздар Қоқан 
хандығының ықпалында болатын. Хан солтүстiк қырғыз рулары н 
билеушi 
манаптардың 
өзiне бағынуын талап еттi. Бұл та лап тар патша 
үкiметiмен және Қоқан хандығымен одан әрi күрес жүр гiзу үшiн күш 
бiрiктiру қажеттiгiнен туған едi. Хан қырғыздарға арнаған үндеу iнде 
былай деп жазды: 
«Менiң мұнда келгендегі мақ сатым, сендермен жау-
ласу, қан төгiсу емес, қайта қазақтар мен қырғыздардың басын қосып, 
оларды күшейту болып табылады».
Қырғыздарда Шыңғысхан ұрпақтарына бағыну дәстүрi қалыптаспаған 
едi. Сондықтан да олардың ханға бағынуы, сөйтiп, өздерiнiң тәуелсiздiгiнен 
Патша үкіметінің 
жазалау шараларын 
анықтаңдар.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


95
айырылуы, әрине, қырғыз ақсүйектерiнiң ой ы на 
кi рiп те шықпағаны әбден табиғи нәрсе едi. Оның 
үстiне, қыр ғыздар Абы лай ханның қырғыз аумағына 
жасаған жорықтарын да ұмыта қо йған жоқ болатын. 
Қырғыздар патша үкiметiнiң Сiбiр әкiм шiлiгi та-
рапынан едәуiр қолдау табатынын да сездi. Омбыдан 
жіберілген Вишневский қыр ғыздарды Кенесарының 
ауылдарына шабуыл жасауға айдап салды. Қырғыз 
манаптары iрi тайпа өкiлдерiн құрылтай жиналы-
сы на ша қырды. Ықпалы күштi Орман манап бар-
лық қыр ғыздардың би леу шiсi болып тағайындалды. 
Құ рылтайға жиналған манаптар Ке несары ханның 
ұсынысын қабылдаудан ашықтан-ашық бас тартты.
1847 
жылғы сәуiрде Кенесары он мыңдай қолмен Қырғызстанның 
жерiне басып кiрдi. Қырғыздармен шайқас Ыс тықкөл мен Шу өзенiнiң 
жоғарғы ағысы аралығында Кекiлiк сеңгiр тауының қойнауында өттi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет