136
ҚАЗАҚСТАНдА КАПиТАлиСТІК ҚАТыНАС-
ТАрдың дАМуы
§37–38.
Бүгінгі сабағымызда капиталистік қатынастар дамуының Қазақстан эконо-
микасына тигізген ықпалын анықтаймыз.
Омбы уезiне қарасты Қызылағаш болысының №6 ауыл қыр ғыз дарын
(қазақтарын. – авт.) жерге орналастыру мәселесi
«Үстiмiздегi жылғы тамыздың алғашқы күндерiнiң бiрiнде осы ау ыл ға жерге
орналастырушы бiр шенеунiк келдi. Ауыл тұрғындары оның аты-жө нiн бiле
алған жоқ. Ол қырғыздарды жинап алып, олардың осы ауылдан 180 шақырым
алыс жаққа көшуi тиiс екенiн хабарлады... Оқи ғаның басы-қасында болған
адамның айтуынша, қырғыздар оны бастарын төмен салып, үн-түнсiз тыңдаған.
Ешкiм бiр ауыз да сөз айтпаған. Айнала төңiрек құ лаққа ұрған танадай үнсiз
тыныштыққа бөленген. Шенеунiк сөзiн одан әрi жалғастырып, ендi бұл жер-
ден сендерге ешқандай да жер берiлмейдi, оны күтiп босқа әуре болғанша, осы
бастан көше берiңдер дегендi айтқан. Қырғыздар сонда да үн қатпаған. Мына
хабарландыру оларға аспаннан жай түскендей әсер еткен, жү рек терi қысылып,
қатты қиналған. Бiрақ олар сонда да болса бұл жерден көшпеуге бекiндi. Ше-
неунiк жөнiне кеттi, ал ауыл адамдарының ұнжырғасы түсiп, ауыр уайым ның
ащы уын жұтқан бойы қала бердi».
Омбы хабаршысы, 1911, №191, 3-бет.
1. Ауыл тұрғындарының ұнжырғасы неге түсiп кеттi? 2. Қазақтар қайда
кетуi тиiс болды? 3. №6 ауыл тұрғындарының жерi кiмдерге берiлдi?
Ресей империясының экономикасы қарқынды дамып келе жатты.
Оған шикiзат көздерi, арзан жұмыс қолы және өндiрiлген өнiм түрлерiн
өткiзетiн рынок қажет болды. Патша үкiметi Қазақстанда да зауыттар
мен фабрикалар сала бастады. Табиғи шикiзат ты Қазақстан аумағынан
көптеп тасып әкету үшiн барлық жағдай жасалды. Қазба байлығы мен
ауылшаруашылық шикiзат өнiмдерiн өңдейтiн кәсiпорындар қатары
көбейдi. ХIХ ғасырдың екiншi жартысында Қазақстандағы шахталар
мен кенiштер орыс көпестерi мен кәсiпкерлерiнiң
қолында болды
.
Достарыңызбен бөлісу: