3
к i р i с п е
Құрметтi оқушылар! Сендер 6-сыныпта Қазақстанның орта ға сыр лар-
дағы тарихын оқы дыңдар. Түрiк қағанатынан бастап ХVII ға сырдың соңына
дейiн елiмiз басынан кешiрген тарихпен таныстыңдар. ХV ғасырдың орта-
сынан қалыптасып, ны ғайып, орталықтандырыла
бастаған Қазақ хандығы
туралы тың ғылықты бiлiм алдыңдар.
Қолдарыңдағы 8(7)-сыныпқа арналған оқулықта ұлы Ота ны мыз-
дың ХVIII–ХІХ ғасырлар аралығындағы тарихының
ма ңызды оқи ғалары
қамтылған. Мәселен, ХVIII ғасырдың бi рiншi жартысында халқымызды
аса ауыр зардаптарға душар еткен қазақ-жоңғар со ғыстары туралы оқып
бiлесiңдер. Ата-бабала рымыз қатыгез бас қыншылардың шабуылынан туған
жерiмiздiң әр сүйемiн қорғап қа луда ерен ерлiк пен теңдесi жоқ ба тырлықтың
ғажайып үлгiсiн көр сеттi.
Сонымен қатар оқулықтан қазақ халқының өз тәуелсiздiгiн жо ғалтудың
қиын да қарама-қайшылықты үрдiсi туралы да бiлетiн бо ласыңдар. Ресей им-
периясы Қазақстан аумағын өз қарамағына қо
сып алу жоспарын бiртiндеп
жүзеге асыра бастады. Осы жағдайда аса көрнектi мемлекет қайраткерi,
айбынды Абылай хан ел тәуел сiз дi гiн мүмкiндiгiнше сақтап қалуға күш салды.
Оған өз Отаны мен ха лқына адал берiлген сұлтандар, билер мен батырлар
көмектестi. Пат ша үкiметiнiң отаршылдық саясатына қазақ халқының айту-
лы аза маттары: Сырым Датұлы, Жоламан Тiленшiұлы, Исатай Тайман ұлы,
Махамбет Өтемiсұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы, Есет Кө тiбар ұлы, Кенесары
Қасымұлы және басқалар қарсы шықты.
Осы оқулықтан сендер Қазақстан жерiне әртүрлi ұлт өкiлдерiнiң қалай
қоныста на бастағаны туралы да оқып бiлесiңдер. Басқарудың отарлық си-
патта болғанына қарамастан, әртүрлi дiндер мен халық өкiлдерi арасында
түсiнiстiк негiзi қаланды.
Оқулықтың бұл басылымында тақырыптар тарихи оқиғалардың ретімен
берілді. Күрделі ұғымдар мен деректер жеңілдетілді.
Естерiңде болсын! Қазақстан тарихын терең оқып-үйрену өз Отаныңды
құрметтеп, мақтан тұту сезiмiн қалыптастырады.
Әр қайсың елiмiздiң та-
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
4
рихын жақсы бiлулерiң керек, сонда
ғана дұрыс бағыт-бағдар алып, өз
болашақтарыңды болжай аласыңдар.
Бұл – жаңартылған мазмұндағы оқулық. Оған мектептегi тарихшы
ұстаздар мен ата-аналар тарапынан алуан түрлi құнды ескертпелер, маңызды
ұсыныстар жа салуы әбден мүмкiн. Оның бәрi де ескерiлiп, келесi басылым-
дарда оқулықтың сапасын одан әрi жақсарта түсетiн болады.
Достарыңызбен бөлісу: