Ұстазым, сізге мың алғыс ! Мақсаты



бет1/2
Дата04.05.2024
өлшемі2,67 Mb.
#201748
  1   2
Байланысты:
Ашық тәрбие сағаты Ұстазым, сізге мың алғыс!


Ұстазым, сізге мың алғыс !
Мақсаты: Білім адамзат баласы бас иер асыл тұлға ,ұстаздардың ерен еңбегін, мол қадірін, тарихтағы баға жетпес орнын паш ету, жас ұрпақты ұстаздарды құрметтеуге, адамгершілікке сыйлап түсіне білуге үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білуге үйрету. Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, кеспе парақшалар, гүлдер, шарлар. Барысы: 1.Тәрбие сағатының ашылуы,Ұстаздарды мерекелерімен құттықтау. 2.Ұстаздарға арнау. (өлең оқу) 3.Топтық жұмыс.(сұрақтар мен тапсырмалар) 4.Ұстаздар құрметіне өнерлерін көрсету. 5.Қорытынды. Мұғалім: Надежда Құрметті ұстаздар, оқушылар! "Ұстазым, сізге мың алғыс!" атты мерекелік шоуды ашық дей отырып, қадірлі ұстаздар , сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрін сусындатудағы жас буынға дұрыс бағыт-бағдар беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін демекпіз!
Төл мерекелеріңіз құтты болсын аяулы ұстаздар! 1-жүргізуші: Нұрбол. Армызыздар ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын! 2-жүргізуші: Мадина. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуіріні темір балқытқан жұмысшыда, егін салып, мал бағып терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де ұстаздан білім үйреніп тәлім алған.Ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді. 1-жүргізуші: Нұрбол. Ұстаз, ұстаз қасиетті есімің, Құттықтайды барша халық осы күн , Өзің берген біліміңе қандырып, Талай ұлан шәкірттерді өсірдің. 2 -жүргізуші: Мадина. Айта берсек ұстаздарға тіл жетпеген, Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген, Айтыңызшы адам барма өмірде! Құрметті ұстаздар олай болса, 11-сынып оқушыларының құттықтауларын қабыл алыңыздар. Флешмоб (мұғалімдерді құттықтау) (слайд арқылы құтықтау). Мұғалімдерге арнау. 1-оқушы:Таңшолпан Ұстаз болу-жүректің батырлығы , Ұстаз болу-сезімнің ақындығы Ұстаз болу-мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы,- деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардын бар болғанын мақтаныш етеміз. Ербол: ұстаздардың әсерлі үнімен асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналықтың, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә,адамның жан дүниесін түсініп,енжітпей қателігін сезіндіре білу-бұл нағыз шеберлік емес пе? Ақсынай:Ұрпақ тәрбиелі ұстаздарға байланысты, «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің»дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Айгерім: О,ұстаздар, басымды ием сіздерге, Күллі әлемнің мұғалімдер күнінде Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз Сая тапсын ұлы ұстаздың жүрегінің түбінде. Руслан: Шәкірттер сіздерді айтып мақтанады, Бейнелерің жүректерде сақталады. Біз, жастар,биіктерден көрінеміз, Үмітпен сенімдерің ақталады. Мөлдір:Жақсылық атаулыға жарым жандар, Жамандық атаулыға қарсы жандар. Баланы сусындатып өсіруге, Білімнің бұлақ көзін арнағандар. Іңкәр:Мөлдір бұлақ сылдырлаған суымен, Ормандарың шулап жатыр нуымен. Ал баланың тәрбиесін беретін, Құттықтаймыз,ұстаздар мерекенің шарықтаған күнімен. (Осы оқушылар ұстаздарға өлең шумақтарын арнайды.) Таңшолпан: Еңбегін елі үшін аямаған, Панаңда сан шәкіртің саялаған. Бүгін де көшбасшының беделі асқақ, Бибігүл апай жан біткенді аялаған. Ербол: Келешекті кезінде, Кесіп айтар өзіңе. Өнеге көп сөзінде, Өсиет көп сөзінде. Көп шәкірттің досындай, Ақерке апай осындай. Ақсынай: Ақыл-кеңес көп қой онда ұққанға, Ардың туын асқақ ұстап шықты алға. Ана тілін ардақтауды үйреткен, Мың алғыс Айгүл апайға. Айгерім: Ештеңенің иісібармай мұрынға, Жүрген кезде кеше,бүгін,бұрын да. Әріптердің қыр-сырына қанық қып, Тәрбиелеген бас иеміз Галина апайға. Руслан: Теңейміз біз оны кейде жұлдызға, Үлгі тұтып келешек жас ұл-қызға. Дүние жүзінің географиясын жаттатқан, Жан жете ме жайсаң Ақсән апайға. Мөлдір аппақ сүтпен сіңген оған ар иба, Бұлкісіге жан жете ме ,дариға! Химиядан қиналмауды үйреткен, Жанат апай ақкөңіл де қарапайым қашанда, Іңкәр: Ала бөтен айрықша еді талғамы, Алғыс пенен абырой боп алғаның, Орыс тілңі аралатқан орманын, Орны бөлек жайсаң Әмина апайдың. Асылтас: Ұл-қызын мәпелеген аялаған, Шәкірттен қол көмегін аямаған. Бүгін де ортамызда Ұлмекен апай, Мектеп үшін еңбегін аямаған. Әсем: Атақ-даңқы аңыз болған талайға, Ағаларға баға беру оңай ма Тарихтың тағылымын үйреткен, Мың рахмет Нұрадин ағайға. М-мейірімді Ұ-ұлағатты Ғ-ғазиз А-ақылды Л-лайықты І- іскер М-маман Ән: "Ұстазым" орындайтын Шапағат пен Мөлдір. 1-жүргізуші: Нұрбол Тілейміз біз амандық пен бақытты, Тілейміз біз қуаныш пен шаттықты, Білім алған ұстаз деген ұлыдан, Біздей шәкірт шынында бақытты! дей келе келесі кезекті топтық тапсырмаларға береміз. Топтық жұмыс. 1-тапсырма : Топтастыру 1-топқа ұстаз қай кезде қуанады? 2-топқа. Ұстаз қай кезде ренжиді? 2-тапсырма: Жағдаяттық сұрақтарға жауап беру. 1) Сен өзіңе сабақ бермейтін ұстазбен сәлемдеспедің.Ол ұстаз бір күні сенімен бірінші сәлемдесті.Нені ұқтың? Ойың, әрекетің? 2) Сен тәртіпсіздік жасадың, қасақана істедің. Бірақ сені ұстазың "ол оқушы олай істемейді,тәртіпсіз оқушы емес" деп аяқтады. Сенің ойың,әрекетің? 3) Сен сабақтан себепсіз үш күн қалдың "Ауырып қалдың" деп жауап бердің, ұстазың сенің ауырмағаныңды білді. Ол саған "Денсаулығыңды күт,жөнді киініп, асыңды уақытында ішіп жүр, денсаулық болмаса сабақта оқи алмайсың,-деді. Не түсіндің ойың, әрекетің? 4. Сен тәртіпсіздік жасадың, ол қайталана берді, мұғалім бірінші күні ескертті, екінші күні ұрысты, үшінші күні ауыр сөздер айтты, қалай қабылдадың? Ойың, әрекетің? 5. Сен сабаққа спорттық киім киіп келдің. Мұғалім саған "спорттық киімді тек дене тәрбиесі сабағында кию керек "деді. Бірақ сен орындамадың.Үшінші күні мұғалім "спорттық киімің өте әдемі екен, қайдан алдың "деді.Түсінгенің, ойың, әрекетің? 3-тапсырма.Ұстаз еңбегінің бағаланып жанғанын қалай суреттеп түсіндірер едіңдер? 2-жүргізуші: Мадина Ұрпақпен өмір жолы жалғанады, Көңілде күндер тусын алдан әлі. Ән шашу әсем-әуен, түрлі өнер, Бүгінгі күн сіздерге арналады. 11- сыныптың ұстаздарға арналған өнерлерін тамашалайық. Композиция."Мұғалім монологы" (Естай, Ербол, Нұркен, Нұрбол, Досым) "Ұстазым менің " әнімен Шапағатты ортаға шақырамыз. 1-жүргізуші :Нұрбол. Асыға сәлем жолдап жүрекпен біз, Бірге өсіп ен жайлаған ұл мен қыз, Тәтті күй, асқақ ән мен әсем би, Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,- дей келе, алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған биші қызымызды ортаға шақырамыз (Хорезм биімен Асылтас). 2-жүргізуші: Мадина. Ұстаздар қандай ғажап халықсыздар, Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар, Жан біткен жанарына нұр сыйлаған, Күндей боп күлімдеген жарықсыздар. Мұғалімдермен ойын. Ортаға ұстаздарымызды шақырамыз. 1-жүргізуші: Нұрбол. Тұрарбек Мәдинаның орындауында ән домбырамен жырлайды. Мектеп вальсі. 1-жүргізуші: Нұрбол. Қиындықта кешіксең көп асуда , Қанша терің төгіліп жол ашуға, Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек, Сен өмірдің ұстазы боласың да. 2-жүргізуші: Мадина. Құрметті ұстаздар! Оқушылар арасында мына наминациялар бойынша сауалнама жүргізген болатынбыз.Сол сауалнаманың қорытындысы бойынша Жанат апай ең ақылды ұстаз номинациясы бойынша марапатталады, Ең сүйікті ұстаз Мағила апай, Ең қамқор ұстаз Ақсан апай, ең мейірімді ұстаз Бибігүл апай, ең сұлу ұстаз Лаура апай, ең белсенді ұстаз Айгүл апай марапатталады. Алғыс хаттарыңыз құтты болсын! 1-жүргізуші: Нұрбол. Мұстахи Мадина мен Мөлдір ән шырқайды. "Ұстазым менің ұстазым." 2-жүргізуші: Мадина 11- сыныптың жетекшілері ұстаздарды флешмобқа шақырады. 1-жүргізуші: Нұрбол. Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда, Күнім болып көріндің аспанымда. Білім болып егілдің жас жанымда, Гүлің болып төгілдің асқарыңа. Біз дегенде ұмытып бас қамын да, Қас қағымға қасыңнан тастадың ба?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет