Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5.2.5.3 тәсілдердің бірі бойынша жергілікті жердің түсірілімін (көз мөлшермен, полярлық, бағдарлық) жүзеге асырады
5.2.5.4 ресімдеу қағидаларына сәйкес жергілікті жердің қарапайым жоспарларын құрастырады
Сабақ мақсаттары
Оқушылар:
• жергілікті жер жоспарларына түсінік бере отырып көрсетуді ауызша жүзеге асыра алады;
• топографиялық диктантты жазбаша орындай алады;
Оқушылар:
• жергілікті жер жоспарларының тағайындалуын, олардың жетекші белгілерін түсіндіре алады;
• жергілікті жер жоспарларындағы географиялық нысандардың бейнелену тәсілдерін біледі, орындайды.
Пәндік лексика мен терминология: • көлденеңдер;
• абсолютті биіктік;
• азимут;
• жергілікті жерде бағдарлау ;
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: • Жергілікті жер жоспары бойынша арақашықтықты есептеу үшін...
• Жергілікті жер жоспарын құрастырған кезде төмендегідей талаптарды орындау міндетті...
Құндылықтарды дарыту
Құндылықтарды дарыту: топтық, жұптық жұмыстарды жүргізу барысында оқушылар бір - біріне құрмет көрсету, бір –бірінен үйрену арқылы жүзеге асырылады.