Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет75/197
Дата12.09.2023
өлшемі7,89 Mb.
#180807
түріКнига
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   197
Байланысты:
7 сынып Қазақстан тарихы

жұптық жұмыс
Реформаның 
мәнін тізбектеп 
шығыңдар.
ойлан!
Қамал-бекіністер 
салу неліктен қазақ 
халқының әлеуметтік-
экономикалық 
жағдайын күйзеліске 
жеткізді?
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


79
11. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы 
қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары. 
Ресей 
империясы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында 
Қазақстан аумағындағы отаршылдық іс-әрекеттерін 
күшейте түсті. Бұл қазақтардың жерін тартып алу 
барысында айқын көрінді. Патша үкіметі
Елек 
өзенінің
бойындағы Кіші жүз қазақтарының жерін 
қосып алып, жаңадан 
Жаңа Елек шебін
құрды. 
Жаңа Елек шебі 
Жайық, Елек, Құралай
және 
Бер-
дянка
өзендері аралығын қамтыды. Қазақтардың 600 мың 
десятинаға
жуық шұрайлы жері тартып алынды. Елек өзені бойында И
зобильная, Бо-
ранды, Жаңа Елек, Линев, Көмірлі, Вятлянская
және 
Бердянская
сияқты бекініс-қорғандардың 
негізі қаланды. Жаңа аймақтың аумағына әскери 
адамдар мен казактар, Ресейден қоныс аударып 
келген шаруалар орналастырылды. Мұның өзі 
төзімі таусылған жергілікті қазақтарды ашықтан-
ашық қарулы көтеріліске шығуға итермеледі.
1822 жылы табын руының батыры әрі биі 
Жоламан Тіленшіұлы
Ресейге қарсы соғыс жа-
рия лады. Елек өзені бойындағы жерлерді қай-
тарып алу жолындағы күреске басшылық етті. 
Жоламан батыр өзінің қол астына 3 мыңға жуық 
көтерілісшіні топтастырды. Ресей империясының 
жазалаушы әскері 1825 жылы көтерілісшілерге шабуыл жасап, қара-
пайым халықты аяусыз қырып-жойды.
Жоламан Тіленшіұлы көтерілісін қатаң жазалаған патша үкіметі 
қазақтардың байырғы қоныстарын кең көлемде тартып ала бастады. 
Қазақтар тағы да 4 миллионға жуық десятина жерінен айырылды. 1835 
жылы Ор және Троицк бекіністері аралығында өтетін шегаралық шеп 
қазақ даласының ішкі жағына қарай жылжытылды. 
Жаңашеп аймағы
құрылды. Осының бәрі отаршылдыққа қарсы 
жаңа көтерілістің тууына алып келді. 
1825 жылы көтерілісті Қарқаралы округі 
қазақтарының басқарушы сұлтаны 
Саржан Қа-
сым ұлы
басқарды. 1826 жылы Саржан Қасымұлы 
жасағы патша үкіметінің әскеріне қарсы ашық тан 
ашық шайқасқа шықты. Алайда олар жеңі ліс ке 
ұшырады. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы 
көтерілістер жеңіліс тапқанымен, қазақ халқының ұлт-азаттық күресі 
тарихында ерекше орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет